Берсугурова Бакыт Сулейменовна
Сабақтың тақырыбы: Алтын Орда (XIII ғ.орт – XV ғ.орт)
Мақсаты: Алтын Орда мемлекетінің құрылуын, саяси және экономикалық даму ерекшеліктерін түсіндіре отырып, Орданың әлсіреу себептерін ашу. Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі:
Топпен жұмысты орындау барысында шығармашылық қабілетін кеңейеді;
Оқушының оқуға деген мотивациясы артады;
Өздері шешім шығаруға, еркін ойлау дағдысы қалыптасады.
Түйінді идеялар: «Ұлтарақтай болса да, ата — қоныс жер қымбат.
Ат төбеліндей болса да, туып — өскен ел қымбат»
мақал-мәтел.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Топпен жұмыс, кластер, АКТ, диалог арқылы оқыту, шығармашылық тапсырма, презентация. тірек — схемамен жұмыс т.б.
Сабақтың мазмұны
Уақыты, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс – әрекеті, ресурс деп кестеге бөлінген
1 – әрекет. Сыныппен амандасу. Оқушылар бастарын түйістіріп, бір-бірімен жұмыс жасауға дайын екендіктерін айтады.
2 – әрекет. Топқа бөлу. Оқушыларға үлестірме қағаз таратылады.
1-топ. «Шыңғысханның аты»
2-топ. «Шыңғысханның әскері»
3-топ. «Шыңғысханның ұлдары»
1-топқа «Тимүжін, Жеңісхан, Шыңғысхан, Ұлы хан»
2-топқа «ондық, жүздік, мыңдық, түмен»
3-топқа «Жошы, Шағатай, Үгедей, Төле» сөздері берілген.
Оқушылар топқа бөлінеді. Әр топ өзінің парақшалары арқылы неге олай бөлінгендігін түсіндіреді.
3 – әрекет. Проблемалық сұрақ
Керейлер мен Монғол хандығының арасында жақсы қарым — қатынас болғандығын неден көреміз?
• Бұл туралы «Монғолдардың құпия шежіресінде» айтылады.
• Екі хандық одақтаса отырып, меркіт, найман тайпаларға шабуыл жасаған.
• Улан — Батордың жері Торының (Тоғырыл хан) жайлауы болған.
• Монғол мемлекеті құрылғанда олардың хатшылары керейттерден болған.
• Керей ханы Торы Шыңғысты тәрбилеуде көп еңбек сіңірген. Ақылды тақта
4 – әрекет. Топпен жұмыс. «Тез-тез жауап беру» Түрлі-түсті қалпақты кигізгенде сөйлеп кету.
«Алты қалпақты» пайдаланамын.
Ақ-жылдар сөйлейді.
Көк-сандар сөйлейді.
Сары-жағымды оқиғаларды тізбектеу.
Қара-жағымсыз іс -әрекеттерді баяндау.
Қызыл-термин сөздер.
Жасыл-шығармашылық тапсырма (Өлең, тақпақ, қойылым көрсетуге болады)
Проблемалық сұрақ: Бұл өлеңде қай халық туралы айтып тұр?
Жылдар сөйлейді: 1155 жылы (1162) Есугей баһадүрдің жанұясында дүниеге келді.
1206 жылы Монғол империясы құрылып, Шыңғыс хан сайланды.
1207-1208 Жошы Енисей қырғыздары мен Сібір халықтарын басып алды.
1207-1209 Шыңғысхан Танғұт мемлекетін, Тұрфан князьдіктерін, ұйғырларды бағындырды.
1211-1215 Қытайды басып алды, соғыс техникасын қолға түсірді.
1217 ж Күшліктің Жетісудағы иеліктерін басып алды, меркіттерге соққы берді.
1218 ж Шыңғысханның 450 адамы бар 500 түйелік сауда керуенін Ғайыр хан Хорезмшахпен келісе отырып, тұтқындап, өлтіреді.
1219 ж 150 қолмен Шағатай мен Үгедей Отырарды қоршауға алды.
1219-1224 Қазақстан мен Орта Азияны монғолдар толық жаулап алды.
Сандар сөйлейді: (95)Түмен 10 000 адам
Мыңдық
Жүздік
Ондық
Термин сөздер
Үш әскери әкімшілік аймақ
Оң қанат Орталық Сол қанат
Барунгар Кул Жоңғар
Кешіктен – жеке басын қорғайтын жасауыл.
«Жасақ» — мемлекеттің басты заңы.
Бірінші бөлімде нақыл сөздер, екінші бөлімде әскери істер қаралды.
Шығармашылық тапсырма
Отырардың бақытына орнаған
Болар, бәлкiм,
Алдырмай тұр зор қамал.
Бiрақ, әке, жүргенiм жоқ аянып,
Қанша үмiтiм желге ұшты,
Қанша әскерiм жер құшты.
Дала жатыр қызыл қанға боялып,
Егep бүкпей, баяндасам шындықты,
Рухы – өр,
Тәнi – бекем,
Бұл бip қайсар халық екен,
Tipлiктен де артық қойған бiрлiктi.
Бұл қазақ халқы.
5 – әрекет. Криптограмма. Жаңа сабақтың тақырыбын табу. Бейнефильм көрсетіледі.
6 – әрекет. Топ алмасады.
1-топ. «Деректермен жұмыс»
2-топ. «Алтын Орданың күшюі.» (кластер әдісі)
3-топ. Алтын Орданың қоғамдық құрылысы. Шығармашылық тапсырма
1-топ.
«Алтын Орда» атауы XVІ ғасырдың аяғында пайда болған. Орыс деректерінде «Алтын Орда» деп аталса, қытай деректерінде «қыпшақ ордасы» деп аталды.
Плано Карпини: «Алтын Орда деп монғолдар Үгедейдің баласы Күйдікті ұлы хан етіп хан тағына отырғызған кездегі алтынмен әшекейленген киіз үйді атаған»
Шыңғыснама шежіресі: Шыңғыс хан Батуды Жошының орнына хан етіп сайлағанда босағасын алтынмен аптаған Алтын Ордаға кіргізгендігі айтылады.
2-топ.
1257-1266 жж. Берке елді биледі. 1262 жылы Египет сұлтаны Бейбарыс арасында достық қарым қатынас орнады. Мұсылман дінін қабылдайды.
1266-1280 жж. Меңгу-Темір хан тағына отырады. 1271 ж. Византияға қарсы соғыс ашып, өзара келісімге келді.
1290-1312 жж.Тохты хан болды. Иран, Кавказ елдерімен байланысты жандандырды.
1312-1342 жж. Өзбек биледі. Мемлекет күшейді. Қалалық өмірдің дамуына көңіл бөлді. Мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды.
1342 -1357 жж. Жәнібек хан билік етті.
1382 жылы Тоқтамыс Мәскеуге басып кіріп, қаланы өртеп жіберді.
3-топ.
Білікшілер, хатшылар — іс-қағаздарын жазушылар.
Уәзір – азамттық істерге билік жүргізді. Азаматтық билік иесі болды.
Мәлік – жергілікті әкімдер.
Даруғалар – алым – салықтың дер кезінде, дұрыс жиналуын қадағалаған. Халық санағын өткізді, әскер жинады, байланыс қатынасын ұйымдастырды.
Беклер бек – әскери істерді басқарды.
Басқақтар – жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізді, салық жинаумен де айналысты. Ақылды тақта
7 – әрекет. Сабақты қорытындылау.
«Сократ шеңбері»
Мен келісемін… Мен келіспеймін…
Сұрақ: Төмендегі оқиғалар Алтын Орданың әлсіреуіне күшті ықпал етті?
Жиырма жыл ішінде (1357-1380 жж.) таққа таласқан жиырмадан астам хан бірін бірі өлтіріп, мемлекетті әлсіретті.
Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 жылы Куликово даласында Дмитрий Донской әскерінен жеңілуі Орданы мүлде әлсіретті.
Алтын Орданың билігін қолына алған Тоқтамысқа қарсы Әмір Темір бірнеше рет шабуыл жасап, мемлекетті бас көтере алмастай етіп тұралатты.
8 – әрекет. Бағалау. Мен тобымды бағалаймын. Топ басшысы оқушыларды бағалайды.
Қосымша тапсырма
9-әрекет. Үй жұмысы : § 23
Рефлексия «Почтальон»