Тілім менің — тірлігімнің тынысы,
Тілім де тұр бар байлықтың ырысы.
Қазақстан алға бастап барады,
Мемлекеттік тілге көшіп жұмысы.
Тілді білу басты міндет алдағы,
Қазағымның қазақ тілі ардағы.
Шұбарланған өзге тілдер қатарда,
Күні ертең шығып қалар шаңдағы.
Бұрындары шұбарланған шетінен,
Тілге көшті барлығы да ретімен.
Жақсылыққа бағыт алған жұмысты,
Жаратқанда жарылқағай бетінен.
Ана тілім арта түссін салмағын,
Анамдай боп кеткен сенде барма мін.
Өзге тілдің көшін бастап жүретін,
«Қазақ тілі-көшбасында» арманым.
Жанна ДОНБАЕВА
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі