Басы » Бастауыш сыныптар » Қарсы мәндес сын есім.

Қарсы мәндес сын есім.

guliaОңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы, Асықата кенті
«Жеңіс» мектеп – гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ділдабаева Гулия Абдразаққызы
Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім.
Сабақтың мақсаты: 1. Қарсы мәндес сын есімнің негізгі белгілерін меңгерту.
2. Қарсы мәндес сын есімнің өзіне тән қасиеттерін толығырақ игерту барысында сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарына көңіл бөле отырып, оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
3. Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, семантикалық карта.
Сабақтың түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану
Әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, түсіндіру
Формасы: жеке, жұптық.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Көршілеріңнің аттарының бірінші әрпіне байланысты сын есім айту. Рамазан- рақымды …
Дәптерді ашып, күн ретін жазу.
Көркем жазу минуты. Ж ж
Жақсы сөз –сүйіндіреді.
Жаман сөз – күйіндіреді.
ІІ. Өткенді қайталау сұрақтары.
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Қандай сұраққа жауап береді?
3. Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
4. Дара сын есім дегеніміз не?
5. Күрделі сын есім дегеніміз не?
6. Негізгі сын есім дегеніміз не?
7. Туынды сын есім дегеніміз не?
8. Сын есім сөйлем мүшесінде ненің қызметін атқарады?
9. Сын қай сөз таптарынан жасалады?
Өткен материалды бекіту.


Оңтүстік Қазақстан облысы
Мақтарал ауданы, Асықата кенті
«Жеңіс» мектеп – гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ділдабаева Гулия Абдразаққызы

Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім.
Сабақтың мақсаты: 1. Қарсы мәндес сын есімнің негізгі белгілерін меңгерту.
2. Қарсы мәндес сын есімнің өзіне тән қасиеттерін толығырақ игерту барысында сөздің лексикалық және грамматикалық жақтарына көңіл бөле отырып, оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
3. Эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, семантикалық карта.
Сабақтың түрі: аралас
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану
Әдісі: сұрақ-жауап, салыстыру, түсіндіру
Формасы: жеке, жұптық.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық. Көршілеріңнің аттарының бірінші әрпіне байланысты сын есім айту. Рамазан- рақымды …
Дәптерді ашып, күн ретін жазу.
Көркем жазу минуты. Ж ж
Жақсы сөз –сүйіндіреді.
Жаман сөз – күйіндіреді.
ІІ. Өткенді қайталау сұрақтары.
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Қандай сұраққа жауап береді?
3. Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
4. Дара сын есім дегеніміз не?
5. Күрделі сын есім дегеніміз не?
6. Негізгі сын есім дегеніміз не?
7. Туынды сын есім дегеніміз не?
8. Сын есім сөйлем мүшесінде ненің қызметін атқарады?
9. Сын қай сөз таптарынан жасалады?

Өткен материалды бекіту.
Семантикалық картамен жұмыс. №1
1-қатар
Семантикалық картамен жұмыс. №1
1-қатар

Өткен материалды бекіту.

Семантикалық картамен жұмыс. №1

1-қатар

 

Түсі

Салмағы

Көлемі

Сапасы

Дәмі

қызыл          
үлкен          
ауыр          
жақсы          
қышқыл          

 

2-қатар

 

көк

қара көк

тұщы

шұбар ала

үлкен-кіші

Дара сын есім          
Күрделі сын есім          

 

3-қатар

 

таза киім

сыйлас дос

көк аспан

гүлді көйлек

терең көл

Негізгі  сын есім          
Туынды сын есім          

ІІІ.  Жаңа сабақ.
Ой қозғау.

Заттарды көрсете отырып, жаңа сабақты түсіндіру.

Қарсы мәндес сын есім дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылар өз ойларын айтады. Ереже шығару.
Мағыналары бір — біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есімдер дейміз.
        

 

Оқулықпен жұмыс.
1 — жаттығу
Ұйқасын тап. Қарсы мағыналы сын есімдерге мақал табу.

Қара өрік пен сары өрік,

Ақ өрікті көріп пе ең?

Білсең, кәне айта ғой,

Не жасайды…?   (өріктен)

Өлеңнен сын есімдерді тап.

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді тауып, олардың қай сөз табы екенін анықта.

2-жаттығу.  «Сыңарын тап» ойыны   №2
Әр топқа жеке жұмыс беріледі. Мына сөздердің сыңарын тауып жаз
1-қатар: қатты, ірі, жарық
2-қатар: биік, ауыр, жақсы
3-қатар: оңай, жуан, қара
Осы сөздерге сөйлем құратып, сөйлем мүшесіне талдату.

Сергіту сәті.

Аяқпенен топ-топ-топ,
Алақанды соқ-соқ-соқ,
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда.
Қолымызды бір сілтеп,
Басымызды шайқайық,
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда.
Секіреміз жоғары,
Қиын емес секіру,
Бір оңға, бір соға,
Айналайық кел мұнда.
Бір оңға, бір солға
Айналайық кел мұнда.

4-жаттығу.  Сурет бойынша әңгіме құрастыр. Қарсы мәндес сын есімдерге мысал келтір.
6- жаттығу. Ауызша .    Ойын «Менің орным қайда?»

Адал –

Терең –

Таза –

Ауыр –

Әдепті –

Қымбат –

Сөз мерген  (мақалдар бойынша тапқырлық сайысы)
3 топқа тапсырма. 2 минут ішінде 10 сөз жазу  (5,6, 7 +30 сек)  №3

1-қатар: күрделі сын есімге сөздер жазу.

2-қатар: туынды сын есімге сөз тіркесін жазу.

3-қатар: қарсы мәндес сөздерге мысалдар жазу

Жазған сөздерін қатыстырып 3 сөйлем құрату.

Бекіту. 

Сын есім бойынша тест. (2 минут)  №4
1. Сын есімдерді тап.
а) менің, сенің

ә) қалың, жұқа
б) оқыған, тоқыған

в) жанында

2. Туынды сын есімді тап.

а) жақсы, жаман

ә) жылы, суық

б) ақылды, айлалы

в) ұзын, ұшқыр

3. Зат есімнен болған туынды сын есімді тап.

а) өнерлі, тасты

ә) жарық, қымбат

б) қатты, қою

в) тұнық, жұмсақ

4. Етістіктен болған сын есімді тап.

а) көмірлі, нулы

ә) парасатты, қымбат

б) атақты, күшті

в) сенгіш, білгіш

5. Қарсы мәндес сын есімді тап.
а) жақсы-жаман

ә) биік- жоғары

б) сұлу-әдемі

в) көк-көгілдір

Дұрыс жауабын оқушылар өздері тауып балл бойынша бағалайды.

Сабақты қорытындылау.

Данышпандар кітабы
Біз жасап тұрған өмір қарама-қарсылықтан тұрады. Күн мен түннің ауысуы, ыстық пен суықтың болуы табиғи болса, бейбітшілік пен соғыс адамның жақсы, жаман әрекетімен байланысты. Адам баласы көңіліне ақылды көп түйсе, білгір болатыны ал аз түйсе, надан болатыны анық. Адам өзінің оңы мен солын кішкене кезінен осылай таныса, әрине, оның жас шағы кемелдене отырып, ардақты кәрілікке жеткізетіні белгілі. (мәтіннен қарсы мағыналы сөздерді тапқызу)

— Не білдік?

— Не үйрендік?

— Не ұнады?

Оқушылар өздерінің осы сабақтан алған білімдері туралы айтып өтеді.
«Бағалау парағы» бойынша оқушылар өздерін  бағалайды.

Бағалау парағы

 

Тапсырмалар

Семантикалық карта

«Сыңарын тап» ойыны

«Лингвистикалық жаттықтырғыш»

10 сөз жазу

Тест

Бағасы        
   Жалпы ұпай саны:

Рефлексия.

Үйге тапсырма:  3 –жаттығу.

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *