Басы » Физика » Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру пәні бойынша теория мен практиканы ұштастыру тиімділігі

Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру пәні бойынша теория мен практиканы ұштастыру тиімділігі

Балхаева Гаухар Науайқызы

Сабақтың тақырыбы: «Саланың технологиялық процестерін автоматтандыру  пәні бойынша теория мен     практиканы ұштастыру  тиімділігі»

Сабақтың мақсаты:      

Білімдік:                          Өтілген тақырыпты  практикада көрсету арқылы  

                                          оқушының білім деңгейін арттыру

Дамытушылық:             Оқушылардың ой — өрісін, шығармашылық қабілетін  дамыту

Тәрбиелік:                       Ақыл – ой рухында тәрбиелеу, адамгершілік қасиетті  қалыптастыру

Сабақтың түрі:              Конференция сабақ

Көрнекілік:                     Интерактивті тақта, презентация, сұрақ – жауап

Мұғалім сөзі:  Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2007 жылға өзінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Елдің экономикалық деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігі сол елдің басты капиталы болып табылатын адамдардың сапасына, өндірісті интеллектуализациялауға, білімге негізделген үздіксіз инновациялық процестерге тәуелді болады. Сондықтан да білім мен ғылым, жаңа технологиялар бәсекеге қабілеттіліктің басты факторлары болып табылады» деп атап көрсетті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 11 – бабында да оқытудың жаңа технологияларының, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін ақпараттық – коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану атап көрсетілген. Ақпараттық – коммуникациялық технологияны бүгінгі білім үрдісінде қолдану заңды құбылыс. Алайда, оны қолдану тиімділігі «мұғалім – оқушы» ара қатынасына жүйелі қызмет етуіне жағдай жасалуымен тығыз байланысты.

Айтжанов Рахим. Тақырыбы: «Блокты шоғырланған сораптық станцияның артықшылығы мен тиімділігі»

      Блоктық шоғырланған сораптық станциялар (БШСС) электр қозғалтқыштардан немесе пештерден бөлінетін жылумен жылытылады.

        БШСС 2.1 суретте келесі түрде жұмыс істейді. Магистраль құбырдан 1 су 3мПа қысыммен басында қабылдау коллекторына 2, ал содан соң электр қозғалтқышпен 4 іске қосылатын немесе қозғалысқа келтірілетін электр ортадан тепкіш сорапқа 3 беріледі. Су сораптан 3 және дистанционды басқарылатын ысырмадан 5 өтіп, жоғарғы арынды коллекторға 6 16 – 20мПА түседі, одан ысырмалар 9 және шығын өлшегіштер 7 диференциалды манометр ДП – 530 арқылы скважиналарға айдалады. Айдау скважинасының өзіндк құйылуға негізделген сүзгісін тазарту үшін ысырмалар 8 ашылады және лас жинау коллекторы 10 бойымен тұндырғыш прудка лақтырылады.

                 

 

       СУРЕТ 2.1  БЛОКТЫҢ ШОҒЫРЛАНҒАН СОРАПТЫҚ СТАНЦИЯСЫ БШСС

                              СЫЗБАСЫ.

                                 1 – МАГИСТРАЛЬ СУ ӨТКІЗГІШ:

                                               2 – ҚАБЫЛДАУ КОЛЛЕКТОРЫ:

                                               3 – ОРТАДАН ТЕПКІШ СОРАПТАР:

                                               4 – ЭЛЕКТР ҚОЗҒАЛТҚЫШТАР:

                                               5 – ДИСТАНЦИОНДЫ БАСҚАРЫЛАТЫН ЫСЫРМАЛАР:

                                               6 – ЖОҒАРЫ АРЫНДЫ КОЛЛЕКТОР:

                                               7 – ШЫҒЫН ӨЛШЕГІШТЕР:

                                               8, 9 – ЫСЫРМАЛАР:

                                               10 – ЛАС СУҒА АРНАЛҒАН ЖИНАУ КОЛЛЕКТОРЫ:

        Жаңа БШСС артықшылығы:

  • қысым өзгерісін анықтайтын және басқару сыртына шығарылған су тазалау блогін орнықтыру;

  • дренажды шымылдықты автоматты деңгей өлшегішпен реттеу есебінде автоматты өңдеу;

  • әрбір агрегаттың айдағанын жеке өлшеу, есептеу мүмкіндігі;

  • сораптық агрегаттарды автоматты бақылаудың сақтандыру параметрлерін артыру;

  • қозғалтқыш жүрекшесі статорымен орам температураларын бақылау мүмкіндігі;

  • сораптық агрегат дірілін бақылау мүмкіндігі;

  • салқындату үшін май жүйесінің деңгейін, қысымын, температурасын бақылау үшін;

  • шыны талшықты құбырларды қолдану;

  • операторлық бөлменің толықтай ТПБАЖ және АРМ автоматтандырылған жұмыс орны:

Блоктық сораптық станциялар технологиялық сызбасы БШСС 2.2 суретінде көрсетілген. БШСС мына блоктардан тұрады: буферлік – сепорациялы I;  II    сорап; III электроқозғалтышын басқару; үлестіруші қондырғылар IV; үлестіруші тарағы V.

Сеперациялы – буферлік блок екі көлденең сыйымдылықтардан 1 тұрады 1-50м бойынша  және  газдардан метаннан  тұратын су сеперация үшін

арналған, сонымен қатар механикалық қоспаларды жою және суды тұндыру үшін, гидравликалық буферді құру үшін, сораптың дұрыс жұмыс жасауын қамтамасыз ететін. Тұнба кезінде газ жолында жанып судан бөлінеді. Сораптық блоктар айдау скважиналарына суды айдау үшін арналған. Сораптық блоктар ЦН–150–100  ортадан тепкіш сорапбынан 2 және  синхронды қозғалтышынан 3 СДВ-800-2 К түрінен тұрады.

 

                          

 Автоматты басқару үшін, сораптық блоктардың технологиялық қондырғының параметрлерін бақылау және қорғау және жалпы станционарлы шаруашылықтың шоғырланған сораптық станцияға (ШСС) өңделген СПКБ “Пласт 1м” жүйесінің “Союзнефтеавтоматика” бірлестігі қолданады, ол блокты – функционалды  принцип бойынша орындалған және аппаратураға қосады.

Сабетова Гүлбаршын. Тақырыбы: «Озна Спутникті Озна Импульс пен салыстыру арқылы бақылау»

Озна спутник өлшеу қондырғысы турбинді есептегіш ТОР және басқа есептегіш типтің көмегімен айырылған сұйықтың өлшеу принципіне негізделген скважина өнімін өлшеуге әкеледі. Қондырғының қолдану аумағы мұнай скважинналарының өнімін  ағынды жинау жүйесі және мұнай өндірудің технологиялық процестің автоматтандырылған басқару жүйесі болып табылады.

Қондырғы сұйықтық бойынша мұнай скважиналарының өнімін автоматты кезеңді анықтау үшін, мұнай скважиналарының жұмысын бақылау үшін арналған.

Қондырғының пайдалану белгісі – мұнай скважиналарының технологиялық жұмыс режимін бақылауды қамтамасыз ету болып табылады.

Артықшылығы:

  • қондырғыда ТОР есептегішінен сигнал болмаған кезде скважина жұмысын бақылау мүмкіндігі қарастырылған;

  • сұйықтық бойынша жоғары жіберу қабілеттілігі;

  • коллектордың шығысында көрсеткіш манометр және қысым бергіші дәнекерленеді;

Ерекшелігі:

  • қондырғылар жөнделе береді;

  • көмірсутегінің құрамы 6 % — ға дейін;

  • коллектордың екі жақты шығысымен;

  • қалыңдытылған құбырдан;

  • 2 – ден 14 – ке дейін скважина мөлшерімен;

  • жинақта сыйымдылықты жылытумен;

  • скважина өнімін өлшеу ТОР есептегіші арқылы өндіріледі.

         Орындау нұсқауы: Спутник АМ – 40 – 8 – 400 КМ, Спутник АМ – 40 – 400/1500, Спутник Б – 14 – 400.

 

        

 

Қондырғы құрылғысы.

Қондырғы технологиялық және аппаратуралық блоктан тұрады. Технологиялық блокта ТОР сұйық есептегішімен айырғышты сыйымдылық, гидрожетек блогы, скважинаны қайта қосқыш, запорлы арматура орналасқан. Аппаратуралы блокта ақпаратты өңдеу және өлшеу блогы, күштік шкаф орналасқан. Өлшеу тәсілі — көлемді.

Скважинаны қайта қосу үшін кіріс түтікшесі екі жақты симметриялық орналасқан және кері клапанмен жарақтанған. Технологиялық блокта жарықтанғыш, жылытқыш және табиғи желдеткіш болады.

 

 

Сурет 2.1  Топтық өлшеу қондырғысының технологиялық сызбасы

 

2.2 Озна – спутник топтық өлшеу қондырғысының техникалық сипаттамасы

АМ 40 – N – 400

АМ 40 – N – 1500

Б 40 – 1 – 400

СКЖ есептегішімен

АМ 40 – 8 – 400 KM

Қосылатын скважинаның мөлшері

1 – ден 14 – ге дейін

1 – ден 14 – ге дейін

1 – ден 14 – ге дейін

8,10,14

8

өту қабілеттілігі т/сут

1 – 400

1 – 1500

1 – 400

30, 60, 120

1 – 400

Жұмыс қысымы, МПа

4,0

4,0

4,0

4,0

4,0

Мұнайдың газ құрамы, Нм/т

60

60

60

60

60

Мұнайдың кинематикалық тұтқырлығы, м/с

120 x 10

120 x 10

120 x 10

120 x 10

120 x 10

Сусыздануы шегіне дейін, %

0 – ден 98 – ге дейін

0 – ден 98 – ге дейін

0 – ден 98 – ге дейін

0 – ден 98 – ге дейін

0 – ден 98 – ге дейін

Күкірт сутегінің құрамы, көлемді %

2 – ге  дейін

2 – ге  дейін

2 – ге  дейін

2 – ге  дейін

2 – ге  дейін

Парафиннің құрамы, көлемді

7 – ге  дейін

7 – ге  дейін

7 – ге  дейін

7 – ге  дейін

7 – ге  дейін

Тұтыну қуаты, кВт

10 – ға  дейін

10 – ға  дейін

10 – ға  дейін

10 – ға  дейін

10 – ға  дейін

]

 

2.3 Озна импульс топтық өлшеу қондырғысының жұмыс жасау принципі

 

Озна – импульс  өлшеу қондырғысыүш фазалы гидростатикалық өлшеу принципіне негізділген, 2003 жылдан бері шығарылып келеді және Озна компания мамандарының өзіндік өндірісі болып табылады. Қазіргі қондырғылар барлық жүргізілген мұнай компанияларында пайдаланылады. Қондырғының қолдану аумағы мұнай скважинналарының өнімін  ағынды жинау жүйесі және мұнай өндірудің технологиялық процестің автоматтандырылған басқару жүйесі болып табылады.

          Озна импульс өлшеу қондырғысы:

  • сулы мұнай қоспа айырылған мұнай шткізатының орташа бір күндік салмақты шығын және салмағын өлшеу үшін;

  • еркін мұнайлы газдың орташа бір күндік көлемді шығынын және көлемді өлшеу үшін;

  • айырылған сусызданған мұнайдың бір күндік орташа салмақты шығынын және салмағын анықтау үшін арналған.

Өлшеу параметрінің қателігі – ГОСТ P 8.615 – 2005 талаптарына сәйкес.

Ерекшелігі:

  • өлшеудің жоғары дәлдігі;

  • әртүрлі пайдалану шарты үшін кеңінен қолданылуы;

  • әртүрлі өнімді біруақытта өлшеудің кеңінен диапазоны;

  • айырғышта сұйық деңгейін электронды және механикалық өлшеу жүйесі;

  • өзара тексеру аралығы 4 жыл.

Артықшылығы:

  • орындауға қатысты төмен бағалығы;

  • пайдалану фазасында сенімді, тұрақты жұмысы;

  • деректердің желісіз берілу мүмкіндігі;

  • ерітілген газдың есептеу мүмкіндігі.

Қондырғы блок – бокста орналасқан технологиялық және аппаратуралықблоктан тұрады. Технологиялық блокка айырғыш сыйымдылығы, тығыздықты өлшеу камерасы, бақылау өлшеу аспаптары және құбыр өткізгішті арматура жатады.

Аппаратуралық блоккақұрамына күштік басқару блогы, ақпаратты өңдеу және өлшеу блогы кіреді.

 

Сурет 2.2 Озна – импульс  топтық өлшеу қондырғысы

\

Техникалық сипаттамасы

 

Қосылатын скважинаның мөлшері

1 – 14

Скважина қондырғысына қосылған өнімнің номиналды диапазоны

400,750,1500,2000

Жұмыс қысымы, МПа

4,0 (40)

Жұмыс ортасының сипаттамасы

Жұмыс ортасы

Температура, ͦС

T – 20 езінде сұйықтың кинематикалық тұтқырлығы

Мұнайдың тығыздығы

Қабатты судың тығыздығы

Парафин құрамы, көлемді

Газды фактор

Газсұйықты қоспа

5 – тен 70 – ке дейін

120 – ға дейін

700 – 900

1000 – 1200

7 ден көп

100 – ге дейін

Технологиялық блокта электр жабдықтың, құрылғының және аспаптың орындалуы

Жарылыс қорғаныш

Аппаратуралы блокта электр жабдықтың орындалуы

Жалпы өнеркәсіптік

 

Исанбаев Бауыржан. «Компрессорлық станцияның жұмыс жасау принципі»

Компрессорлық станциялар газ құбырының өткiзгiштiк кабiлетiн арттыру максатында газ қысымын котеруге және берiлген қашықтыққа дейiн газды тасымалдауды жүзеге асыруға немесе қажетті технологиялық процестердi қамтамасыз етуге (мұнай бергiштiктi ұлғайту үшiн қабатқа газ айдау, газливтiлi пайдалану және т.б.) арналған. Компрессорлы станцияларда әдетте табиғи газдың немесе мұнай газының көп жиналған жерiнде тұрғызады. Компрессорлық станциялар құрылымының комплексiнде келесi обьектiлер мен құрылымдар болуы мүмкiн:

1. бiр немесе бiрнеше компрессорлық цехтар;

2.жинау жүйесi, механикалық және сұйық қоспаларды бөлiп шығару және залалсыздандыру;

3.электрмен жабдықтау, сумен қамтамасыз ету, канализация, байланыс, найзағайдан қорғау және электро-химиялық тоттанудан сақтау, автоматты түрде басқару және телемеханизация жүйелерi;

4.косалқы және көмекшi объектiлер.

Осылайша, компрессорлар орналасатын ғимараттың басқа компрессорлық станциялар аумағында мыналар тұрғызылады:

1.сумен циркуляцияны (тұйықталған) қамтамасыз ету үшiн сорап

орналасатын орын;

2.суды салқындатуға арналған құрылғы;

З .газды суйықтан және механикалық қоспалардан алдын ала тазартуға арналған айырғыштар тобы;

4.майды ажыратқыштар, мұздатқыштар, мұздатқышта тұрып қалған конденсатты бөлуге арналған ажыратқыштар;

5.газды өлшеу пунктi;

б.мұздатқыштардан және айырғыштардан бөлiнген конденсатты айдап шығаруға арналған сораптың орналасатын орны;

7.механикалық шеберхана;

8.құбырлар жүйесі;

9. қосалқы ғимараттар;

Компрессорлық цех- компрессорлы станцияның негiзгi объектiсi. Оған бiр топ компрессорлы агрегатгар, сонымен қатар цехтiң функциялауын (жетiлдiрiуiн) қамтамасыз ететiн қондырғылар мен құрылымды жүйесi кiредi.

 

 

Газ жинау коллекторынан -1 мұнай немесе табиғи газ айыру қондырғысына-3 келiп түседi, онда сұйық және механикалық қоспалардан тазартылады. Одан әрі газ бiрiншi сатылы компрессорға-7 берiлу үшiн қабылдау коллекторына -5 келiп түседi және 1 МПа қысымға дейiн сығылады. Желi (линия) 2 бойынша майлы газ мұнайды дайындау қондырғысының алдын-ала тазалану үшiн айырғышқа З келiп түседi.

Бiрiншi сатылы компрессордан айдалған газ май айырғыштардан өтедi, онда компрессордың  цилиндрiнен газбен бiрге кеткен компрессорлық майдан босатылады да, мұздатқышқа 12 барып түседi. Мұздатқышта май З0-40 С дейiн салқындатылады, нәтижесiнде одан көмiрсутектiк конденсат бөлiнiп шығады. Газконденсатты қоспаны бөлу үшiн оны орташа кысымдағы айырғыштан-14 өткiзедi. Одан соң газ компрессорлардың-7 екiншi сатылы сығуының кабылдануына барады, онда қысым 7,84 МПа. дейiн жеткiзiледi.

Екiншi сатыда сығылған газ алғашқыда температураны төмендету және одан конденсатты бөлу үшiн газ мұздатқыштан- 13 жоғарғы қысымдағы айырғышқа- 15 бағытталады. 10 ГКН Газдымоторлық компрессорларымен жабдықталған компрессорлық станцияда қабылдау коллекторындағы-5 газдың  бiр бөлiгi қысым реттегiш-4 аркылы газды мотокомпрессорлардың отындық желiсiне келiп түседi. Бөлiнiп шыққан конденсат, конденсат жинағыштарға- 16,17,18 бағытталады, ол жактан сораптар орналаскан алаңдағы19 сораптармен ГӨЗ бағытталады.

Осылайша, газды көп сатылы сығу кезiнде, әрбiр сатыдан кейiн газ салқындатылады, бұл кезде одан конденсат түрiндегi бiршама мөлшерде ауыр көмiрсутектерi бөлiнiп шығады. Конденсаттан газдың неғұрлым толық бөлiнуi газды   дайындау әдістерінің  -адсорбция, майлық адсорбция және төменгі температуралы айырғыш көмегiмен жүзеге асырылады.

 

Қорытынды: Осымен конференция сабағымыз өз мәресіне жетті. Осындай барлық арнайы пәндердің теориясын практикамен ұштастыру тиімді. Біз өз мақсатымызға жеткен сияқтымыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *