Сабақтың тақырыбы:Drape бағдарламасы.
Сабақтың мақсаты:Мұнда оқушыларға ақпарат және ақпараттық үрдiстер ұғымы қарастырылады. Нәтижесiнде әлемнiң ақпараттық құрылымын көру, ақпараттық үрдiстердi тану және талдау бiрлiктерiн қалыптастырады.
Дамытушылық:Ақпараттық әлем туралы түсiнiктi қалыптастыру, компьютердi қызметтiк құрал ретiнде сарамандық меңгеру, есеп шығаруда алгоритмдiк ықпалды дамыту.
Тәрбиелік мақсаты:Оқушылар жаңа ұғымды тез қабылдап және жаңа ақпарат пен жұмыс істеуге тәрбиеленеді.
Сабақтың типі:Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың түрі:”Сын тұрғысынан ойлау «.
Көрнекі құралдар:Слайд-шоу.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезең:Бүгінгі күн.
1.1.Сәлемдесу.
1.2Оқушыларды түгендеу.Журнал толтыру.
1.3.Бүгінгі сабақтың мақсаты мен міндеттерін,барысын түсіндіру.
Drape iске қосқан кезде, экранда бізге жұмыс істеу үшін қажетті терезе пайда болады. Drape терезесiнiң көлемдік өлшемi 800х600. (сурет1).
Сурет 1. Drape бағдарламасын iске қосу.
Ескерту: оның өлшемін өзгертуге болмайды өзгертуге болмайды.
Бағдарламасының негізгі элементтері
- Жоғарғы жақтағы батырмалар (программаларды әртүрлi тәсiлдермен қосу, сақтау және басқару үшiн қолданылады ),.
- Оның астындағы (облыс, үш бөлiкке бөлiнген. Олардың iшiнде әртүрлi командалар орналасқан. )
- Оның оң жағындағы ақ облыста (сiз құрған программа бейнеленедi (қадамдап салыну жолы). Көрініп тұрғандай, әр программа максимум алты процедурадан жазылу мүмкiн.)
- Процедуралар (түстi ромбтармен белгiленедi, олардың оң жағындағы сұр түсті облыста әр түрлi командалар орналасады. Ағымды процедура қара сызықпен шектеледi, және программаны қосқан кезде оның орындалуы осы процедурадан басталады. )
- Процедуралардың сол жағында қоржын (орналасқан, оған процедурада керек емес командаларды алып тастауға болады.Мұндағы әрекеттердің барлығы тышқанның көмегімен жүзеге асады. Керекті команданы таңдап алу үшін, оны тышқан батырмасымен іліп алып, қажетті процедураға апарып қою керек.)
ПРОГРАММАНЫ ІСКЕ ҚОСУ БАТЫРМАЛАРЫ.
Программаны құрған кезде, оның нәтижесін көруге болады. Бұл жерде бір ереже бар, оны ұстансаңыз көп кішігірім қателерден ақтанып, уақытты үнемдейсіз. Программаны іске қосудың алдында, қай процедура ағымды болып тұрғанын тексерген жөн., содан кейін қажетті процедураны орындаңыз. Бұнын бірнеше тәсілдері бар:
ü Программаны орындау үшін, яғни нәтижені көру үшін, батырманы басу керек. Бұл кезде программа қадамдап жәйменен орындалады. Программаны іске қосқан кезде, орындалып жатқан процедура үстінен кішкентай қызыл ұшбұрыш пайда болады, ол программа орындалу қадамдарын көрсетіп отырады.
ü Егер программаның одан да баяу орындалу үшін, пауза батырмасын басып, келесі батырманы қолдансаңыз, онда программаның орындалуын қадам бойынша көруге болады, ал бұл өте ыңғайлы, егер программа алдын ала сіз ойлаған әрекеттерді орындамаса.
ü Ал егер программа өте баяу орындалып жатса, онда оның орындалу процесін батырма арқылы жылдамдатуға болады.
батырмасы программа орындалуын тоқтатады. Drape бағдарламасынан шығу үшін батырманы басу керек.
Енді сабағымыз түсінікті болуы үшін осы бағдарламада суреттер салып көрейік.
Мысалы:Квадрат
Сурет-1. Квадратты салу.
Орындалу ұйғарымдары
Орналасқан бөлігі атауы:Бірінші процедура шақыруда орналасқан
— толық сызық (7 pixels).
-бір қадамға сызықты салады.
—90 градусқа бұру (сағат көрсеткішіне кері).
Алып шығу және орналастыру: Ең алдымен,аспаптар тақтасынан бірінші толық сызық таңдап аламыз. Түс таңдау үшін, тышқанның сол жақ батырмасын ұстап тұрып, жұмыс аумағының төменгі жағындағы жолаққа әкеліп қоямыз. — бір қадамға сызықты
құралын қолданамыз,дәл солай тышқанның сол жақ батырмасын ұстап тұрып, жұмыс аумағының төменгі жағындағы жолаққа әкеліп қоямыз.
—90 градусқа бұру (сағат көрсеткішіне кері) құралын дәл солай тышқанның сол жақ батырмасын ұстап тұрып, жұмыс аумағының төменгі жағындағы жолаққа әкеліп қоямыз.
Мысал: Дөңгеліктің ішіне үшбұрыш салайық.
Ол үшін:
—Өлшемді екі есе өзгерту.
—Өлшемді үлкейту.
— Түсті орнату. Бұнда түстердің палитрасы кең, сізге тек қана түсті таңдау ғана қалады.
—Ағым түсін қызылға өзгерту
— Боялған дөңгелек салу.
-Өлшемді екі есе кішрейту.
-Өдшемді кішрейту.
-90 градусқа (сағаттың бағыты бойынша).
— Ағымның түсін көкке өзгерту
-Боялған ұшбұрыш салу.
Нәтиженің пайда болады.
Сурет-2 Дөңгеліктің ішіне үшбұрыш салайық.
Орындалу ұйғарымдары
Қортындылай келе, бүгінгі біздің өткен сабағымыз бойынша:біз Drape бағдарламасымен таныстық. Осы бағдарламаның көмегімен әр түрлі суреттер салуға болатынын білдік.
Үй тапсырмасы:Сурет салып келу.