ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша
«Оқытушы-оқушы қарым-қатынас үдерісінде әлеуметтік-коммуникативтік психологиялық кеңес беру»Біліктілікті арттыру курсының бағдарламасы бойынша
РЕФЕРАТ
«Оқушының қажеттілігін қалыптастырудағы мектептің әсері»
Курс тыңдаушысы:
Хапыш. Х
Ертіс ауданы Қараағаш. ОМ
Павлодар, 2014
Мазмұны
Кіріспе .……………………………………………………………………………………………………………..1
1. Оқушының қажеттілігін қалыптастырудағы негізгі әдістер………………………………2
2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту…………………………………….3-6
3. Бала тұлғасының қалыптасуы………………………………………………………………………. 7-9
Қортынды………………………………………………………………………………………………………..10
Пайдаланған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………………………11
Кіріспе
Жалпы білім беру мазмұнын меңгеру үрдісінде әр бір оқушының қабілетін дамытуға, бейіміне назар аударуға, қызығушылықтары мен құштарлықтарын оятуға жағдай жасау барысында педагогикалық кеңістіктегі заманауи сабақтардың құрылымын және технология түрлерімен таныстыру. Жәнеде бала тұлғасының қалыптасуы. 1.Оқушының қажеттілігін қалыптастырудағы негізгі әдістері
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті — ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді.
2. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бұл міндетті шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттегі туындайды.
«Технология» ұғымының мәнін өндірістік үрдістерге байланысты П. Атутов пен В. Поляков «Технология — өндірістік үрдістің негізгі бөлігі.
Осындай мәнде өндіру, өңдеу, қайта өңдеу, тасымалдау және т.б. өндірісті техникалық бақылау, сондай-ақ өндірістік үрдістерді сипаттауды және оларды орындау бойынша нұсқауды технология … » деп айта келе, шикізатты алу, өңдеу және қайта өңдеу тәсілдері мен амалдарын даярлайтын және жетілдіретін ғылыми пәнді технология деп айтатынын жазады.
3. Бала тұлғасының қалыптасуы
Менің осылай оқушылармен жұмыс жасауымның
Мақсаты Оқушының қажеттілігін қалыптыстырудағы мектептің әсерін, аша білу сабақтарында оқушылардың белсенділік, танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Міндеттер:
— практикалық және өздік жұмыстарын орындау барысында оқушылардың білім сапасын арттыру;
— практикалық және өздік жұмыстарын орындау барысында оқушылардың шығармашылықтарын дамыту.
1.Оқушының қажеттілігін қалыптастырудағы негізгі әдістері
Білім беру процесін жаңаша ұйымдастыру оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Бүгінгі философтар мен педагог-ғалымдар білім беру саласында жаңа оқыту технологиялары мен әдістерін енгізумен ғана шектелмей, білім берудегі дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарау, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау қажеттігін дәлелдеуде.
Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде.
Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын көрсетеді.
Қазіргі кезеңдегі білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында жеке тұлғаның шығармашылық бағыттылығын қалыптастыру — оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттегі шығармашылық қызығушылығына тікелей байланысты. Шығармашылық қызығушылық – тұлғаның ізденімпаздық қабілет сапасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады. Себебі өмірдегі құндылықтардың барлығы да жаңашылдық бағыттар арқылы ғана іс-әрекетке тұрақты шығармашылық қызығушылық нәтижесінде танылып, болашақта өміршең дамуына мүмкіндік алады. Сондықтан шығармашылық қызығушылықты жеке тұлғаның дамуына, оның рухани жетілуінде мәні терең, мотивациялық, білімділік бағдар құндылығы ретінде танылуының маңызы зор.
Жеке тұлға бойындағы ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді дамытудың бастау көзі – шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру мәселесі өзінің тамырын адамзат дамуы тарихын тереңінен алады.
2.Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту жұмыстарының әдіс тәсілдері.
Әдістемелік тәсіл ретінде – мүсіндеуге: Мария Монтессори, Василий Александрович Сухомлинский, Антон Семенович Макаренко, психолог – Натан Семенович Лейтес сияқты атақты педагогтар көп көңіл қойып, қолданған («Умственные способности и возраст», М.,1971).
Біріншіден бұл оқыту тәсілі – кіріктірілген оқыту технологиясының «кірпіші» болып саналады.
Екіншіден – денсаулықты сақтай отырып оқыту технологиясына да жатады.
Үшіншіден – жобалық проектіге де жатқызуға болады. Себебі, оқушы өзінің еңбегінің нәтижесінде белгілі бір продукт шығарады, ол рельефтік, климаттық т.с.с. карталар болуы мүмкін.
Онымен жұмыс істеу үшін ең алдымен оның шығу тарихы жөнінде мағлұматты болғанымыз жақсы. Оны ең алғаш ойлап тапқан – Вильям Харбут, Англиялық исскуство мектебінің оқытушысы.
1900 жылы пластилин Москвада шығарыла бастады. Ол тазартылған саздан, восктан, майлардан, бояғыш және кептіруден сақтайтын басқа заттардың құрамынан тұрады. Ол жеңіл, әр түрлі түстерден тұрады және брнеше рет қолдануға болады.
Қазіргі таңда дүкендерден тек қана түстеріне ғана байланысты емес, сол сияқты қасиеттеріне де қарай таңдауы кең. Мысалы, Германида шығарыдатын формопласт. Оның бір қасиеті – жасалған мүсінді қайнап тұрған суға салса гипс тәрізді қатып қалады, бірақ ол екінші рет қолдануға келмейді. «Крайола» деген сорт өте ашық түстерде кездеседі, магнитше тартылатындай қасиеті бар.
Пластилинмен жұмыс істеу түрлері:
1) Ауқымды:
— конструкциялық, әр түрлі детальдарды қосу арқылы;
— пластикалық, мысалы, әріптер, геометриялық фигуралар т.с.с. жасауға.
2) Жазықты:
1. Сурет салу. Салынған суретке пластилиндердің түсін таңдай отырып жағу. Ең бірінші түп негізі дайындалады.
2. Аппликация. Бірінші пластилиннен жалпы фон дайындалады, содан соң басқа түстерден жасалынған бейнелер соған жапсырылады.
3. Барельеф.
4. Рисунок стекой по пластилину.
5. рисунок жгутиками или шариками по пластилину. Накладываются на фон, похожа на мозаику.
Осындай тәсілді қолданудың барысында оқушының жеке тұлға болып қалыптасуына бірден-бір әсері тиеді. Іс-әрекеттері барысында ол өзін ересек ретінде сезінеді, ынталандырады. Жұппен жасағанда өзара көмекті қажетсінгендіктен бір-бірін түсунішілік тәрбиеленеді. Жалпы жұмыс барысында оқушыларда эстетикалық, талғамдық қасиеттер тәрбиеленеді. Бұндай қасиеттердің барлығы олар болашақта қандай сферада қызмет, жұмыс атқарса да өте құнды болады.
Психологтардың көзқарасымен баланың қолының қозғалысы, икемі – оның физикалық және жүйкелік-психологиялық көрсеткіші болып саналады. Олардың қолдарының қозғалыстары неғұрлым белсенді болса соғұрлым жүйке жүйлерінің жұмыс деңгейлерінің жоғары екендігін көрсетеді. Қол тікелей мимен байланысты, ең тамашасы олар қарама қайшы: оң қол — сол жақ ми жарты шарымен, сол қол – оң жақ ми жарты шарымен.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін де естен шығармаған дұрыс. Психолог — Н.С.Лейтес осыған байланысты: «Әрбір балалық жастың ерекшелігі – ол қайталанбайтын қабілеттілік қасиеті. Ол өте құнды. Оны назардан тыс қалдырмауыз керек», — деп жазған [2, 5 б]. Балалар табиғи туылымдарынан бәрі бірдей бола бермейді. Ең аяғы бір отбасының балалары да. Олар әлі өз мүмкіндіктерін шамалай алмайды. 10 – 13 жастар аралығындағы балалар психологиялық ерекшеліктеріне байланысты: танымдық белсенділіктері, ересектердің іс-әрекеттеріне қызығушылықтары артатын кездері. Мыне осындай кезде оларды баурап алып кету, белсенділіктерін түсіріп алмау, ынталандыру шеберлігі ұстаз қолында. Қандай әдістемелік жолдарды қолдансақ та баланың өмір қауыпсіздігін естен шығармауымыз қажет. Сондықтан сыныпта қауіпсіздік ережесі ілініп тұруы керек.
Келесі тәртіпте:
1. Мемлекет мүлкіне жанашырлықпен қара;
2. Пластилинді клеенкамен жабылған тақтайша үстінде иле;
3. Пластилинмен лақтырысуға, ауызға салуға болмайды;
4. Пластилин полға түсіп жағылып қалмау үшін аяғыңның астына қағаз немесе клеенка төсе;
5. Қолыңдағы стекпен (платилин кескіш) досыңа қарсы қимыл жасауға, қолыңды ербеңдетуге болмайды;
6. Стек ұстаған қолыңды көзіңе апаруға, немесе құлағыңды, мұрныңды қасуға болмайды;
7. Үстелден барлық артық нәрселерді алып таста, жарық сол жақтан түсі керек;
8. Жұмыс істеп болған соң орныңды мұқият жинап, қолыңды сабындап жуу.
Сонымен география сабағының басты ерекшелігі кескін карталармен жұмыс жасау. Литосфералық тақталарды, климаттық белдеулерді, атмосфера қабаттарын, өзендерді және басқа тақырыптарда өткенде де осы пластилин арқылы макеттерін жасауға болады.
Сабаққа оқушылар картон үстіне пластилин арқылы, мысалы «Еуразия» матригінің қорытынды сабағына материктің контурын салып, соған оған тән ерекшеліктерді келтірулеріне болады. Жұмыс тақырыптық карталармен қатар жүреді. Ең алдымен әрине картамен оқушы жұмыс жасай білуі керек. Мысалы, бірінші оның сапалық фонын, жерінің негізгі рельефтік ерекшеліктерін, ерекшеленуіне себеп болған факторларды білулері тиіс. Дайындалған шаблонға таулардың орналасқан жерлерін, ойпаттарын, қыраттарын және т.б.
1. картамен жұмыс және анализ;
2. бірізгілікті жоспар және жұмысты ң бірізгілікті жүруі;
3. қажетті материалды және түстерді дайындау;
4. құрастыру;
5. анализ және бағалау.
Бұл әдісті алғаш рет бастағанда жұмыстың жүргізілу және жасалуын түсіндіру, көрсету принципінен басталу керек. Пластилинмен жұмыс жасағанда үнемі таза түстермен шектелмейді. Сондықтан ойластырылған түске жету үшін түстерді араластыруға мәжбүр болады. Ең басты түстер: сары, қызыл және көк түстер екендігін балаларға түсіндірген жақсы. Оларды араластырғанда жаңа түстер туындайды.
* сары + көк — жасыл, сары + қызыл – тоқ сары, қызыл + көк – сия көк;
* ақ түсті қосқанда ашық түстерді күлгіндіндіреді, реңі нақты болмайды;
* екі түстен артық көп қосуға болмайды;
* күлгін түс пен флуоресцентті түстерді қосқанда жаңа сапалы түс пайда болады;
* жасаған бұйымның сырты жылтыр болғандай қолды сулап отырып жасаған жақсы.
Әр түрлі формаларды мүсіндеу үшін әр түрлі іс-қимылдарды қажет етеді.
* ширату үшін екі алақан арасында немесе тақтай үстінде алақанмен, білезікті қимылдата отырып ширатады;
* шарик немесе дөңгелек бұйым шығару үшін екі алақан арасында немесе тақтай үстіне алақанмен айналыдра отырып жасайды;
* тегіс немесе жазықты бұйымдар жасау үшін саусақтармен сәл басып отырып жасайды;
* Жаншу әрекеті ең көп қолданылатын әрекет, ол үшін бірінші қалаш формасына келтіреді де саусақ ұшымен, немесе стекпен, немесе, трубочкамен қажетті формаларды келтіреді;
* Шымшып алу – екі саусақ ұшымен қажетті жерден керек деталь формасын шығару үшін жасалынады
Барлық операциялар пластилинді жылытып, иілмелі қалыпқа келтірілуден басталады. Жоғарыда айтылып кеткендей материалға қажетті түс беру үшін екі түсті пластилинді араластыру керек. Ол үшін арнайы таблица әр баланың алдына таратылады.
Пластилинді араластыру өлшемінің таблицасы
қажетті түсті алу |
пластилиннің бөлшегінен |
||||
Сары |
Ақ |
қара |
жасыл |
тоқ сары |
|
күлгін |
— |
1/5 |
1/5 |
— |
— |
ашық жасыл |
½ |
— |
— |
1/2 |
|
тоқ жасы |
1/3 |
— |
— |
2/3 |
— |
ақшыл қоңыр |
2/3 |
— |
1/3 |
— |
— |
тоқ қоңыр |
— |
— |
3/5 |
— |
2/5 |
Келесі қадамда картаға сәйкес шаблонды толтырамыз: пластилинді рельефтің басты формаларынкелтіріп жағамыз. Жерінің абсолюттік биіктіктігіне байланысты түске сапалы фон береміз, тау жүйесін вертикалды созамыз, стекпен жарқыншақты жерлерді, өзен аңғарларын және көлдерді сызамыз (көрінетіндей қылып), өзен бастаулары анық көріну үшін пластилин орнына көк жіпті де қолдануға болады.
Мысалы, Солтүстік Американың жер бедерінің алдын ала жасалынған шаблон — картаға түсірілуі төмендегідей болады. Өткен сабақта сынып оның рельефімен танысып кетті, 5 минут қайталап өтеді. Одан кейін пластилиндерді алып, қажетті түстерін шкалаға қарап келтіріп алады. Келесі кезеңде мұғалім құрлықтың батыстағы, Атлант мұхиты жағалауын солтүстігіндегі Аляска түбегінен бастап, оңтүстігіндегі Панама мойнағына дейін созылып жатқан Кордильер тауын пластилин жолағымен түсіруге нұсқау береді. Оның жас, биік тау екендігі, шыңы Мак – Кинлиді мәңгілік қар мен мұздық алып жатқандығы, олардан таралып көптеген тау өзендері бастауын алатыны ескерілуі керек (бастауларын көк жіппен белгілеуге болады). Кордильер бірнеше жота болып созылып жатыр. Олардың кейбіреулері мұхитты бойлай жатса, басқалары шығысқа қарай созылып жатады. Жоталардың арасында батыс жарты шардағы ең ыстық және ең төмен жатқан Өлім аңғары (-85 м.), бірқатар таулы үстірттер мен таулы қыраттар бар, олардың ішіндегі үлкені Солтүстік Американың орта бөлігіндегі Үлкен алабы мен оңтүстік бөлігіндегі Мексика таулы қыраты. Кордильер аймағында көптеген жанартаулар атқылап тұрады.
Құрлықтың шығыс жағында Лабрадор түбегінен оңтүстікке қарай Аппалач таулары созылып жатыр Ол ескі тау. Шыңы – Митчелл. Аппалач таулары мен Ұлы жазықтар арасында созылып жатқан кеңістікті Орталық жазық алып жатыр. Оқушылардың іс-әрекеттерін бақылап қона қоймай мұғалім аралап жүріп олардың жіберген қателері болса түзетіп отыруы тиіс. Келесі сәтте өзендер жүйесі салынады. Шиыршықтап дайындап алған пластилинді атлас картаға сәйкестендіріп, бастау алатын жерлерінен бастап түсіре бастайды. Бұндай жұмыс оқушыларда өзендердің ағысы басталатын жерлеріне тәуелді екендігі жөнінде дұрыс ой қалыптасуына мүмкіндік береді. Көлдерді де дәл осылай түсіре береді. Ең бастысы артық сағат кетіп қалды деп қорықпау керек, есесіне оқушыларда осылайша жұмыс істеу дағдыға айналып, жылдамдыққа үйренеді. Соңында жаппай және жекелей инструктаж жүргізіледі, қателері айқындалып, бір-бірінің жұмысына түзетулер енгізіледі. Ұқыптылық пен эстетика ескерілуі тиіс. Оқытушы оқушыны мадақтап отыруға тарланбау керек.
3 Бала тұлғасының қалыптасуы Балалар тұлғасының қалыптасуы
Баланың алғашқы мектепке бару кезеңінде олардың әлеуметтік жағдайының дамуында үлкен өзгерістер болады. Бала оқушы бола бастаған соң, ол жаңа міндеттер, құқықтар ала бастап, алғаш рет қоғамдық мәнді іс-әрекеттермен айналысады, яғни іс-әрекетті орындау деңгейінен олардың қоршаған орта арасындағы орны мен өзара қатынастары байланысты болады. Бұл жаңа әлеуметтік жағдай мектеп жасындағы балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Тұлғаның қалыптасуындағы орталық бөлім болып адамның мотивациялық аймағының, яғни оның талаптарының, тілектерінің, ұмтылыстарының және ниеттерінің дамуы саналады. Қажеттіліктер қанағаттанылуы керек, ал бұл оларды қанағаттандыратын амалдарды іздеуге және табуға бағытталған әдістер мен құралдардың пайда болуын және оларды жетілдіруді қажет етеді. Сондықтан, мотивациялық сфераның дамуына байланысты баланың танымдық қабілеттерінің, оның дағдыларының, қолынан келетін істерінің, әдетгері мен мінезінің дамуы жүзеге асырылады.
Адам қажеттілігін қанағаттандыру үшін шынайы қоршаған ортаға бейімделіп қана қоймай, онымен қатынас жасай білуі керек. Осындай бейімделудің құралы болып адамның уайымдары саналады. Олар адам қажеттілігінің қанағаттанылуының деңгейін ерекше әсерлі түрде көрсетеді. Уайымдар адамның қоршаған ортамен қарым-қатынастарға бейімделуінің бастапқы құралы болып, кейінірек өзіндік мағынаға ие болады және адам ңажеттілігін сезіне бастайтын психологиялық шындық түрінде көрінеді. Осылайша адамның психологиялық дамуына шексіз мүмкіндік тудыратын қанықпайтындай көрінетін қажеттіліктер пайда болады. Тұлғаның қалыптасуындағы қажеттіліктерді жете түсіну үшін баланың өмір үрдісінде пайда болатын және дамитын жаңа әлеуметтік қажеттіліктерді ескеру қажет. Бұл жаңа қажеттіліктер баланың мотивациялық сферасын толықтырады және қиындатады. Осы жерде екі негізгі жолды атап көрсетуге болады. Біріншіден, баланың өмірдегі және оның қоршаған ортамен өзара қатынастарындағы орнын өзгерту жолы. Бұл әрбір жас кезеңіне сай келетін қажеттіліктерді тудырады. Осылайша, бастауыш мектеп жасындағы балаларда — оқушының жаңа жағдайда болуына байланысты; жеткіншектерде — құрдастар ұжымындағы орындарына байланысты; жоғары сынып оқушыларында — олардың келешектегі қоғам мүшелері ретіндегі орындарына қажеттіліктердің тұтас жүйесі пайда болады. Кажеттіліктердің пайда болуының мұндай жолы тек балаға ғана тән емес. Ересек адамның қажеттіліктері де оның өміріндегі және өзіндегі өзгерістерден туындайтын өзгерістерге ұшырап отырады. Екіншіден, қажеттіліктердің қалыптасуы мінез-құлық пен іс-әрекеттің жаңа түрлерін меңгеруімен байланысты болады. Мұның нақты мысалы ретінде әртүрлі әдеттерді, соның ішінде мәдени әдеттерді де айтуға болады. Осылайша меңгерілген мінез-құлықтың әдістері адамды оларды жүзеге асыруға итермелейді. Бірақ адамның мотивациялық сферасында жағдайдың тікелей ықпалынан босататын, құрылысы бойынша жаңа, психологиялық
Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы жағынан қалыптасуының жеткіншек шағы /10-15 жас ең қиын кез болып есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгерімі төмендейді, қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады. Бастауыш сынып жасындағы бала әлемге ерекше қызығушылықпен, балалық аңғалдықпен қарайды, жеткіншек өзін қоршаған әлемге баға береді және оған деген өзінің қарым-қатынасын орнықтырады. Ол өмірдің тұрмыстық қарым-қатынастарына еніп, енді тек өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша ғана емес, сонымен бірге өзі теориялық жағынан игерген қағидалар бойынша қарым-қатынасқа түседі және адамдардың мінез-құлқын, қоғамдық құбылыстарды бағалауда ешкіммен ымыраға келмейтін, өз дегенім болсын дейтін әдет табады. Ол -айналадағының бәрінің сыншысы. Ол өзі жақсы көретін адамдардың кемшілігін де көргіш болады және сол үшін қиналады. Кез келген жалғандық оның ызасын тудырады және көңілін қалдырады.
Жеткіншек өтпелі кезеңнің ең басты процесінін бірі — жеткіншектің өз ата-аналарымен, мұғалімдерімен және жалпы үлкендермен, құрбыларымен, барлық жағдайы бойынша өзіне тең немесе тең еместермен қарым-қатынасыңда қайта бейімделу байқалады. Бұл қайта бейімделу жағдайы бірте-бірте болуы мүмкін немесе аяқ астынан мінез көрсетеді. Жеткіншек үшін үлкендер мен өз қатарластары мәртебесінің деңгейі бірдей болмайтындығынан қайта бейімделу процесі әртүрлі көрініс береді.
Жеткіншектерді өмір ортасының қарама-қайшылықтары қызықтырады, бұл жастағылардың қажеттілігі – өздерінің айналадағы адамдарға деген қарым-қатынасын, әлемдегі өзінің орнын табу Ал музыка — адамның сезімдерінің әміршісі. Оның тілі толқу үстіндегі адамға түсінікті. Сондықтан да, жеткіншектердің тындайтын музыкасына қатты көңіл бөлу керек.
Жеткіншек өзіне дос болатын адамды өз ұжымындағы жолдастарының арасынан табады. Жеткіншектің досы – ол тек бірге ойнайтын, жанжалдасып қалатын, татуласатын, бірге сапарға шығатын жолдас қана емес. Ол – жеткіншектің екінші өзі, ол оның ойын білетін қызығушылықтары мен сезімдерінің куәгері және жақсы ниеттегі сыншысы. Жеткіншектермен жұмыстағы негізгі педагогикалық идея:
— іс-әрекет түрлеріндегі жетістікке жағдай жасау;
— сынып ұжымы алдында өзін-өзі сенімді ұстауына мүмкіндік береді;
— құндылықтарын қалыптастыру;
— мінез-құлқы мен рухани дамуына қарым-қатынастарын ұлғайтады.
Осы жастағы оқушылармен жүргізілетін жұмыстың маңызды міндеті тәрбиешілердің мектептегі және мектептен тыс кездегі балалардың әрқайсысымен жеке жұмыс жүргізіп, қажетті әдептілікті сақтай отырып, педагогикалық ұстамдылық пен шыдамдылыққа негізделген қызметтерін дұрыс ұйымдастыру болып табылады
Бала, педагог, ата-ана балаларды тәрбиелеудегі бірлікті қамтамасыз ету.Мұғалім мен оқушылардың қатынасуында көптеген жағдайлар бар. Жеткіншек жасөспіріммен қарым-қатынастың жетілуі олардың көңіл-күйінің төмендеуіне байланысты күрделіленеді – ол жеңіл және еркіндіктен бастап, тез жараланатын күйбелектікке дейін өзгеруі мүмкін. Педагог кез-келген нақты жағдайда дұрыс бағытталған оқушының көптеген сапаларын жұмсартуға арналған ерекше жалғыз қатынасу жолын таба білуі қажет. Педагог тәрбиеленушілерін өз сезімдерін басқара алуға, шындықты қабылдай алуға, басқа адамдармен қатынасуын бағалай алуға үйреткені жөн.
Жеткіншек жастың ерекшеліктері:
— барлық нәрсені өз бетімен орындап, үлкендердің қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі;
— үйге берілген тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға тырысуы;
— үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-мінеп, кей кезде өрескіл мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан өлі бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап, бәрін өзі істей алатындай сезінуі. Осы қасиеттердің барлығы жоғарыда айтып кеткендей бала бойында белгілі бір қырсық мінездерді тудыратыны айдан анық.Оқушы мен мұғалімнің жекеше қарым-қатынасы мектепте және басқа ортада кез-келген себеп пен формада іске асады. Қатынасудың тәжірибесіндегі көп кездесетін формалары сабақтан тыс әңгіме, үй жағдайындағы сөйлесу, жеке кеңестер, ұнамды психологиялық жағдай жасау; серуен кезіндегі қысқа әңгімелермен алмасу, мектептегі кештер немесе басқа мекемедегі сұхбаттар. Мысалы, мынадай жұмыс формаларын пайдалануға болады: Дәрісбаян-халықтық психология мен педагогиканың бай мұраларынан берілген жарқын ақпарат, деректер, қызықты мысалдар т.б. негіздегі дәрісбаяндар оқушылардың-ықыласын тудырып, қарым-қатынас мәдениетінің қыр-сырын ұғынуға мүмкіндік береді.Ашық микрофон-оқушылар үшін және қоғамдағы адамдар арасындағы қарым-қатынас мәдениеттің қалыптасу жағдайлары мен оның дамуына ықпалы туралы мәселені талқылау үшін қолданылады.Ұлы тұлғалар күні-халқымыздың батыр ұлдары мен қыздары, мақтаныштарымыз болған тұлғалар (Абай, Ыбырай, Міржақып т.б.) мерейтойларына орай өткізілген танымдық, құндылық бағыт беретіндей қызықты да мазмұнды шара. Пікір-сайыс (мысалы: «Сіз мәдениеттісіз бе?» «Адам-қоғам-орта» «Әдептілік» қарым-қатынасы, т.б. тақырыптарда) екі топ кезегімен ой толғаныстары мен шешімдерін ортаға салып, өзжобаларын қорғайды.Сыр-сұхбат-қазіргі кезеңде қоғамымызда болып жатқан өзгерістерге сай, адамдар арасындағы қарым-қатынастың өзгеруі; жастарымыздың қарым-қатынастың өзгеруі; мәселенің шешімін табу жолдары т.б. мәселелерге арналған тәрбиелік әңгіме сағаты. Қарсыластар сайысы-алдын-ала жинақталған пікірталас материалдары негізінде көкейтесті мәселелер жөнінде қарсы 2 топтың пікірлерін ортаға салу, сараптау, тұжырымдар жасауға арналған сөз-жарыс. Көрсетілген тәрбиелік шараларды оқу-тәрбие үрдісінде тақырыппен сабақтастыра жүргізу оң нәтижеге жеткізері сөзсіз деп есептейміз. Оқушы тәрбиесінің тиімділігін жоғарылату көп жағдайда жанұя және мектептің талабы мен ынтасын келістіре жұмыс істеуіне байланысты. Көзге түсерлік рольді мұғалім мен оның оқушылар ата-анасымен өзара қарым-қатынасы ерекше орындайды. Олардың бірге жұмыс істеуі – оқушының үй жағдайындағы ерекшелігі туралы жан-жақты ақпарат алуына, жанұядағы өзара қарым-қатынас туралы мінезіне, ата-ананың өз баласының үйірмелердегі, секциядағы жетістіктері мен кемшілігі туралы біліп отыруына үлкен әсер етеді. Осыған байланысты ата-ананың өз балаларына деген тартылымдылығын, оларға қандай бағдар беріп отыратындығын байқауға болады. Осындай ақпараттарды мұғалім қаншалықты кең алып отыратын болса, оның ата-ана мен оқушыларға педагогикалық тиімді әсер етуінің мүмкіндіктері өте үлкен болмақ. Жалпы, үнемі үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым-қатынас барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды талап ету орын алады да, мұндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып, нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алады.
Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп мұғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткіншіктің айналасындағылар жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді.
Қорытынды
Оқушылардың сабаққа деген қызығущылынғын арттырады, үлгерімдерін жоғарлатады, шығармашылық қабілеттерін, ынталарып арттырады.
Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әр түрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді. Оқыту әдістері ақпаратты игеруге, жалпы оқу және арнайы сипаттағы білік пен дағдыларды (оқу пәндері бойынша біліктерді) қалыптастыруға бағытталған.
Демек, болашақ жастарымыздың кәсіби құзырлы, шығармашыл болуын қамтамасыз ететін оқытудың жаңа парадигмасы оқытудың субъектін және оқушының әлеуетіне тікелей әсері мол шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың теориялық, әдіснамалық, дидактикалық тұғырларын айқындау міндеттерін алдыңғы қатарға шығарады.
Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағдар алуының басты өзегі – 12 жылдық білім беруге көшу мәселесі көкейкесті тақырыпқа айналуда. Жаңа білім парадигмасы балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде қарап, шығармашылық қызығушылықтары негізінде білімге құндылық бағдарын қалыптастыра отырып, танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруды және жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғасын қалыптастыруды көздейді.
Қолданылған әдебиеттер.
1. Соколов Д. Сказка и сказкотерапия. М.:Класс, 1997.
2. Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям. Киев, 1988.
3. Лейтес Н.С. Умственные способности и возраст. – М., 1971.
4. Я иду на урок географии: Физическая география материков и океанов: Книга для учителя. – М.: Изд-во «Первое сентября», 2000. – 272 с.: илл.
5. Боголюбов Н.С. Лепка на занятиях в школьном кружке. – М., Просвещение, 1979.ж
6. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (баптары бойынша түсіндірмелері) және оны жүзеге асыру жөніндегі құжаттар. – Астана, 2000.
7. Бөлеев Қ.Терең тәрбие тамыры //Қазақстан 1996,№6.-44б.
8. Зверев И.Д. Экология в школьном обучении; Новый аспект образования. –
9.Бейсенова А.С.Задачи экологического образования и воспитание в современной
[bws_related_posts]