Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Мектеп Есет мектеп-балабақша кешені
Алданова Анаргул Жумагуловна
Сабақтың тақырыбы Б дыбысы менн әрпі
Мақсаты: Б дыбысы мен әрпін таныту,ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
Б дыбысына қатысты жаңа сөздерді меңгерту арқылы оқушылардың ой-өрісін,
тілін дамыту.
Оқушылардыі табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру,оны қорғауға
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:суреттер,кеспе әріптер,жұмсақ ойыншықтар
Жүрісі: І.Ұйымд.б.
ІІ. Өткенді қайталау. «Моншақ құрастыру»
Кассадағы сөздерді оқыту.
Монша май адам маман
Моншақ шам қадам орамал
ІІІ. Жаңа сабақ.
Жұмбақ шешу
Ақ сарайын талқандап
Шықты біреу талтаңдап.
(Балапан)
Қызықтырып әркімді-ақ
Суда жүзер жалтылдап
«Б» әрпінен басталған
Сол жүзгіштің атын тап.
(Балық)
Тарбаң,тарбаң тарбиған,
Түрі жаман жарбиған
( Бақа)
Балалар, осы суреттегі атаулар қандай дыбыстан басталып тұр?
-Б дыбысынан басталады.
-Олай болса біз бүгін Б дыбысымен танысамыз.Кассадан Б әрпін алдырту.
-Б дыбысы қандай дыбыс?
-Дауыссыз дыбыс.
(Б дыбысын айтқызу)
Біздің бүгінгі сабағымызға балапан қонаққа келді. Біз бұл балапанды қамқорлыққа алып,қиын кезеңдерде көмектесіп,қорғауымыз керек.
-Балапан қандай дыбыспен келген екен?
-Б дыбысымен келді.
-Б дыбысымен буын құрау керек.Кәне кім көмектеседі?
-Ба,Бо,Бу Буындарды оқыту.
«Сөз ойла,көп ойла» ойыны.
Б дыбысы бар сөздерді кім таба алады?
«Балапанға қамқор бол» ойыны.
-Балапанға қорек тауып беру керек. Олар не жейді?
-Құрт,құмырсқа,қоңыз жейді.
-Олай,болса құрт-құмырсқа теріп береміз.
Жасырулы тұрған сөздерді оқыту.
Бала бата бор Бота
Баба бота бал Болат
Суретпен жұмыс
Сөйлемді оқыту
Болат, балапандарға қара.
Неліктен балапандарға қара дейді.Не болуы мүмкін?
Оны мысық жеп кетуі мүмкін.
Олай болса мысықты үркіту керек. Қалай үркітеміз?
Ән салып үркітіп жіберейік
Сергіту сәті
«Төлдер» әні
Осы төлдердің ішінде атауында б дыбысы бар сөздер бар ма?
Бұзау,бота.
Дәптермен жұмыс.
Б әрпін тақтаға жазып көрсету.
Ауада жазу
Дәптерге жазу
Дәптерімізді ашайық
Қолға қалам алайық
Салақтықтан қашайық
Әдемі етіп жазайық.
а) бастыру жұмысы
ә) өздері салу
б) суретпен жұмыс
Қорыту: Балапанын іздеп анасы келді. Анасы тауық «балапан» деген сөзден кім көп сөз құрастыра алады дейді.
Ала бал бала апа
Балапан
Апан ана пана
Біз балапанға қорегін тауып қамқор болдық,мысықтан қорғап аман алып қалдық.Анасы тауықпен аман сау кездестірдік.
Балапан бізге «Рақмет» айтып кетіп бара жатыр.
Мадақтау.
[bws_related_posts]