Қаратөбе ауданы
Жамбыл жалпы орта білім беретін мектеп -балабақшасы
Тақырыбы: ”Таянып секіру: көлденең қойылған үлкен және кіші ағаш аттан аяқты бүгіп 90-қа
бұрылып секіру.”
Өткізген: Денешынықтыру пәні мұғалімі: А.Жұматов.
Сабақтың тақырыбы: Таянып секіру: көлденең қойылған үлкен және кіші ағаш аттан аяқты бүгіп 90 – қа бұрылып секіру.
Бүгіліп отырған қалыптан артқа дома лап жауырынға тұруды жетілдіру.
Әріптесінің көмегімен көпір жасауды бағалау.
Өткізілген орын: Спорт зал.
Саймандар: Акробатикалық төсеніш, ағаш ат,
Сабақ бөлім-і |
Мазмұны |
Мөл-рі |
Методикалық нұсқау |
І 10 мин |
Кіріспе бөлім: Оқушыларды сапқа тұрғызу. Кезекшінің мәліметі, сәлемдесу. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру Жалпы дене жаттығулары.
4. Жүрелеп отырып жүру Арнайы жүгіру жаттығулары.
Арнайы секіру жаттығулары. Оң және сол жақпен секіре жүгіру; Әр адымға секіріп қолды алға (артқа) ай-у; Адымдап жүру демалуды бір қалыпт-ру; Бір орында жасалатын жаттығулар: І.Б.Қ. 1. қолды алға созу 2.Қолды жоғары көтеру 3.Қолды жанға ұстау 4.Бастапқы қалып ІІ.Б. Қ. 1-2 оң қолды жоғары ұстап сол қол белге, сол жақ жанға қисаямыз, 3-4 сол қол жоғарыда оң қолды белге ұстап оң жақ жанға қисаямыз. ІІІ.Б.Қ. аяқты жартылай ашып тұрамыз
ІҮ.Б.Қ. аяқты жартылай ашып тұрамыз
Ү. Б.Қ. екі қолды алға созып
|
1 1 1 25м 25м 25м 25м 25м 25м 25м 25м 25м 25м 25м 25м 25м 4-6 4-6 4-6 4-6 4-6 |
Оқушылардың спорттық киімдерін тексеру. Қолды түзу ұстап жаттығуды дұрыс орындалуына көңіл бөлу. Жаттығудың дұрыс орындалуын қадағалау. Биік секіруіне көңіл бөлу. Қолды шынтақ буынынан бүкпей тіке ұстау. Қол аяқты бүкпей тіке ұстау. Жаттығу жасау кезінде тізені бүкпей тіке ұстау. Қолды белге ұстау жаттығудың дұрыс жасалуын қадағалау. |
І І 30 мин |
Негізгі бөлім: Таянып секіру: көлденең қойылған үлкен және кіші ағаш аттан аяқты бүгіп 90 – қа бұрылып секіруді үйрету. Әрбір секіру кезінде мына төмендегі секіру элементтері орындалады: 1.Аяқты жерге тіреп серпілуге дайындалу; 2.Серпілу 3.Ұшу 4.Жерге түсу Ағаш аттан секіріп үйренуге дайындық жаттығулары. 1.Бір орында тұрып және жүгіріп келіп ұзындыққа секіру. 2.Ер балалар үшін 110 см-ге дейінгі және қыз балалар үшін 105 см-ге дейінгі биіктіктен секіріп түсу. 3. Үлкен ағаш аттың үстінде бір қолмен және екі қолын тіреп отыру қалпынан алға, бір жақ жанға, артқа қарай бұрылмай және бұрылып секіріп түсу. 4.Бұл да сондай, бірақ нақты көрсетілген жерге секіріп түседі, мысалы, сызылып қойылған шеңберге, төртбұрышқа секіреді. 5.Бір орында тұрып, ер балалар 60 см-ге дейінгі, қыз балалар 50 см-ге дейінгі биік ке- дергілерден екі аяқпен бірдей серпіле секіру. 6.Ер балалар үшін биіктігі 75 см, қыз балалар үшін 60 см-ге дейінгі қатты кедергілерден жүгіріп келіп скіру. Бүгіліп отырған қалыптан артқа домалап жауырынға тұруды жетілдіру. Әріптесінің көмегімен көпір жасауды бағалау. |
2-4 2-4 2-4 2-4 2-4 2-4 |
Әсіресе қыз балалар секіру биіктігі өскен сайын сақтықты артыра түскенгі дұрыс. Гимнастикалық ағаш атта жасалатын жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау Кедергілерден секіріп түсу кезіндегі жасалатын жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау |
ІІІ 5 мин |
Қорытынды бөлім: Сабақты қортындылау. Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру. |
2мин 3мин |