Басы » Tәрбие сағаттары » Қош келдің, Әз –Наурыз!

Қош келдің, Әз –Наурыз!

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы
Шаймерденова Шынар Мұхтарқызы.
0 «А» Даярлық тобы.
Тәрбие сағаты «Қош келдің, Әз –Наурыз!»
Мақсаты:
Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Балалардың
ойлау, қабылдау, зейін қабілеттерін дамыту. Грамматикалық
талғада жүйелі сөйлеуге, мерекелік көңілін көтеру, елге деген
сүйіспеншілікпен бірге, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Наурыз мерекесіне арналған суреттер,
интерактивті тақта, киіз үй, шарлар, дөңгелек үстел, бесік.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
— Сәлеметсізбе, құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, Әз –Наурыз!» атты ашық тәрбие сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
— Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,
Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды!
Мал біткеннің бал татыған уызы,
Қуат болып қанымызға тарайды.
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.
«Аман ба» деп мал жаның?
Бір-бірімен төс қағысып жүреді.
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Ақ мол болсын!
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің!
ІІ. Әңгімелесу
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген
ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.
— Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын!
(бір ата-ана шашу шашады, музыка қосулы)
— Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
— Ал, енді біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады.

Тақпақтар
Айқын:
Армысыңдар ағайын!
Бармысыңдар ағайын.
Ұлыс бақты болсын!
Әр күніміз жақсы болсын!
Армысыңдар балалар!
Бармысыңдар халайық!
Бұл мереке, бұл тойдың,
Шашуларын шашайық.

Жасмина:
Ау, халайық, халайық,
Әсем әнге салайық.
Наурыз тойын көңілмен,
Бірге қарсы алайық.
Би биленсін қауым боп,
Уақыт болды тұрмайық

Тәрбиеші: — Балалар! Сендер білесіндерме? Наурыз мейрамы – жыл басы, яғни жаңа жыл. Ал Жаңа жылдың иесі кім екенін білесіндер ме? Дұрыс жылқы! Жаңа жылдың иесін қарсы алайық!
Құрық алып қолыма,
Қамшы салып торыға,
Жылқы айдаймын жайлауда,
Шаң ілеспей соңыма.
Көктемнің алғашқы күндерінен бастап жер бетіне қылтиып, бой көтеріп гүлдер өседі. Бұлар көктемнің алғашқы гүлдері деп аталады. Бұл бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ. (интерактивті тақтамен жұмыс)

Гүлнәз:
Ау, жараңдар, келіңдер!
Той қызығын көріңдер!
Наурыз айға бас иіп,
Күнге сәлем беріңдер.
.
4-ші бала:
Ата-бабам тойлаған,
Наурызым армысың!
Қызыққа еш тоймаған
Дархан дала, қарлы шың.

5-ші бала:
Наурыз шаттық әніміз,
Салтанатты сәніміз.
Ән салып жас –кәріміз,
Би билейміз бәріміз.
Би билейік ән салып,
Келді Наурыз, жар салып.
Жылда келсін Ұлыс күн,
Тұрайық есен қарсы алып.

6-шы бала:
Наурыз тойы — береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке,
Қызық думан құрамыз!

7 бала:
Ұлыс күні кәрі-жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасып көріскен.

Тәрбиеші: Көктем — жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл.
8 бала:
Ұлыс күні қар еріп,
Сай-салалар гүрілдер.
Көк шөбі шығып желкілдеп,
Дүние біткен күлімдер.
9 бала:
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбенен бірге жырлашы.
Дастарханына елімнің,
Береке – ырыс сыйлашы.
10 бала:
Тақпақ айтам, жыл басы,
Құлағыңды сал, тыңдашы.
Бар бөбекке өзіңдей,
Тыныш өмір сыйлашы.
11 бала:
Сәнді көктем — нұрымыз,
Наурыз тойы — жырымыз.
Көңіл гүлдей жайнасын,
Тіршілік жаңа оянсын.
12 бала:
Жарқыраған жас нұрлы,
Жаса, Наурыз дәстүрлі!
Бақытыма шалқыдым,
Ашылады нұрымыз.
Осынау байтақ елімде,
Айтылады жырымыз.
13 бала:
Бүршік жарып жапырақ,
Жаяды көктеп тал біткен.

Айран, сүтін көбейтіп
Көктемде төлдер мал біткен.

14 бала:
Сәулесі бар Наурызда таңғы үміттің,
Басын қосқан сан адам, сан ғұрыптың.
Ұлыстың ұлы күні паш етейік,
Белгісін достықпенен мәңгіліктің.
15 бала:
Әнім де саған, биім де
Құт қонақ өзің үйімде
Қуаныш сыйлап еліме,
Күлімде, Наурыз, күлімде.

16 бала:
Наурыз келді әнімен,
Салтанатты сәнімен
Қуантады біздерді.
Қыздарымыз әнімен.

Осы көктемдей құлпырған мың бұралған қыздарымыздың орындауында «Қамажай» биі.
17 бала:

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Деніміз сау, мықты болсын!
Еліміздің несібесі көп болсын!
Ұрпағымыз көбейіп, тоқ болсын!

18 бала:
Ілесіп наурыз бен көктем жетсін,
Көңілін үлкен-кіші көкке өрлетсін.
Еңсесі көтеріліп ер-азамат,
Ескі жылмен реніш, өкпең кетсін.

19 бала:
Наурыз-гүл көктем,
Сенде ай арайлы.
Күлімдеп күн көктен,
Нұр шашып қарайды.

20 бала:
Бусанып жерім бай,
Төсінде қалқыр ән.
Наурыз — көңілді ай,
Шаттығы шалқыған.

21 бала:
Наурыз келді — жыл келді,
Тірілтуге гүлдерді.
Сәнденеді аналар,
Сәбилермен бірге енді.

22 бала:
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Жас балаша нұрланып,
Жадырайды күніміз.

23 бала:
Күннің жаңа нұры бар.
Мұның ғажап сыры бар
Халық сүйген мейрам — бұл!
Қарсы алайық тұрыңдар.

24 бала:
Уа, халқым тоқ болсын!
Көйлектерің көк болсын!
Уайым-қайғы жоқ болсын!
Қуаныштарың көп болсын!

V. Ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру
Қазақ халқы қонақ күтуді де, қонақ болып қыдыруды да қызық көрген. Сондықтан қазақ халқының тойлары да көп болған. Бала он екі ай шамасында қаз тұрып, бір-екі аттап үстел жағалап жүреді. Осы кезде балаға арналған қазақ халқында «Тұсау кесер» тойы өткізіледі. Енді осы тұсау кесерді тамашалайық.
Би: Қара жорға.

25 бала:
Ұлыс бақты болсын!
Әр күніміз жақсы болсын!
Достығымыз берік болсын,
Өнер-білім серік болсын!

26 бала:
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қайда барсаң ақ жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт түлік ақты болсын! Әумин!

VI. Ұлттық ойын «Арқан тартыс»
Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс)
— Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар. Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз!
(балалар арқан тартысады)
Рахмет!
Тәрбиеші:

Жаз келер, қыстыгүні қысым кетіп,
Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп.
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,
Табиғат барша жанға рахым етіп.
Жетпекке үлкендікке жас балалар,
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп.
Шал-кемпір күн шуақтап, көңілі жай,
Өткен күн, өмірін айтып күбірлесіп.
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,
Қуанып ойнақтайды олар да өсіп.

Ортаға шығыс биімен қыздарымызды қарсы алайық
VII. Қорытындылау
Қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі – бата-тілек білдіру. «Сөз арқылы жаратушыға жалынып, жалбарынып ықпал етуге болады деп түсінген ата-бабаларымыз. «Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», «Баталы құл арымас» — деген ой-пікірді уағыздап, кейінгі ұрпағына ықылас білдіріп, ақ ниетпен бата беріп, тілек тілеуді дәстүрге айналдырған. Аиданың әжесінен бата сұраймыз.
Рахмет!
Ұлдана биші қызымыздың орындауында «Қуыршақ» биін қабыл алыңыздар!
Осымен, құрметті қонақтар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Назарларыңызға көп рахмет! Енді ақ дастарханымыздан дәм татыңыздар. Наурыз көжеге шақырамыз
[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *