Басы » Tәрбие сағаттары » «Арайлы алтын күз» аясында өтікзілген «Күз ханшайымы» ертеңгілігі

«Арайлы алтын күз» аясында өтікзілген «Күз ханшайымы» ертеңгілігі

Қарағанды облысы,
Жезқазған қаласы,
«Қ.И.Сәтбаев атындағы  №7 мектеп- лицейі» КММ
Жоғарғы деңгейдегі бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі

Козыбаева Гульнур Жумабековна

«Арайлы алтын күз» аясында өтікзілген «Күз ханшайымы» ертенгілігі

Мақсаты:Оқушыларға күз сыры жайлы мағлұмат бере отырып,

       оқушылырдың білімін, тапқырлығын,  іскерлігін  ұйымшылдығын,

өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсете білуін, шеберлігін, іскерлігін дамыту.

       Табиғатты, қоршаған ортаны, отанын сүюге тәрбиелеу.

Формасы: жарыс

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой шақыру.

Көрнекілігі: фотостенд, үнтаспа, шар.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Кіріспе сөз.

Мұғалім:Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Арайлы алтын күз»аясында өткізілген «Күз ханшайымы» атты сайысымызға қош келдіңіздер. Күз-жыл мезгілінің бірі. Күз-мерекелі, берекелі ай. Бүлдіршіндеріміз білім ордасына алғашқы қадамдарын жасайды. Әрбір шанырақта той тойланып, көңілдері қуанышқа толы болады. Ақ қайыңның жапырақтарына көз салыңдаршы, сап-сары. Орманды аралап көріңдерші, жерге сары жапырақтар төселген, айналаң алтын түстес сары бояуға боялып тұрады. Демек, сары түс- күзді бейнелейтін бояудың реңі. Олай болса күздеріңіз мерекелі де, берекелі болсын.

(музыка әуенімен ортаға шығады)
Жүргізуші:

Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен таныстырып өтейік:
1.——————————————————————

2.—————————————————————-

3.—————————————————————

Бүгінгі біздің сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.

1.Таныстыру

2. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерін көрсету)

3.Дәрумендер денсаулық сақтаушысы.(күзгі байлықтардан жарнама).

4. «Әсем біздің арулар» (сән үлгісін көрсету)

Жүргізуші: Армысыңдар,халайық,

                      Бармысыңдар,халайық!

                      Күзгі тойды жұп жазбай,

                      Келіңдер,қарсы алайық.

                     Келді міне,алтын күз,

                     Талдарға алқа тағатын.

                      Шаруакер халқымды,

                     Бір тілекті бағынтып.

Жүргізуші: Күз дегеніміз – жазира даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз – байлық, молшылық. Күз дегеніміз – қауырт еңбек кезеңі. Олай дейтініміз, бұл мезгілде жеміс-жидек, астық пісіп жетіледі. Күзде мал да, аң мен құстар да қоңданып, семіреді. Күзде қыс қамы жасалады, сондықтан адам да, жануарлар да, өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды.

                     Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,

                     Ән шырқап, күй төгуден қашпайық біз.

                     Сонымен сіздер рұқсат етіңіздер,

                     Ал енді топ жарысын бастайық біз.

Ортаға сайысқа қатысушыларды шақырамыз.

1 аруымыз ______________________

2 аруымыз ______________________

3 аруымыз ______________________

4 аруымыз ______________________

5 аруымыз ______________________

6 аруымыз ______________________

7 аруымыз ______________________

8 аруымыз ______________________

9 аруымыз ______________________

10 аруымыз______________________

1-жүргізуші: Күзгі мейрам құтты болсын баршаға,

                     Күздің сәні келіп қапты ортаға.

                     Сайысушы аруларды шақырайық,

                     Таныстыру кезегін бір жалғаса.

1-кезең «Таныстыру» (Әр ару өздерін таныстыру)

(жүргізуші жоғарыдағы кезек бойынша шақырып отырады)

Жүргізуші:  Іс істеген ерінбей,

                      Жалқаулыққа берілмей.

                      Арулар көрсеткін,

                      Өз өнерін күлімдей.

2-кезең «  (өз өнерлерін көрсету)

(жүргізуші жоғарыдағы кезек бойынша шақырып отырады)

Жүргізуші: 3-кезең Бар өнері ашылар келіп қалса топқа сын,

                                  Бірі болып дараның шаршы топтан озар кім?!

                                  Құрметтейтін дәстүрді достарың көбейсін,

                                  Өнерімен тамсантып, от боп бүгін жанатын (күзгі байлықтардан жарнама)

(жүргізуші жоғарыдағы кезек бойынша шақырып отырады)

Жүргізуші: Жайдары күз, жарқын күз
Аяулы күз, алтын күз.
Дәнге толы ен далам
Дариядай шалқар күз
4-кезең «Әсем біздің арулар» (сән үлгісі)

Жүргізуші:    Барына риза болсын көрермендер,

                        Көрсетті өнерлерін жас өркендер,

                       «Күз  ханшайымы» сайысы аяқталсын,

                        Қазылар берсін енді шын бағасын.

Жүргізуші: Ендігі кезекте «Жұлдызды сәт» (жеңімпаздарды анықтау). Сөз  әділ қазылар алқасында

    Құрметті ұстаздар, қадірлі қонақтармен, оқушылар. Осымен «Күз  ханшайымы» атты сайысымыз өз мәресіне келіп жетті. Келіп тамашалағандарыңызға көп- көп рахмет!

Тәрбиелік іс-шараны талдау

 

Күні:  25.10.2014 ж

 

Тақырыбы: Күз ханшайымы

 

Мақсаты: Оқушыларға күз сыры жайлы мағлұмат бере отырып, оқушылырдың білімін, тапқырлығын,  іскерлігін  ұйымшылдығын, өз ойларын, өнерлерін ортаға салып көрсете білуін, шеберлігін, іскерлігін дамыту. Табиғатты, қоршаған ортаны, отанын сүюге тәрбиелеу.

 

Көрнекілігі: үнтаспа, суреттермен  безендірілген  тақта( жапырақтар, шар).

Өтілу формасы: сайысы

Сынып сағатының  барысында пайдаланылған әдіс-тәсілдер: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой шақыру.

Қызығушылығы, белсенділігі: балалардың  қызығушылығы жоғары болды. Сайысқа  қызығушылықпен қатысып, күз мезгілі туралы көптеген мағлұматтар алды.

Сынып сағаты  балалардың жас ерекшеліктерімен байланысы:сайысы балалардың жас ерекшелігіне сай.

Мазмұнның мақсатқа сәйкестілігі:  сайыстың мазмұны мен мақсаты  арасында байланыс болды.

Қорытынды:

І ) Жеңімпаздар  мадақтама мен арнайы сыйлықтармен марапатталды

ІІ) Балалардың күз туралы танымдық деңгейі көтеріліп, білімді, жан- жақты болуға үйренді, үйренуге деген қызығушылықтары артты, ой- өрісі, ойлау қабілеттері дамыды, шығармашылыққа, шапшандыққа, озық ойлы оқушы болуға тәрбиеленді.

 [bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *