Ақтөбе облысы
Шалқар ауданы
Ә.Жангелдин атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тлеубаева Самал Бақытқалиқызы
Күні : 8 «а» қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы | Анықтауыш | ||||||||||||
Мақсаты | Өзі анықтайтын мүшесімен қабыса, матаса байланысатындығын ұғындыру. | ||||||||||||
Оқыту нәтижесі | Күрделі және үйірлі анықтауыштарды ажырата білу дағдысы. | ||||||||||||
Сабақта қолданылатын
әдіс-тәсілдер |
сұрақ- жауап, «Миға шабуыл» әдісі | ||||||||||||
Керекті жабдықтар | Оқулық, жұмыс дәптері, АКТ, дидактикалық материалдар | ||||||||||||
Сабақ барысы: |
|||||||||||||
Сабақкезеңдері |
Мұғалімәрекеті |
Оқушы әрекеті |
|||||||||||
Ұйымдастыру бөлімі
Үй тапсырмасы |
1.Оқушыларды түгендеп,назарын сабаққа аудару.
2.Шаттық шеңбері. 3. Жыл мезгілдері арқылы топқа бөлу.
6 сөйлем жазу үй тапсырмасы тексеріледі. |
Оқушылар шаттық шеңберіне қатысады.
Жыл мезгілдері арқылы топқа бөлінеді. Оқушылар жауабы |
|||||||||||
«Қызығушылық
ты ояту» |
«Миға шабуыл» әдісі арқылы сабақтың тақырыбы туралы оқушы пікірін білу.
Сұрақтар:1.Сөйлем мүшелері дегеніміз не? 2.Сөйлем мүшесінің белгілерін атаңдар. 3.Сөйлем мүшелері құрамына қарай нешеге бөлінеді? 4.Сөйлем мүшелері атқаратын қызметі жағынан нешеге бөлінеді? 5.Тұрлаулы мүшелерді атаңдар. 6.Тұрлаулысыз мүшелер. 7.Қай түрімен таныстық? Толықтауыштың анықтамасы. |
Диалогқа түсіп, сұрақтарға жауап беру | |||||||||||
Мағынаны тану | Оқушыларға анықтауыш туралы тақырыпты өз бетінше оқу ұсынылады. Мұғалім жұптасып,топтасып талқылауға бағыт – бағдар береді.
1-топ.Анықтауыш 2-топ.Анықтауыштың құрылысы 3-топ.Анықтауыш болатын сөз таптары 4-топ.Тұрлаусыз мүшелер Оқулықпен жұмыс: Оқулықтағы жаттығуды дәптерге орындату 49-жаттығу (жазбаша) 1-топ. Мәтінді оқып, мазмұндау. 2-топ. Мәтіндегі қарамен жазылған анықтауыштардың сұрақтарын қойыңдар. 3-топ. Олар бастауышты анықтап тұр ма, толықтауышты анықтап тұр ма, дәлелдеңдер 4-топ. «Темекінің адам ағзасына зияны» (ойтолғау) |
Тақырыпты өз бетінше оқып, жұптасып, топтасып талқылайды.
Постер қорғау
Оқулықтағы жаттығуды берілген шарты бойынша орындау
|
|||||||||||
Ой-толғаныс
Кері байланыс |
Берілген сөйлемдегі анықтауышты қай сөз табынан екенін анықтаңдар.
1-топ.
2-топ. Мәтінді сөйлем мүшесіне қарай талдаңдар. Биылғы күз аясыз, құтырынған желсіз жұмақ басталып еді. Мал жайылымда жүр, бүрсеңдер кездің белгілері білінген жоқ. Әр үйдің алдында аңға шығып қайтқан жарау аттар тұр. 3-топ. Төменде берілген сөйлемдерден анықтауышты тауып, құрылысына қарай талдаңдар. 1.Ұлыған қасқырды көріп, зәре құтымыз қалмады. 2. Олардың қыл өтпестей татулығы елге үлгі өнеге болып отыр. 3. Қара торы ат бірінші келді. 4-топ. Сурет бойынша мәтін жазу. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін смайлик арқылы білдіру. |
Жеке, топпен бірлесе тапсырманы орындау.
Оқушылардың көңіл-күйі |
|||||||||||
Үйге тапсырма | 50-жаттығу. Жаттығуды берілген шарты бойынша орындау. | Оқушылар күнделіктеріне үй тапсырмасын жазады. | |||||||||||
Бағалау | Өзін-өзі бағалау. | ||||||||||||