Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы,
«№ 14 орта мектебі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі
Ибраева Гульмира Тельмановна
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Су түбінде асыл тас,Жел толқытса шығады.Ой түбінде асыл сөз,Шер толқытса шығады. Асан Қайғы
Мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларының тіл байлығын дамыту барысындағы жұмыстарды ұйымдастыру, білімге деген қызығушылығын арттыру
Міндеттері:
üЖас ерекшеліктерін анықтай отырып, қызығушылығына сәйкес материалдар дайындау;
üМатериалдарды технология негізінде іріктеу;
üСын тұрғысынан ойлау, дамыта оқыту, ойын технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың танымдық әрекетін дамыту және шығармашылыққа баули отырып, жазбаша-ауызша сөйлеу тілін дамыту;
üОрфографиялық, орфоэпиялық талаптарды ескеріп, сауатты жазуды дамыту;
üОқушылардың шығармашылық, логикалық ойлау дағдысын дамыту;
üОқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес даму мониторингін жасау.
[bws_related_posts]
very good