Басы » Блог » АҚШ-тың Хьюстон штатында қазақ мектебі ашылыпты

АҚШ-тың Хьюстон штатында қазақ мектебі ашылыпты

Өткен жылдың 16 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігі күніне орай Техас штаты, Хьюстон қаласында АҚШ-тағы алғашқы қазақ мектебінің ресми ашылуы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, мектеп Хьюстонда тұрып жатқан отандастарымыздың күшімен, ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігінің қолдауымен ашылды. Мектеп ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істей бастады, бірақ оның ресми ашылуы еліміздің басты мерекесіне орайластырылды.
Бүгінгі күні мектепте шамамен 20 оқушы білім алады, олар жас ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінген. 3-6 жас аралығындағы балалар «Балапан» тобында, ал 7-12 жас аралығындағылар «Тұлпар» тобында. Сабақтар жексенбі күні толығымен жабдықталған сыныптарда өтеді, онда оқушылар «Әліппе» мен қазақ тіліндегі өлеңдерді, мақал-мәтелдерді оқиды, халық әндерін және билерін үйренеді.

http://baq.kz

Фото

Өзіміден айта кетсек Бұл материал әлеуметтік жәнеде ақпараттық сайттарда жарияланыпты десекте ұстаздар қауымына керек бола. Алыста жүрседе бұлардың тірліктері құптарлық.  Солтүстік көршімізде 2 млн қазақ болсада жалғыз ғана қазақ мектебі жұмыс жасайды. Ертеңгі ұрпақ елшіл болсын дейміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *