Арнаулы пән оқытушысы: Д.Қошманова
Тақырыбы : Ақпараттық жүйенің құрылымы
Мақсаты : а) білімділік : Ақпарат туралы білімдерін толықтыру
барысында, ақпараттық жүйенің құрылымымен
таныстырып,пайдалану мүмкіндіктерін айту. ә)тәрбиелік :Алған білімдерін практикада, өмірде өз бетімен қолдануға дағдыландыру ақпараттық жүйенің барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану біліктілігін қалыптастыру. Есте сақтау қабілетін дамыту.
б) дамытушылық : Оқушыларды жан – жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға, сауатты жазуын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың типі : Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, тест,компьютермен жұмыс.
Көрнекілік: компьютер,слайдтар.
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау Ақпараттық жүйе.
1) Сұрақтарға жауап беру
1. Ақпараттық жүйе дегеніміз не ?
2. Ақпараттың топтастыру жүйесі нешеге бөлінеді ?
3. Жүйенің басты мақсаты қандай?
4. Ақпараттық жүйенің даму сатысы қандай?
5. Браузер қандай қызмет атқарады?
2) Компьютермен жұмыс
ІІІ. Жаңа сабақ
Ақпараттық жүйенің құрылымы
1. Ақпараттық жүйенің құрылымы
2.Ақпараттық жүйенің үлгілері
Электрондық пошта Интернеттің аса маңызды ақпаратты ресурсі болып табылады. Электрондық коммуникациялардың жаппай көпшілік құралы болатындығына қоса, ол арқылы халықаралық компьютерлік екі ондығынан хабарлар қабылдауға не жіберуге болады.
Электрондық пошта көп жағынан кәдімгі пошта қызметіне ұқсас. Корреспонденцияны пайдаланушы өз жұмыс орнында пошта дайындау программасымен не кәдімгі мәтіндік редактормен дайындайды. Содан кейін пайдаланушы пошта жөнелту программасын шақырту керек, сол арқылы жөнелткіштік пошталық серверіне хабар жіберіледі. Ол өз кезегінде оны адресаттың пошталық серверіне жіберіледі, онда арнайы программа поштаны сұрыптаумен және ақырғы пайдаланушылардың жәшіктеріне жіберумен айналысады.
Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі – оның жылдамдығы. Бірақ оны көпшілік біле бермейтін басқа да ерекшеліктері бар. Электрондық поштаның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бірі сәтті болу қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша түрде жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе ары қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Электрондық поштаның хаттан да басқа сурет, бейнелік мәлімет, дыбыс, программа т.б. ақпарат түрлерін де тасымалдай алатын айту керек.
Осылардың бәрі де жер шарының кез келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізіледі. ІҮ. Бекіту
Төменде берілген пошта жәшігінің дұрыс атын табыңыз
mektep-170@mail.kz
Іздеу серверлері
www.google.kz
«Электрондық пошта» деген тақырыпқа қатысы бар деген сөздерді теріп жазып, олардың мағынасын түсіндіреміз:
файлдық, информатика, принтер, желілік қоршау, www, амалдық жүйе, браузер, компьютерлік вирус, электронды пошта, интерфейс, интернет, ревизорлар, домен, телеконференция, іздеу жүйелері
www
браузер
электронды пошта
интернет
домен
телеконференция
іздеу жүйелері
Ү.Қорытындылау
ҮІ. Оқушыларды бағалау
ҮІІ. Үйге тапсырма электрондық пошта ашып,мәліметтерді жіберу.(ұялы телефон немесе компьютер арқылы )
[bws_related_posts]