— Мақсат-міндеті: «Менің Дағыстаным» әңгімесінің мазмұны мен идеясын ұғындыру, кейіпкер бейнесін аштыру арқылы Отанды сүюге, ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, INSERT картасы , дискуссиялық карта арқылы сыни ойлауға дағдыландыру, Дағыстан халқы туралы дарынды балаларға мәлімет жинату арқылы , өлең шығарту арқылы шығармашылыққа баулу, танымдық қызығушылықтарын арттыру. Оқушылардың жауаптарына «жоқ» деп қайырмай, «жарайды, дұрыс, кім не қоса алады?» деген сияқты жауаптар мен «жарайсың» сияқты мадақтауларды жиі қолдану, тәуекел ету арқылы өздеріне сенімділіктерін арттыру. Күтілетін нәтиже: — Әңгіме мазмұнын меңгереді — Дағыстан елі туралы жаңа түсінік алады — INSERT картасын толтыра отырып мәтіннен өзіне қажеттісін теріп алуға үйренеді — Дискуссиялық карта арқылы кез-келген мәселеге екі жақты қарап, өз ойын қорғап шығуға үйренеді. Пәнаралық байланыс: география Топқа бөлу /2мин/ Өлең жолдары жазылған қағаздарды суыру арқылы топтасады Ана тілің –арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! Үй тапсырмасын тексеру /8 мин/ Үйге берілген тапсырма «Найман ана» әңгімесі бойынша көрініс даярлап келген топтар кезекпен ортаға шығады . Сабақ кезеңдері І кезең Қызығушылықты ояту /1мин/ Дарынды балалармен жұмыс. Дастан, Гаухар, Гүлназға Р.Гамзатов өмірі, шығармашылығы, Дағыстан мемлекеті туралы презентация дайындау алдын ала тапсырылды. Аталған оқушылар дайындап келген материалдарымен бөліседі. ІІ кезең Мағынаны тану /5мин/ /Жұмыс алдымен жеке, жұптық, топтық жүреді/ І топ — INSERT картасымен жұмыс. Мәтінді оқи отырып, «v» -білемін, «+»-мен үшін жаңалық, «-»-мен үшін жаңалық емес кесте бойынша толтырады ІІ топ –«Ішкі және сыртқы» кестесімен жұмыс. Әңгіме мазмұны бойынша «ішкіге» -өзі келісетін, ұнаған тұстары, «сыртқыға» -өзне ұнамаған, қарсы пікірі жазылады. ІІІ топ –Дискуссиялық картамен жұмыс Сұрақ: Суретшінің өз еліне қайтып барғаны дұрыс болар ма еді? «Ия» және «Жоқ» деп екі жақты дәлелдермен толтырады. ІҮ топ –Венн диаграммасы арқылы суретші бейнесі мен аңыздағы құстың бейнесін салыстырады. ІІІ кезең Ой толғау 5 мин
- Шығармашылық жұмыс. Берілген өлең жолдарын сақтай отырып, өлең шығаруға тапсырма беремін.
Отанын, туған жерін сатпау, ана тілін құрмет тұту, ұмытпау. ………………………………………. сақтаймыз, ……………………………………….. ақтаймыз. ……………………………………….. мадақтап, ……………………………………….. жаттаймыз
- Тест тапсырмасы
Әңгіме желісі бойынша 10 сұрақтан тұратын тест жұмысын орындатамын. Активойт арқылы Бағалау /2мин/ Критерийлер бойынша түсінік бере отырып, өзім бағалаймын /формативті бағалау/ — Тақырыпты түсінуі — Белсенділігі — Тапсырмаларды қатесіз орындауы Шығармашылықпен жұмыстануы Үй тапсырмасы /1мин/ — Концептуалдық кесте. Кейіпкер адамгершілік қасиеті бағаң Қорытындылау Барша халық бас иетін,тілдің асыл қасиетін, Ардақтау мен салмақтау, ей, азамат сенің ұлы парызың. Біздің тілдің көкейінде айтылмаған арыз үн, Туған тілді таптағандар тартар әлі жазығын. Өз тіліңнің сақта, қорға құрып тұрған тағдырын, Селсоқтық пен немкеттілік өркендеудің қас жауы. Халық деген парасатпен салауаттың сарқылмайтын астауы, Ұлттық тілің, ана тілің мынау жалпақ әлемде, Мәдениет пен өркениеттің бастауы. Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің түп тамыры, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды, сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны хақ. Міне, осы орайда ана тілімізді қастерлеу- әрқайсымыз үшін парыз. ХХ ғасырдың ұлы жемісі – қазақ халқы үшін Егемендіктің көк туы желбіреуі болса,ендігі мақсатымыз – ұлттық рухты, еңсені көтеру болмақ деп, сабағымызды аяқтаймыз