Компьютерді озат меңгерген сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сайыс өткізу арқылы оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;
Дамытушылық: Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату
Тәрбиелік: Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс сайыс сабақ
Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер, слайд-шоу
Қатысушылар 8а,б сынып оқушылары.
Әділқазылар мүшелері:
- Оқу ісінің меңгерушісі
- Математика пәні мұғалімі
- Информатика пән мұғалімі
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Мектебімізде өтіп жатқан математика, информатика пәндерінің апталығына қош келдіңіздер! Міне бүгін сіздердің алдарыңызда 8 сынып оқушылары «Компьютерді озат меңгерген сынып» атты сайыста білімдерін сынамақ. Олай болса ойыншыларымызды таныстырайық. Әр сыныптан төрт оқушыдан шығады.
8 а сыныбынан:
1. Ағзамов Мейірман
2. Қайыржанова Тоғжан
3. Әділбек Бердос
4. Байжанов Әмірхан
5. Қайратбек Арайлым
8 б сыныбынан:
1. Қасымов Бахтияр
2. Шарипов Ерболат
3. Әбділдин Дархан
4. Бейілхан Дариға
5. Адамкулова Галия
Ойын барысымен таныстырамыз Слайд шоу
1-кезең. «Келесі» Информатика ғылымын жақсы меңгердік!
2-кезең. «Қай сөз артық?»
3-кезең. «Қатесін анықта»
4-кезең. «Копьютердің дамуын білеміз бе?»
5-кезең. «Жұмбақтас»
1-кезең. «Келесі». Сұрақ қойылады. Жауабын білмесеңдер, «Келесі» деп айтасыңдар, сол кезде сұраққа келесі сыныптың сайыскерлері жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан қосылады.
Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
- 1 килобайтта неше байт бар? (1024)
- Сурет салуға арналған программа (пайнт)
- Вирусты тауып, жоятын программа (антивирус)
- Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)
- Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)
- Компакт-дискіні оқуға арналған программа (CD-ROM)
- Дыбыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)
- Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)
- 1 Байтта неше бит бар? (8)
- Екілік жүйесінің сандары (0,1)
- Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (сканер)
- Есепшот Грецияда қалай аталды? (Абак)
- Принтерлер қандай түрлерге бөлінеді (Матрицалық, бүріккіш, лазерлік)
- Компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)
- Өшірілген құжаттар қайда сақталады? (себет)
- Екілік жүйесінің сандары (0,1)
- Өзін басқа программаларға енгізіп алатын кішігірім программа (вирус)
- Адам денсаулығына зиян келтіретін құрылғы (монитор)
- Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама (WORD)
2-кезең. «Қай сөз артық?». Тақтада 4 сөзден анаграмма түрінде берілген. Артық сөзді табу керек. Әр сөзге 2 ұпайдан, тапсырмаға 3 ұпай.
терчесвин – винчестер, такедис – дискета, акткомксиди – компакт – диск, сорецпро – процессор («процессор» сөзі артық. Ол ақпарат сақтайтын құрылғыға жатпайды.)
- рептьюкром – компьютер, тамикатема – математика, азакиф – физика, лиягоибо – биология («компьютер» артық. Л пәнге жатпайды.)
- марамгроп – программа, ныштақ – тышқан, дакротре – редактор,енюм – меню («тышқан» сөзі артық. Ол құрылғы.)
- малімғұ – мұғалім, инрпрет — принтер, ушықо — оқушы, кәртіш – шәкірт («принтер» артық. Ол құрылғы.)
3-кезең. Сайыс «Қатесін анықта»
Электронды поштамен келген хатқа вирус кіріп ақпаратты бүлдіріпті. Сіздердің мақсаттарыңыз бүлінген ақпаратты қалпына келтіру.
1-хат. Сканер мен пернетақтаны іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.
1-хат. Сканер мен мониторды іске қосып компьютерді қосу керек. Монитормен мәтін жазып, суретті компьютерге енгізу үшін принтерді пайдаланамын. Жазылған ақпаратты қағазға басып шығару үшін жүйелік блок қолданамын.
2-хат. Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторды пайдалануға болады. Мәтін жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе Wordpad стандартты программасымен сала аламын. Мұнда Word Art панелі арқылы әр түрлі суреттерді аламыз.
2-хат. Компьютерде мәтін жазу үшін Paint текстік редакторды пайдалануға болады. Мәтін жазу үшін сызғыш, өшіргіш құралдарын пайдаланамын. Ал сурет салғым келсе Wordpad стандартты программасымен сала аламын. Мұнда Word Art панелі арқылы әр түрлі суреттерді аламыз.
3-хат. Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар : Лазерлік, матрициялық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды Shift пернесін басып, жоюға болады. Функцияналдық пернелерге әріптер блогы жатады.
4-хат. Мен электронды кестемен жұмыс істегенді ұнатамын. Онда әр түрлі кестелер мен слайдтар жасауға болады. Дыбыс жазып, видео роликтерді көруге болады. Және де бұл программа арқылы интернет жүйесіне шыға аламыз.
4-кезең. «Компьютердің дамуын білеміз бе?»
Есепшот Грецияда қалай аталды?(Абак)
1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц қандай есептеуіш құралын ойлап шығарды?(Арифмометр)
Компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)
Алғашқы программист (Ада Лавлейс)
Компьютер шығаратын әйгілі ІВМ фирмасының негізін салушы
(Герман Холлерит)
Бірінші электронды машина (ENIAC)
А.С.Лебедевтің басшылығымен жасалған ЭЕМ-лар(МЭСМ, БЭСМ)
Американдық Герман Холлерит қандай құрылға ойлап шығарды?
(Есепші – перфорациялық машиналар)
Алғашқы «Қосу машинасын» кім ойлап тапты?(Блез Паскаль)
Алғашқы есептеу құрылғысы?(Саусақтар)
5-кезең. «Жұмбақтас». Екілік сана жүйесінде берілген сиқырланған есепті шешу керек. Бірінші болып шешкен топқа 10 ұпай беріледі.
Ол 1001 жаста болатын,
101 сыныпқа баратын.
Портфелінде 100 кітабы болатын,
Бұның бәрі ақиқат, жалған емес.
Он шақты аяқтың шаңымен,
Көшеде кетіп барады.
Бір құйрықты, бірақ жүз аяқты,
Күшігі артынан жүгіріп
Өзінің оншақты құлақтарымен,
Әр дыбысқа елеңдеп.
Күн қаққан он шақты қолдарымен,
Портфелі мен шылбырды ұстаған.
Оншақты көкшіл қара көздерімен,
Әлемге әдеттегідей қараған…
Әңгімеміздің мәнін түсінсеңіз,
Бәрі түінікті болады.
Ол 12 жаста болатын,
5 сыныпқа баратын.
Портфелінде 4 кітабы болатын,
Бұның бәрі ақиқат, жалған емес.
2 аяқтың шаңымен,
Көшеде кетіп барады.
1 құйрықты, бірақ 4 аяқты,
Күшігі артынан жүгіріп
Өзінің 2 құлақтарымен,
Әр дыбысқа елеңдеп.
Күн қаққан 2 қолдарымен,
Портфелі мен шылбырды ұстаған.
2 көкшіл қара көздерімен,
Әлемге әдеттегідей қараған…
Әңгімеміздің мәнін түсінсеңіз,
Бәрі түсінікті болады.
Әділқазы мүшелері оқушылардың жинаған ұпайы бойынша жеңімпаз сыныпты аяқтап, ең көп ұпай жинаған сыныпқа «Компьютерді озат меңгерген сынып» атағын береді.
3,5+4бүтін үштен бір