Атырау қаласы
И.Тайманов атындағы №27 орта мектебінің
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Ибраимова Клара Маккаримовна
Тақырыбы : Адамның жан сұлулығы
Мақсаты : оқушылардың адам жанының сұлулығы
туралы түсүніктерін кеңейту .
Міндеттері : — адамның «жан сұлулығы» ұғымының мәнін ашу;
— адам жанының сұлулығын көрсететін жақсы
қасиеттерін дамыту;
— жан сұлулығына жеткізетін ізгі істерге тәрбиелеу.
Тыныштық сәті: — Оқушылардың көңіл күйін көтеру,
ынтасын арттыру және сабаққа
әзірлеу мақсатында ән орындау.
Мәтінмен жұмыс: — Құрметті оқушылар алдыңғы өткен
« Әлім мен Жанар» әңгімесі бойынша
сұрақтарға жауап беріп көрейік.
Жанардың Әлімге ренжуі дұрыс па ?
Әлімнің қандай мінезі сендерге ұнады ?