Басы » Бастауыш сыныптар » «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайысының әзірлемесі

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайысының әзірлемесі

Қарағанды облысы,
Жезқазған қаласы
,
«Қ.И.Сәтбаев атындағы  №7 мектеп- лицейі» КММ
Жоғарғы деңгейдегі бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі  

Козыбаева Гульнур Жумабековна

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайысының әзірлемесі

 zhuzden

Мақсаты: балалардың тіл туралы танымдық деңгейін көтеру, білімді, жан- жақты болуға үйрету, бірнеше тіл білуге, үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой- өрісін, ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа, шапшандыққа баулу, балаларды озық ойлы оқушы болуға тәрбиелеу

Көрнекілік: интерактивті тақта, слайдтар, компьютер, үнтаспа, көрме материалдары, портфолиолар,банерлер,буклеттер.

Барысы

Мұғалім.

Қайырлы күн, құрметті көрермендер, қонақтар, сайыскерлер! 2012-2013 оқу жылын қорытындылау мақсатында өткелі отырған «Біздің сыныптың бір жылдығы» аясында «Тұлға бойындағы құндылықтардың тәрбие арқылы берілуі» тақырып шеңберінде ұйымдастырылып отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

«Біз бәріміз бір атаның- қазақ халқының ұрпағымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу: ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар: ол тәуелсіз Қазақстан»- деген болатын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Олай болатын болса тәуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарынан күтер үміті зор. Ол жас ұрпақ мына сіздерсіздер! Сіздер елбасымыздың, ата- аналарыңыздың, ұстаздарыныздың үмітін ақтайды деген сенім білдіре отырып сайысымызды бастайық. Бұл сайыста сіздер бойларыңызға, ойларыңызға қандай білім, ілім түйгендеріңізді байқатады.

Сайыста екі тап сынға түседі. Әр топтың аты, ұраны болу шарт. Ойын 7бөлімнен тұрады

І. Жедел жауап

ІІ.Тіл- өнер

ІІІ.Бәрін білгім келеді

ІV.Қызықты ұйқастар

V.Мықты болсаң, тауып көр

VІ. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»

VІІ. «Әнді сүйсең менше сүй»

І топ: «Бәйтерек»

Ұраны: «Бірлікті бірді жығады, білімді мыңды жығады.»

ІІ топ «Сұңқар»

Ұраны: «Пайда ойлама, ар ойла,

Талап қыл артық білуге.»

Бұл ойында балалар өз білімін пайдаланып, санасының өскенін, сөз байлығының молдығын көрсетеді

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- демекші, қазылар алқасын таныстырып өтейін.

  1. _________________________________________________________________
  2. _________________________________________________________________
  3. _________________________________________________________________

 

Ал, қанекей, келіңдер,

Біріңе-бірің еріңдер.

Біліміңізді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер,- дей келе ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін.

 

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер,- деп сайсымыздың алғашқы шарты «Жедел жауап» бөлімін бастаймыз.

І бөлім: Жедел жауап

Бұл бөлімде әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі. Оқушы жауап бере алмаған жағдайда келесі ойыншы жауап беруге мүмкіндігі болады.

І топқа:

  1.  Қазақстан астанасы қай қала? (Астана)
  2. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент)
  3. Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Юрий Гагарин)
  4. Қазақтың атақты күрес шебері (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
  5. 1- маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)
  6. ССРО- Германия соғысына  қатысқан шығыстың қос шынары ( Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)
  7. Қазақтың ұлттық аспабында орындалатын шығарма (Күй)
  8. 2012 жылы Лондонда өткен олимпиаданың  ауыр атлетикадан чемпиондары (Илья Ильин, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Зулфия Чиншанло)
  9. Қазақстан Әнұранының авторлары кімдер? (Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев)
  10. Абайдың шын  аты кім? (Ибраһим)

 

ІІ. топқа:

  1. Қазақстан рәміздерін ата. (Ту, Елтаңба, Әнұран)
  2. Қазақ халқы өзінің тұңғыш Президентін қашан сайлады? (1991 жылы 1- желтоқсан)
  3. Қажыл қай жыл? (Жылан)
  4. Алғаш ғарышқа ұшқан қазақ? (Тоқтар Әубәкіров, 1991 жылы)
  5. Қазақтың үш биін ата. (Төле, Қазыбек, Әйтеке)
  6. Қазақстан Тәуелсіздік күні ( 16- желтоқсан)
  7. Қазақстанның атақты суретшісі (Әбілхан Қастеев)
  8. 6-шілде қандай мереке? (Астана күні)
  9. 2012 жылы Лондон олимпиадасының жеңіл атлетикадан чемпионы (Ольга Рыпакова)
  10. Қазақ даласында мектеп ашқан ұлы ағартушы кім? (Ыбырай  Алтынсарин)

ІІ бөлім: Тіл- өнер

Мақалдың жалғасын табу керек. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай беріледі.

І топқа:

  1. Ең тәтті де тіл,… (ең ащы да тіл)
  2. Оқу- білім бұлағы, … (білім- өмір шырағы)
  3. Өнер алды… (қызыл тіл)
  4. Ашу-дұшпан, … (ақыл-дос)
  5. Тіл қылыштан … (да өткір)
  6. Отан … (оттан да ыстық)

                    ІІ топқа:

  1. Шебердің қолы ортақ,… (шешеннің тілі ортақ)
  2. Отансыз адам- … (ормансыз бұлбұл)
  3. Ер жігіт елі үшін туады, … ( елі үшін өледі)
  4. Мектеп- кеме, … (білім-теңіз)
  5. Жақсы жолдас жанға серңк, … (жаман жолдас малға серік)
  6. Қыз елдің көркі,… (гүл жердің көркі)

ІІІ.Бәрін білгім келеді

Бұл бөлімде екі ұяшық берілген: пәндер және тақырыптар. Ұяшықты таңдау екі топтың өз еркінде. Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.

4 пәннен 4 сұрақтан, барлығы 16 сұрақ әзірленген.  Пәндерді таңдау оқушының өз еркінде.

Қазақ тілі

10. Фонетика нені зерттейді. (Фонетика – тіл  дыбыстарын зерттейтін сала)

20. Қазақ тілінде неше септік бар? Қандай? (Атау, ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес)

30. Сан есімдер құрамына қарай нешеге бөлінеді?Оларды атап бер. (Дара сан есім және күрделі сан есім)

40.

Әдебиеттік оқу

10. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері (ертегілер, жаңылтпаштар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, аңыз-әңгімелер)

20. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)

 

 

 

30. Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті- басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Бұл өлең қалай аталады және авторы кім? (Қыс. Абай)

40. Қазақ тіл білімінің, қазақ әліпбиінің негізін салушы, құрастырушы кім?      (Ахмет Байтұрсынов)

Математика

10.Төртті төртке қосып, төртке көбейткенде қанша шығады? (4+4*4=20)

20. 0-ден бастап 9-ға дейінгі сандардың қосындысы нешеге тең? (0+1+2+3+4+5+6+7+8+9=45)

30. Түлкі әрбір 6 секундта 4 рет секіреді. Ол 10 рет секіру үшін қанша секунд кетеді? (15 секунд кетеді)

40. Әлияның жасы қазір 10-да. Оның шешесі Динаның жасы Әлиядан 4есе үлкен. Әлияның жасы қазіргіден екі есе үлкен болған кезде, Динаның жасы қаншаға толады? (50 жас)

 

Дүниетану

10. Қазақстанда неше облыс орталығы бар? (14)

20. Жердің нақты үлгісі (Глобус)

30. Көкжиектің неше тұсы бар? (төртеу: оңтүстік, солтүстік, шығыс, батыс)

40.Жер бетінің  қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (Карта)

Тақырыптар ұяшығы.  Тақырыптарды таңдау оқушының өз еркінде.

Төрт тақырып бойынша берілген ұяшықтағы сұрақтарға дұрыс жауап беру керек.

 

«Қазақстан»

10 ұпай. Қазақстан  Елтаңбасының түсі қандай? (алтын, көгілдір)

20 ұпай. Қазақстанның ұлттық теңгесі қай жылы шықты? (1993)

30 ұпай. Қазақстан халқының саны қанша? (16 млн. астам)

40 ұпай. Қазақстанның  «Швейцариясы» қандай  аймақ? (Бурабай)

«Грамматикалық ереже»

10 ұпай. Адамдардың есімдері қандай әріппен жазылады? (бас әріп)

20 ұпай. Көптік жалғауларын ата. ( -лар, -лер, -дар, -дер,- тар, -тер)

