Басы » Информатика » Вирусқа қарсы программалар, ақпаратты қорғау.

Вирусқа қарсы программалар, ақпаратты қорғау.

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы  Жетібай селосы №3 орта мектебінің  информатика пәні мұғалімі Көптілеуова Райсаның

  қысқа мерзімді жоспары.

Күні:  24.09.14

Пәні: информатика

Сынып: 6 «Г»

Сабақтың тақырыбы: Вирусқа қарсы программалар, ақпаратты қорғау.
Сілтемелер: Компьютер, интерактивті тақта, оқулық, тұсаукесер.
Сабақтың жалпы мақсаты: АКТ-ны пайдаланып, «компьютерлік вирус» түсінігін беру. Оқушыларға теориялық білім бере отырып, ойлау қабілетін, әскерлік белсенділігін дамыту. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы берілген тапсырманы топпен орындауға дағдыландыру.
Оқыту нәтижесі: Вирустан қорғау программаларының мәні және олардың түрлерін біліп, оларды қолдана алады. Ақпараттың қорғалу тәсілдері туралы өз ойларын айту.
Негізгі идеялар: Сыни тұрғысынан ойлау арқылы берілген тапсырманы жұппен, топпен орындап, талқылайды, өз ойларын айтады. Топ мүшелерін сыйлай, құрметтей алады.
Сабақта қолданылатын материалдар: ДК, оқулық, тұсаукесер.
Іс-әрекет Жаңа әдістер: СТО, АКТ

 

1.Топтық жұмыс.

2.Жеке жұмыс.

3.Жұппен жұмыс

Тапсырмалар: 1.Топтық жұмыс

Топтас-бөліс

 

 2.Жұптық жұмыс

1.Бір-біріне сұрақтар қояды

 

 

3.Жеке жұмыс

1. Сұрақ-жауап

2.Компьютермен жұмыс

3.Тест жұмысы

 

  Блум таксономиясы бойынша сабақ жүргізіледі:

1.Сурет арқылы топқа бөлінеді.

2.Шаттық шеңберін құрады.

3.Үй тапсырмасы.

Білу:

-Компьютер деген не?

-Компьютермен адамның қандай ұқсастығы бар?

Түсіну: Жаңа тақырыпты таныстырып, кіріспе жасау. Оқулықтағы және қосымша материалдармен танысу.

— Компьютерлік вирус деген не?

-Сенің үйдегі компьютеріңде қандай вирустан қорғану

программасы бар?

-Қандай вирусқа қарсы программаларды білесіңдер?

-Бұл программалар кімдер жазады?

Қолдану:   Компьютермен жұмыс.

1.Вирустан қорғау программасын іске қос.

2.Базаны жаңартуды орында.

3.Программаның қосымша бетіндегі терезелермен таныс.

4.Менің құжаттарым папкасына тексеріс орнат.

5.Сканерлеуді іске қос.

6.Құжаттарды сканерлеуді аяқтағаннан кейін қорытындысын сарапта.

  Талдау:

Топтас-бөліс. Топтарға тапсырмалар таратылады.

1-топқа:

1.Компьютерлік вирустар:

2.Компьютерлік вирустың үш аксиамасы:

3.Вирустардың әркеті үш кезеңге бөлінеді?

2-топқа:

1.Вирустың негізгі пайда болу белгілері?

2.Вирустардың компьютерге ену жолдары?

3.Компьютердің зақымдалу белгілері мен болғандағы әрекет.

3-топқа:

1.Вирустан қорғау программасы?

2.Вирсутан қорғау программалары өнімінің арасынан кеңінен мына программаны айтуға болады?

3.Вирустан қалай қорғануға болады?

Жинақтау:  ТЕСТ тапсырмасы.
Кейінгі тапсырмалар 1.Тақырыпты оқып келу.§1.3.

2. «Ақпаратты қалай қорғауға болады?» тақырыбы бойынша эссе жазу.

Бағалау

 

 

Рефлексия

 

Топ басшысы өз тобының мүшелерін бағалайды – формативтік бағалау,  мұғалім қорытындылып бағалайды -жиынтық  бағалау.

Кері байланыс жасау үшін  стикерлерге жазып  білім баспалдағына іледі.

  •  Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мағлұмат алдың?
  • Саған қай тапсырманы шешу қиын болды?
  • Нені біліп, үйренуіміз керек?

 

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *