Басы » Тарих » Ақмолаға қала мәртебесінің берілуі

Ақмолаға қала мәртебесінің берілуі

Берсугурова Бакыт Сулейменовна

Сабақтың тақырыбы: Ақмолаға қала мәртебесінің берілуі.
Мақсаты: Оқушыларға Ақмолаға қала мәртебесінің берілуі, қала халқы жөнінде мағлұмат бере отырып, өз елін, жерін сүюге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі:
• Мағынаны тану, жаңа идеяны ұсыну арқылы сыни көзқарасы қалыптасады.
• Түрлі тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығы артады.
• Топпен жұмысты орындау барысында шығармашылық қабілеті кеңейеді;
• Өздері шешім шығару, еркін ойлау дағдысы қалыптасады.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Топпен жұмыс, АКТ, СТО, диалог арқылы оқыту, кестемен жұмыс, шығармашылық тапсырма, тірек — схемамен жұмыс т.б.
Көрнекілік: Электрондық оқулық, карта, ақылды тақта, кеспе, парақ қағаз т.б.
Түйінді идея: «Тарихымызды терең зерттеп, оның тәжірибесінен тағылым алу Қазақстанда патриотизм қалыптастырудың, Отанның лайықты азаматтарын тәрбиелеудің басты шарттарының бірі»
Н.Назарбаев
Сабақтың мазмұны
Уақыты, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс – әрекеті, ресурс деп кестеге бөлінген
1 – әрекет. Сыныппен амандасу. Оқушылар бір-бірімен жұмыс жасауға дайын екендіктерін айтады.
2 – әрекет. Топқа бөлу. Оқушыларға түрлі-түсті қағаз таратылады. Оқушылар топтасады. Түрлі-түстіқ ағаз таратылады
3 – әрекет. Үй тапсырмасын тексеру. «Адасқан сөздерді» пайдаланып, сөйлем құраңыз.
Жауабы: 1) Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы өзінің көшіп-қонып жүретін аумағында жаңа округ ашуды көздеп, Омбыға өтініш жасады. Ф.К.Шубин 1830 ж. 200 казак отрядын бастап, бекініс салынатын жаққа бет алды. 1930ж.округ Есілдің оң жақ бетіне салына бастады.
Ақмола шатқалында бекініс салудың бірнеше себептерін атаңыз?
2) 1832 ж. І Николай жаңа округтің ашылуына рұқсат етті. Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы Сәмекенің шөбересі. Онымен бәсекелес сұлтан Саржан Қасымұлы болды. Жаңа тәртіпті қарпық пен алтай рулары мойындады. Қарабек Байбеков балаларға ислам дінін үйретті.
1845ж.бекініске Ащысу шекара шебінен 100-ге жуық отбасы көшіп келді.
3) Ақмола қалай аймақтағы ірі сауда орталығына айналды? Ақмолаға Мәскеуден, Петербургтан, Төменгі Новгородтан, Ірбіттен, Царицыннан, Орта Азия қалаларынан тауарлар әкелінген. 1852 ж.екі жәрмеңке ашылды. Олар: Константинов, Дмитриев. Сауданы көпес Кубриндер қадағалап отырды.
Қызығушылығын ояту: «Көмекші телефон». Бұрынғы Ақмола, қазіргі Астана. Жетелеу сұрақтары арқылы «Ақмолаға қала мәртебесінің берілуі» деп аталатын жаңа сабақ тақырыбы тақтаға жазылады.
4 – әрекет. Мағынаны тану. Топпен жұмыс
1-топ. Тарихшылар «Астанаға қала мәртебесінің берілуі» тірек-схема
2-топ. Демографтар «Қала халқы санының өсуі»
3-топ. Астана тұрғындары «Астана бас қала» картамен жұмыс
4-топ. Болашақ жастар «Бейбітшілік қаласы»
1-топ. Астана 1830 ж. Есіл өзенінің жағасында қазақ-орыстар әскерлері негізін қалаған бекіністен бастау алады.
1862 ж. Ақмоланы округтік қала деп жариялады. 1868ж. Аймақ орталығына айналды, бірақ облыстық орталық Омбы қаласында қалды. Қалалық дума құрылды > қалалық басқарма (атқарушы орган) Депутаттар 4 ж сайланды.
Полиция басқармасы құрылды, интернат ашылды. Қаржы кассасы пайда болды. Бақ отырғызылды. Дәріхана, екі шіркеу, мешіт, үш сыныптық училище, екі бастауыш мектеп болды. Пушкин ат.қалалық кітапхана болды. Қалада өнеркәсіп дами бастады. 1962 ж. қалаға Целиноград атауы берілді. 1997 ж. егемен Қазақстанның Президенті Н. Назарбаев Жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. 1998 ж. 6 мамыр жаңа елорданың атау Астана болып өзгертілді. 1998 ж. 10 шілде Қазақстанның жаңа елордасы — Астананың халықаралық тұсауы кесілді.
2-топ. Қала саны өсті: шаруалар ағылып келді, 1882ж.бастап саяси жер аударылғандар келді. 1914ж.қала халқы саны 16,5 мың адамға жуықтады.
3-топ. Астана — Қазақстан Республикасының елордасы. Астанада 808 429 адам тұрады. (1 қараша 2013). Қазір қаланың аумағы 200 км2 алып жатыр. Қала Қазақстанның орталық бөлігінің солтүстігінде Ақмола облысында, Есіл өзенінің алабындағы өзен маңы жазықтығында орналасқан.
4-топ. Қосымша мәліметпен жұмыс. 1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды. Бразилияда өткізілген бұл конкурста Астана барлық өлшемдер бойынша әлемнің әр түрлі елдерінің он екі қаласын басып озды. 2011 жылы Астанада 7-ші қысқы Азиялық ойын өтті. 2017 жылы Expo 2017 халықаралық көрме өтеді, 2018 жылы Шахматтық олимпиада өткізу жоспарлануда. Флипчарт, түрлі-түсті қалам, қарындаш кесте т.б.
5 – әрекет. Ой толғау. «Таза тақта»
6 – әрекет. Бағалау. Критерий бойынша өзін-өзі бағалайды
Топ бірін-бірі бағалайды.
Топ
І 5 5 5
ІІ 3 3 4
ІІІ 4 4 3
IV 4 5 3
7-әрекет. Үй жұмысы : § 17

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *