Қостанай облысы
Арқалық қаласы
№10 орта мектебінің география пәні мұғалімі
Батырхан Карашинов
Ессіз құмарлық-денсаулықтың қас жауы
Мақсаты:
а) Салауатты өмір салтын қалыптастыруда нашақорлықтың адамға, қоғамға тигізетін кері әсерін әшкерелеу;
ә) Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізуге баулу, өзара пікірталастыра білуге, төл пікірін дәлелдеуге дағыдландыру;
б) Жат әдеттерден аулақ болуды және өмір сүрудің мәнділігін ұғындыру.
Әдісі: сұрақ-жауап, баяндау
Көрнекілігі: кештің тақырыбы, әр топтың салған суреттері
Барысы: Мұғалімнің кіріспе сөзі.
«Дені сау баласыз, елдің келешегі жоқ»-деп Елбасымыз Н.Назарбаев айтқандай, бүгінгі күні «Нашақорлықпен күрес туралы және жасөспірімдердің есірткі қолдануының алдын алу» бағдарламасын жүзеге асырудың қажеттілігі туындады.
Нашақорлық –ғасыр індеті. Қазіргі таңда шешімі жоқ өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Себебі өткен ХХ ғасыр індетіне айналғанғ емі дауасы жоқ АҚТҚ, ЖҚТБ ауруына шалдыққандардың 87% нашақорлар екен.
Нашақорлық –бұл адамгершілік қасиеттен айырып, әртүрлі қылмыстық іс-әрекеттерге соқтыратын ең соңында өз өміріне де, қоғамға да жауапкершілікпен қарауға жігері жетпейтін дәрежеге жеткізетін, өліммен аяқталатын қауіпті дерт.
Енді балалар, өздеріңнің қаншалықты бұл тақырыпта белетіндеріңді байқау үшін сөз кезегін сендерге сұрақ беріп, жауап алу бағытында жалғастырамыз. Әр топ өз білгендерін ортаға салғаннан кейін өзім толықтырып отырамын.
І. Сұрақ-жауап. 1-сұрақ: Наркотик сөзінің мағынасы? Есірткі қалай пайда болған?
«Наркотик» -гректің «наркотикос» деген сөзінен шыққан. Яғни «естен тану» деген ұғымды білдіреді.
Есірткі алғаш рет біздің дәуірімізге дейінгі екі мыңыншы жылы Грекия мен Кипрде пайда болыпты. Көне гректер есірткіні өздері табынатын Морфей құдайының құрметіне арналған дәстүрлі мерекеде пайдаланған. ХХ ғасырдың басына дейін героин залалсыз дәрі ретінде пайдаланылып, кез келген жерде сатылып келген. Осы уақытқа дейін героинді пайдаланған миллиондаған адам есірткінің құрбаны болды. Ал, есірткінің «кокаин» деп аталатын өте күшті түрін 1862 жылы неміс ғалымдары ойлап тауыпты. Есірткінің түрлері пайда болғалы бері қанша адам оның құрбаны болғанын ғалымдар да дөп басып айта алмайды. Бәлкім жүз миллион адам, бәлкім миллиардаған … статистикалық мәліметтерге қарағанда, қазір дүние жүзінде 185 миллионнан астам нашақор бар. Оның 42 мыңы қазақстандықтар. Бұл ресми тіркелгендері ғана. Ал, тіркелмегендері қаншама?!
2-сұрақ. Адамдар нашаны неліктен шегеді?
1.Қазіргі кездегі әлеуметтік тұрмыс жағдайымыз төмендеуіне байланысты, қатты күйзеліске ұшыраған адамдардың кейбіреулері бір сәт бәрін ұмытуы үшін осы жағдайды таңдауы мүмкін.
2.Кездейсоқ жағдайда тап болуы мүмкін:
А) біреулердің ықпал етуі;
Ә) жастардың арасындағы мода, сән деген түсініктің қалыптасуы;
Б) еліктеуден, бір-бірінен артық болып көрінгісі келетіндіктен;
В) оның үстіне қазіргі заманғы түнгі клубтар мен дискотекаларда ауыздандырады;
Г) әлімжеттік, қорқытып-үркіту жолдары, т.б.
3-сұрақ. Нашаны шеккен адамның белгілерін білесіңдер ме?
Жас жеткіншектерде, жаңадан бастаған адамдардағы белгісі ұйқысы бұзылады, мінезінде өзгеріс пайда болады, шыдамсыздық, дегбірсіздік, алақтау, кенеттен қорқу, денесіндегі иненің ізі, қалтасынан кездейсоқ шөп қоқымдарының кездесуі, сөзі мен қимылында ебедейсіздіктің пайда болуы, бейтаныс адамдармен жиі араласып, жұмбақ қимылда, түсініксіз тілде сөйлесуі.
Нашақорлыққа үйренген адамның белгісі қажетті мөлшердегі есірткіні қабылдамаған күні мұрнынан су аға бастайды, көздері жасаурап тұрады, үнемі терлейді.
4-сұрақ. Есірткі заттарын қайдан алады? Оның түрлерін білесіңдер ме?
Әсіресе Азия елдерінде тараған. Соның ішінде Иран, Ауғанстан, Пакистан елдерінен тасымалданады. Есірткінің Еуропа елдеріне біздің мемлекетіміздің территориясы арқылы өтуі елімізді алаңдатуда. Мұндай аждаһаны өсіруде еліміз де «құралақан» емес. Жамбыл, Оқтүстік Қазақстан облыстарының аймақтарында 1 млн. гектар жерге өсірілетіні анықталған. Мұны аз десе Іле Алатауында өсетін эфедра (қыша) деген шөп тағы бар, ол 200 мың гектардай жерде өседі.
Қарасора, көкнәр, қыша, меңдуана, т.б. өсімдік түрдерінен марихуана, кокаин, гашиш, апиын, морфин, эфедрон, героин, анаша, т,б есірткілерін алады.
5-сұрақ. Нашақорлардың қандай құқықтары бар?
Нашақорлықпен ауыратын адамдарды медициналық-әлеуметтік оңайту туралы заң бар. Нашақорлықпен ауыратын адамдарға мынандай құқықтар берілген:
-білікті медициналық-санитарлық көмек алуға;
-кардиологиялық мекемелер мен ұйымдарды таңдауға;
-өз құқықтар, өздерінің наркологиялық сырқатқа шалдығуының сипаты, сондай-ақ емдеу және оңалту әдістері туралы ақпарат алуға;
-медициналық-әлеуметтік оңалтуды тұрғылықты жері немесе қажет болған жағдайда, жүрген жері бойынша өткізуге.
ІІ. Танымдық көзқарастарын дамыту.
Әр топ өз суреттеріне ат қойып, қорғайды. Мысалы: І топ- «Тоқта», ІІ топ- «Жол жоқ есірткіге», ІІІ топ-«Аждаһаға жолама».
ІІІ. «Ажалмен ойнама айналайын» сахналық көрініс көрсетіледі.
ІҮ. Жағдаяттарға жауап беру.
1 жағдаят. Достарынның бәрі темекі шегеді, есірткі пайдаланады, бірақ сенің бұларды пайдалаңғын келмейді. Достарың сені итермелейді, сен достарыңды қиғың келмейді. Не істер едің?
2 жағдаят. Ағаң есірткі пайдаланады, оны сен сезіп, біліп жүрсің. Оған жаның ауырады. Оның осы жаман әдетті тастауына қалай ықпал етер едің, оған сенің күш-жігерің жете ме?
3 жағдаят. Біздің өз компаниямыз, тобымыз болды. Күнде бір уақыт өткізетінбіз. Бірде бізге жаңа бал қосылды. Ол темекіге бір шөп қосып оны «наша» деді, сосын оның жақсы жақтарын мысалдармен айтып, бізге де тартып көруді ұсынды. Балалардың көпшілігі бірден тартып көріп жатты, ал сен?
Ү. Қорытынды пікір.
Нашақорлық, жасөспірім, болашақ сөздерін пайдалана отырып қорытынды ой түю.
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Есірткі қолдануға әуестену бүкіл ғұмыр бойы сақталып қалу мүмкін. Нашақорлықты емдеу ұзақ және күрделі процесс. Емделгендердің ішінара біреуі ғана есірткіге тәуелді болудан құтыла алады. Осындай қауіптен құтылудың жалғыз ғана жолы-ол есірткіні мүлдем татып та көрмеу.
«Білімдіге өмір жарық» деген, бос уақытты білім мен еңбекке жұмсасақ, өміріміз мәнді болады.