Басы » Tәрбие сағаттары » Денсаулығыңды шыңда

Денсаулығыңды шыңда

Толешова Бакыт Жетписбаевна
Павловка орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы:
Денсаулығыңды шыңда
Сабақтың тақырыбы: “Денсаулығыңды шыңда”
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін пысықтау «Денсаулық-зор байлық» дегенді оқушылардың түсінуіне көмектесу. Топпен шығармашылық жұмыс істеуге, ізденуге үйрету, сауатты жазуға баулу.
Дамытушылық: түрлі әдістер, сұрақ-жауап, ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың байқағыштығын, тапқырлығын, жылдамдығын, есте сақтау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік: балаларды сауатты өмір сүру және өз денсаулықтарын күтуге, қорғай білуге тәрбиелеу, өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Көрнекілік: үлестірмелер, денсаулық туралы ұлағатты сөздер, суреттер
Түрі: сайыс сабақ
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
Сұрақ-жауап бойынша оқушылар өткен тақырыптап бойынша сұрақтарға жауап береді. Әр топқа 2 сұрақтан қойылады.
1 топ:
1. Қазақстанның қандай спортшыларын білесіңдер?
2. Диалог дегеніміз не?
2 топ:
1. Ұлттық спорт ойындарына нелер жатады?
2. Диалогта қолданылатын тыныс белгелері.
3 топ:
1. Спорт қашан пайда болды?
2. Диалог. Мысал келтір
«Дені саудың-жаны сау»
1. Денсаулығымыз мықта болу үшін біз не істеуіміз керек?
2. Өмірімізді қалай ұзартуға болады?
Адамзат үшін ең маңызды мәселе ол денсаулық екені әрбір адам білуі керек. Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді.
3. Жаңа сөздермен жұмыс
Ережелерін сақтап соблюдая нормы
Емдәм диета
Міндетті обязан
Тынымсыз еңбегің арқылы благодаря неустанному турду
Ұзақ жасайсың долго будешь жить
Сарқылмас денсаулық безмерное здоровье
Шаршау уставать
Нәтижеге жету достигнуть результата
Дұрыс тамақтану правильное питание
Сайыстың 1 кезеңі «Ойлан тап , ізден, тауып жаз» деп аталады.
Әр топқа бір-бір конверттен таратылады. Конверттегі қиылған қағаздардағы сөздерден сөйлем құрыстырып, талдаулар жасау керек.
1 топ: «Тазалық-саулық негізі, саулық-байлық негізі» “Саулық ” сөзіне фонетикалық талдау жасау.
2 топ: «Тазалық-денсаулық кепілі» “тазалық” сөзіне морфологиялық талдау жасау.
3 топ: «Ауру қалса, әдет қалмайды» синтаксистік талдау жасау. Тақтаға әр топтан бір бала шығып, берілген талдаудың түрін көрсетеді.

Сайыстың 2 кезеңі. “Ойнайық та, ойланайық” деп аталады.
Бұл сайысымыз 4 бөлімнен тұрады.
1. Шешен
2. Жорға
3. Кім тез
4. Кластер құрастыру
1. Шешен. Денсаулық туралы мақал-мәтелдер
2. Жорға (Мәтінмен жұмыс)
3. Берілген сөздердің антонимін жазыңдар
 Ұзарту
 Тынымсыз
 Жақсы көру
 Қайратты
 Сау
 Жиі
4. Мына сөйлемдерлі қатыстыра отырып, диалог құраңдар
 Денсаулықты қалай сақтауға болады?
 Апай, менің тісім аурған емес
 Мен аяғымды ауыртып алдым
2 тапсырма. Орыс тілінен аудару (кәртішкемен жұмыс)
1 топтың кәртішкесінде:
Белгілі: (гигненическое, соблюдаю нормы диеты) өмірді ұзартуға болады
2 топтың кәртішкесінде:
Оны тек (благодаря своему неустанному труду) табасың
3 топтың кәртішкесінде:
Мен әр адам (120 и более лет вправе и обязон жить) дер едім
4. “Кім тез”
1 топ
 Емдәм
 Тынымсыз еңбек
 Шаршау
 Денсаулық
2 топ
 Ережелерін сақтап
 Ұзақ жасайсың
 Сарқылмас денсаулық
 Бас тарту
3 топ
 Нәтижеге жету
 Дұрыс тамақтану
 Міндетті
 Құқылы
Кластер құрастыру:
«Денсаулық» сөзіне кластер құрыстыру.
Адамның дені сау болу үшін не істеу керек?
«Денсаулық –зор байлық», «Дені саудың-жаны сау» деген халық қағидаларын естен шығарамағанымыз жөн. Шылым шегу, арақ ішу, есірткіге тәуелді болу сияқты жаман әдеттерден аулақ болуымыз керек.
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма
Қазақстан Республикасының атақты спортшылары туралу жазу

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *