Басы » Блог » Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама

Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама

aizhanМаңғыстау облысы                                                             

№13 орта мектеп гимназиясы

  Сейниханова Айжан Салимовна

Сабақтың тақырыбы:     «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»                          

 «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан»

                                                                                                                                          Н.Назарбаев                                                             

Сабақтың тақырыбы:    «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  18ғ. қазақ  хандығының тарихына үңіле отырып, қазақ-жоңғар қатынастарын суреттеу арқылы халқымыздың басына төнген «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарын, сол кезі өмір сүрген еліміз үшін еренбей еңбек еткен ұлы тұлғаларымыз жөнінде оқушыға мол әрі жан-жағты мәлімет беру.

Тәрбиелік:  Отан тарихы арқылы оқушыны Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық:  Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарасын қалыптастыру, өзіндік ойлау қабілетін дамыту, сабақ үстінде тез ойлап, тез жауап беруге дағдыландыру.

Сабақтың түрі: интеллектуалды ашық сабақ.

Сабақтың әдісі:  оқушыларды үш топқа бөлу, викториналық сұрақтар, математикалық әдісті сұрақтар, интерактивті тақтамен жұмыс.

Көрнекіліктері:  ҚР картасы, рәміздер, слайд  «Қазақ жоңғар шайқасының шежіресі», «Жаужүрек – мың бала» фильмінен үзінді таспа, ұлы тұлғалар портреттері, Қожамерген жыраудың өлеңдері, «Елім ай» әні.

Сабақтың жүрісі.

1                    Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылармен амандасу, түгендеу, үш топпен яғни «Хандар», «Билер», «Батырлар» топтарымен таныстырып өту.

2                    Үй тапсырмасын «Кім шапшаң» атты үш деңгейдегі викториналық сұрақтармен тексеру.  Үш топ өзара тез ойланып, тез жауап беруі керек.

Бірінші — жеңіл деңгей:

  1. Тәуке ханның заңдар жинағы?
  2. Тәукенің тұсындағы бмлерді ата?
  3. Тәукенің тұсындағы хан ордасын ата?
  4. Тәуке ханның жасағы қаншаға дейін жетті?
  5. Отар дегеніміз не?
  6. Отарға антоним тап?
  7. Біздің «ата жауымыз» атанған ұлт?
  8. Қоңтайшы деген кім?
  9. Йоган Густав Ренат кім?
  10. Жұт деген не?
  11. Далай Лама деген кім?
  12. Жоңғар сөзі қайдан шықты?
  13. М.Мақатаевтің «Елім айға» ұқсатып шығарған өлеңі?

Екінші — орташа деңгей:

  1. 18ғ. басында қазақ хандығын басқарған кім?
  2. Батыр деген кім?
  3. Сепаратизм дегенді қалай түсінеміз?
  4. 1710ж. Құрылтай қайда өтті?
  5. Алғадай дегеніміз не?
  6. Жоңғар мемлекетін кім және қашан құрды?
  7. Жоңғарлардың әскері нешеге дейін жетті?
  8. Қазақтардың алғашқыда жеңілу себептері?
  9. Қалмақ хандығы қашан құрылды?
  10. Қалмақтардың күшеюі қай ханның тұсында?
  11. Бірінші Петр кімге қылыш сыйлады?

    Үшінші — қиын деңгей:

  1. Қазақ хандығының «алтын ғасыры» қай ханның тұсында?
  2. Жоңғарлардың қазақ жеріне көз тігу себептері?
  3. 1726ж. Ордабасыда қандай оқиға өтті?
  4. Бұланты өзенінде шайқас қай жылы өтті?
  5. Аңырақай түбіндегі шайқас қай жылы өтті?
  6. Неліктен үлкен жеңістерден соң қазақтар жеңіле бастады?
  7. Неліктен Ресей қалмақтарды қолдап отырды?
  8. Шаңды жорықта қалмақтарды кім бастады?
  9. Бұл жорықтың мақсаты қандай?
  10. Бұл жорық өз мақсатына жетті ме?

 3.  Жаңа тақырыпты меңгерту:

               Ақтабан шұб, Алқакөл сұлама   қазақ халқының тарихындағы 290 жыл толып отырған  ащы қасіретті, Отан басына күн туған аса қайғылы кезең. Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін Үш жүздің дербестеніп, бір бірінен алшақтануы Қазақ хандығының әскери саяси қуатын әлсіретті.          

                                       Қырылу Алакөлден басталып тұр,

                                       Қазақтар Ұраңқайдан жасқанып тұр.

                                       Ресей мен Қытайға арқа сүйеп,

                                       Жоңғар сұм сол екі елден күш алып тұр.

 

                  1723 жылы қанне қаперсіз елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұрттан қан жылатты. Яғни жау армиясы орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден оқ дәріні көптеп сатып алып отырды. Левшиннің және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда  Жоңғария қалмақтары  әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш , Қаратау бағытымен жылжып ( Қалдан Серен),  Алтай асып Көктал өзенімен ( Құлан Батыр), Нұра өңірін қанға батырып ( Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі  ( Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), Іледен өткен ( Цеван Рабдан) қолдары болатын. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып , Түркісттан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды. Ал қорғансыз халықтың шығыны бүдан да әлдеқайда көп болды. Абылай ханның айтуы бойынша сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Яғни бір миллион адам , халықтың 40%  қырылды.Тіпті жау келе жатғанын білдіретін биік төбелер басындағы хабар берілу үшін жағылатын оттар жанбай қалды.  Дүрліккен ел үдере көшіп, дүние мүлік, мал, жанына қарай алмай босып кетті, тіпті, бесіктегі бала, қария,кемпір шалдарға дейін жұртта қалып қойған кездері болды. Қазақ халқының бұл босуы тарихта «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен қалды. Орыс тарихшысы Левшиннің еңбегінде : « жаяу, жалаң аяқ босқан адамдардың табандарының тозығы жетіп, «ақ табанға» айналған» делінген.

                  Қорғануға мұршасы келмеген ел Талас,Боралдай, Арыс,Шыршық,Сыр өз бойында құлады.Ұлы жүз,Орта жүз Ходжент,Самарқан иеліктеріне, Кіші тжүз Бұқараға ауды.Шұбырған халықтың басым көпшілігі Алакөлге келіп құлады.Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде жоқ болу қаупіне ұшырады.Сондықтан халық бұл апаттың сырын түсініп,жасанған жауына қарсылық көрсетуден басқа амалы қалмағанын түсінді.

                              Жорықта жолың болсын азаматым,

                              Болыңдар жаудан кекті қайтаратын.

                              Кеудеңде шыбын жаның болса егер,

                              Жоғалтпа жер бетінен қазақ атын , — деп, Қожамерген,Тәтіқара,Бұқар сынды жырауларымыз халыққа рухани күш беріп, Толе би,Әйтеке би, Қазыбек билеріміз талай даушайқастарды екі ауыз сөзбен шешіп отырған. Ел бастаған Тәуке,Әбілхайыр,Абылай хандарымыз, қол бастаған Қабанбай,Бөгембай,РАйымбек,Наурызбай,Баян батырларымыздың арқасында кейін Бұланты,Аңырақайдағы ұлы жеңістерге әкеледі.

             Сол кезгі қасіретті көрмесек те көз алдымызға елестетейік,қазір таспаға назар аударайық: («Жаужүрек мың бала» фильмінен үзінді)

             Оқушылар осы тұста халықтың жүрегінде мәңгі сақталған ащы зар мен ауыр мұңға толы қандай ән дүниеге келді? (Оқушы «Елім ай» өлеңінен үзінді айтады)

Сонымен оқушылар Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама зардабын әкелген қазақ жоңғар шайқасы кезінде қандай тарихи тұлғалар есімдерін білеміз, олар несімен белгілі болды? («Хандар» тобы атына сәйкес Әбілхайыр,Тәуке,Абылай сынды хандардың халыққа жасаған қызметін, «Батырлар» тобы Қаракерей  Қабанбай, Қанжығалы Бөгембай, Шапырашты Наурызбай, Райымбек,Баян сияқты елін қорғаған батырларын, «Билер» тобы Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билердің даналығын суреттеп өтеді.  Бұдан соң оқушылар осы тұста және жаңа тақырыптан жазып-түйіп алғандары бойынша топталып бір-біріне өзара сұрақтар қояды. )

Оқушыларды аздап сергіту мақсатында «Кім жүйрік?» атты математикалық ойын жүргізіледі. Мысал тақтада көрсетіледі:    800 х 2+35= неше болады? Ол сан қандай оқиғамен байланысты?  Жауап: 1635 және бұл жылы Жоңғар хандығы құрылды.

850х2+10=1710 ( Қарақорымда жоңғарларға қарсы үш жүздің бас қосуы)

850х2+30=1730 (Аңырақай шайқасы)

800х2+28=1728 (Бұланты өз. Бойындағы шайқас)

100х2+90=290 (Ақтабан шұбырынды оқиғасына биыл290 жыл)

850х2+23=1723 (Ақтабан шұбырынды оқиғасы)

500 000х2=1 000  000 (Ақтабан шұбырынды жылдарындығы халық шығыны)

     4 .    Жаңа сабақты бекіту:   Интерактивті тақтада қазақ-жоңғар шайқасының шежіресі көрсетіледі. Сынып «Елім ай» әнін тыңдап отырып, шежірені көшіріп алады.

     5.   Сабақты қорытындылау:  Міне  оқушылар , тәуелсіздік бізге оңай жолмен келген жоқ. Қазағымыз талай-талай қантөгіс оқиғаларды басынан өткерді,  соның бірін біз бүгін қарастырып өттік. Яғни, бүгінгі ашық аспанымыз бен бейбіт күніміз —  тәуелсіздік үшін күрескен ата-бабаларымыздың арқасы екенін мәңгі ұмытпауымыз керек.

                   Тура келіп тарихи бір орайға,

                   Тәуелсіздік түсті деме оңайға,

                   Бастан өткен «Шұбырынды Ақтабан»,

                   Не көрмеді қазақ елі соны ойла!, — деп, оқушылардың сабаққа арнаған өлеңдерімен сабақты  қорытындылау.

1-оқушы: Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

                  Жұртым менің не қиындық көрмеді!?

                  Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

                  Сан перзентін қара жерге жерледі.

2-оқушы: Біз қазақпыз Қастерлеген баба салтын,

                   Аман бол, айналайын дана халқым.

                  Күн туса , атқа қонам бір сен үшін

                  Міне жалын, міне қолым, міне жаным.

3-оқушы: Тәуелсізбін, тәуелсізбін мен бүгін,

                  Келді міне азаттығым, теңдігім.

                  Бостандықта байлығым мен елдігім,

                  Шешіл енді, шемен болған шерлі үнім.

                  Тәуелсіздік туы бекем тұр Елім,

                  Жұмыр әлем жұдырықтай жүрегім.

                  Жайна жайна Қазақстан жаңа өмір,

                  Адамзаттың бақыты сен деп білемін.

4-оқушы: Жағасына жауының жетіп қолы,

                  Тартып алған тәуелсіз күшпен өткен.

                  Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы,

                  Олжа емес салбырап түскен көктен.

                  Қуаныш аралас қасіретпен,

                  Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен.

                  Еркіндік, ерлігін сақтау үшін,

                  Талай ердің бұл жолда басы кеткен.

6.  Бағалау.

7. Үйге тапсырма: «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» тақырыбына сөзжұмбақ дайындау.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *