Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы
Шаймерденова Шынар Мұхтарқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Ата-аналармен өткізілген тренинг сабақ
Тақырыбы: “Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер”
Тренинг мақсаты: Ата-ана мен баланың арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.
Сабақтың түрі: тренинг
Көрнекіліктері: Тақырып, қағаздар, жұмсақ ойыншық, газет, доп.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, ойын-жарыс
Тренинг бағдарламасы:
1.«Менің есімімді ата» жаттығуы.
2.«Бақытты отбасы» коллаж
3.«Көпір» жаттығуы.
4.«Жар» жаттығуы.
5.«Балаңызды танып біліңіз» жаттығуы.
6. Күн қорытындысы жаттығуы.
Тренинг барысы:
Кіріспе
Мейірімі мол ананың,
Жүрегі жылы, қолы кең.
Кең пейілді атаның,
Жүзі жылы, жолы кең.
Балалардың тілегі. (Балалар ата –ана жайлы тақпақтар айтады)
Тренингке бес отбасы қатысады.
Бағдарламамен танысу.
1.«Менің есімімді ата» жаттығуы.
Мақсаты: топты таныстыру, бір – бірімен жақындастыру.
Нұсқау: Қазір мына көңілді доп сендердің қолдарыңа тиеді. Бұл доп келген адам өз есімдерін айтуы тиіс. Доп барлығына тиген соң, доп бір қайта айналады. Сол кезде әрбір қатысушы тренингте қолданатылатын есімін айтуы тиіс.
Жаттығуды талдауы:
Бұл жаттығу қандай сезімдерді тудырды?
Қалай ойлайсыздар, біз не үшін бұл жаттығуды бірінші жүргіздік?
Гүлдердің суреттерін құрастыру:
Мақсаты: гүлдерді кұрастыру арқылы топтың атын шығару.
1-ші Бәйшешек тобы
2-ші Қызғалдақ тобы
3-ші Раушан тобы
4-ші Нәркес тобы
5-ші Түймедақ тобы
2.«Бақытты отбасы» коллаж
Нұсқау: Түрлі үй, тал, машина, ойын алаңы, гараж түрлі –түсті суреттерді алып, 5 топқа бөлініп, суреттермен плакатқа өз көзқарастарың бойынша «бақытты отбасын» бейнелеу қажет.
Талдау :
— Қай топтың отбасы бейнесі жақсы шықты?
— Бейнелеу уақытында қандай көңіл – күйде болдыңыздар?
— Қай топтың бейнеленген отбасы ұнады?
3.«Көпір» жаттығуы.
Мақсаты: Отағасы мен отанасын біріктіріп, өзара сенім жағдайын жасау.
Барысы: Ортаға бір сызық сызылады. Сол сызықтың Отағасы мен отанасын қарама –қарсы жүреді, екеуі сәлемдесіп, сызықтан шықпастан, келісіп, сызықтың аяғына дейін мейрімді сөздер айтып жүріп өтуі тиіс.
Соңында қандай көңіл- күйде болғанымен бөліседі.
4.«Жар» жаттығуы.
Мақсаты: Қарым — қатынасын нығайту, ұйымшылдыққа үйрету, жанашырлық сезімін дамыту.
Барысы: Ортаға бір сызық сызылады. Сызықтың оң жағында 4–5 бала тізбектеліп тұрады, ал сол жағынан бір бала балалардың қолдарынан ұстап, аяқ ұшымен жүріп өтуі қажет.
Талдау:
Соңында балалар мен жар шетінен жүріп өткен бала алған әсерлерімен бөліседі.
5.«Балаңызды танып біліңіз» жаттығуы.
Мақсаты: Белсенділерді анықтау.
Жүргізуші әкелерді ортаға шақырады.
Қатысушылардың көздері матамен таңылады. Содан соң әкелердің алдарына балаларын қойып денесіндегі киімдерін сипап-сезу арқылы табу.
Талдау:
1.Сізге балаңызды табуға не көмектесті?
2.Балаңыздың денесін ұстағанда не сезіндіңіз?
6.“Күн қорытындысы” жаттығуы.
Мақсаты: өткен тренинг туралы топ қатысушыларынан көңіл-күйге байланысты алған әсерлерін білу.
Нұсқау: Жайлы отырыңыздар, қазір біз бір — бірімізге жұмсақ ойыншық беріп, бүгінгі сабақ туралы әсерлеріңізбен бөлісеміз. Отағасы отанасына 8 наурызға байланысты тілегін айтсын, өз ойын бөліскісі келсе, мүмкіндік беру қажет.
Талдау:
Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар?
Өзіңізге қандай жаңалықтар аштыңыздар?
Нені болашақта қолданар едіңіздер?