30 ұпай. Заттың атын білдіретін сөз табы? (зат есім)

40 ұпай. Қарама-қарсы мағынаны білдіретін сөздер (антоним)

 

«Ұлы адамдар»

10 ұпай. Ұлы жүздің биі (Төле би)

20 ұпай. Қазақтың саяхатшысы, ғалымы. ( Шоқан)

30 ұпай. «Қазақ» газетінің редакторы болған кім? (Ахмет Байтұрсынұлы)

40 ұпай. Абылай ханның шын аты (Әбілмансұр)

  «Телехабарлар»

10 ұпай. Тек қазақ тіліндегі телеарна («Қазақстан»)

20 ұпай. Балалар ән- би байқауы. ( «Айгөлек»)

30 ұпай. Жұлдыздар ән байқауы («Екі жұлдыз»)

40 ұпай. «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында? (Шәкен Айманов)

ІV бөлім: Қызықты ұйқастар

 Екі топтың әр мүшесі жылдамдықпен сөздердің ұйқасын тауып айтады.

І топқа

  1.  Жизнь- өмір, уголь- (көмір)
  2. Число- сан, кровь- (қан)
  3. Молоко- сүт, жди- (күт)
  4. Человек- адам, шаг- (қадам)
  5. Таможня- кеден, пол- (еден)
  6. Зуб-тіс, дело- (іс)

     

        ІІ топқа

  1. Возьми-ал, мед- (бал)
  2. Рыба- балық, народ- (халық)
  3. Дверь- есік, колыбель- ( бесік)
  4. Город- қала, ребенок- (бала)
  5. Лето- жаз, гусь- (қаз)
  6. Игра-ойын, шея- (мойын)

 

V бөлім: Мықты болсаң, тауып көр

Берілген жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс, ағылшын тіліне аудару керек.

І топқа

  1.  Үй үстінде алтын тас,

Алайын десе табылмас.        (жұлдыз;  звезда; star [ста])

 

  1. Тұмсығымен қозғалар,

Артында аппақ із қалар.      (бор; мел; chalk [чок])

 

  1. Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама.          (кітап; книга; book [бук])

 

  1. Білімді мыңды жығады,

Білекті … жығады.                  ( бір; один; one [уан])

 

  1. Сырты тәтті, іші тәтті,

Ортасы сүйек қатты.             (алма; яблоко; apple [эйпл])

ІІ топқа

  1. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің          (ауа; воздух; air [эйа])

 

  1. Айдағаны … ешкі,

Ысқырығы жер жарады.                              (бес; пять; five [файф])

 

  1. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.                (сызғыз; линейка; ruler [руле])

 

  1. Жылт-жылт етеді,

Жылғадан өтеді.                                            (су; вода; water [уата])

 

  1. Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді.                                       (қалам; ручка; pen [пен])

 

 

VІ. «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы»

Әр топтың қатысушылары  өлең оқиды әр өлең бір ұпай болып есептеледі. Олар өлеңді мәнерлеп оқып беруі тиіс. Бұл кезеңде тілдің машықтығы, оқудың тазалығы бағаланады.

VІІ. «Әнді сүйсең менше сүй»

Әр топтың қатысушылары  ән айтады, әр ән бір ұпай болып есептеледі. Олар әнді нақышына келтіріп орындап беруі тиіс. Бұл кезеңде сахна мәдениеті, дауыстың тазалығы бағаланады.

         Қорытынды.

Білімнің мініп алып тұлпарына,

Қиналмай шықты білім шыңдарына.

Бүгінгі сайысымыз аяқталды,

Сөз кезегі қазылар алқасында.

Бүгінгі сайысымызды қорытындылап, жеңімпаз топты анықтау үшін қазылар алқасына сөз берелік.

VІІІ. Жұлдызды сәт

І) Жеңімпаздарды марапаттау

ІІ) Жыл қорытындысы бойынша оқушылар мен ата- аналарды марапаттау.

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Осымен бүгінгі «Біздің сыныптың бір жылдығы» аясында «Тұлға бойындағы құндылықтардың тәрбие арқылы берілуі» тақырып шеңберінде ұйымдастырылып отырған «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне келіп жетті. Жарыс болған соң жеңіс пен жеңіліс қатар жүреді. Жарыста жеңілсек те, өмірде оқуда жеңіске жете берулеріңе тілектеспін.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *