Басы » Бастауыш сыныптар » Біздің өлкенің табиғаты

Біздің өлкенің табиғаты

   Қызылорда қаласы, Ж.Махамбетоа ауылы

№143 орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі Қадырбергенова Ғазиза

                                             Ыбырай Жақаев «Біз табиғаттың

                                                                        өзін қайта түлететін арпақпыз.Жер,су,ауа –адам

                                                                        баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе

                                                                        жатқан мол қазына.Әрбір ағашыты бұлақты

                                                                                         ыждаһаттылықпен сақтау –басты міндетіміз.»

Тақырыбы: «Біздің өлкенің табиғаты»

Мақсаты:Оқушылардың туған жер экологиясы туралы нақты хабарды білуі,экологиялық жауапкершілік,туған өлке табиғатына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру,экологиялық тәрбие беру.

Көрнекілігі: суреттер,слайд,жасанды ағаш,плакат,т.б.

                                                  Барысы:

1-жүргізуші: Табиғат-адам баласының дүниеге келтіріп,бойындағы барлық махаббат мейірімін,күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы ана.

Табиғат қызығам сенің суретіңе

Бас ием сенің алып құдіретіңе.

Тұрасың күллі әлемге нұр таратып

Тұтқасы тіршіліктің күн бетіне.

2-жүргізуші: Табиғатсыз өмір жоқ.Бұл даусыз шындық.Ол-бар байлықтың көзі,адам өмірінің негізі.Түптеп келгенде адамның өзі де  табиғаттың туындысы. Табиғатты қорғау,яғни экологиялық мәселе бүгінгі таңдағы көкейтесті мәселе.Осыған орай 4 «Б» сынып оқушылары  ұйымдастырған «Қоршаған орта тағдыры – адамзат тағдыры» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші:Экология дегеніміз гректің экос-тұрақ,мекен,логос-ғылым деген  сөздерін құрайды.Бұл атауды алғаш рет 1869жылы Эрнесть Геккель ұсынған болатын.

2-жүргізуші:Алып Жер адамның бесігі

Тербесін сәбиін тербесін.

Адамзат бақыт нәсібін,

Абайла,төгіле көрмесін,-деп Мұқағали ақын жырлағандай қазақ жерін сүю,табиғатын қастерлеу мақсатында тапқыр достардың сайысын ұйымдастырып отырмыз.

1-жүргізуші:Сайыс 5 кезеңнен тұрады.

1-      кезең:«Сәлем сөздің анасы» (таныстыру)

2-      кезең:«Табиғатты аялайық» (көрініс көрсету)

3-кезең: «Жалғасын тап» (мақалдың екінші қатарын жалғастыру)

4-кезең: « табиғат» (сурет салу)

5-кезең: «» (ситуациялық сұрақ)

 

Тренинг: «Ақ тілектер»(Балалар бір-біріне табиғатқа байланысты сөздерді пайдаланып тілек айтады)

 

1-жүргізуші:Табиғат – әсемдіктің төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің  үшін.

Жан-жануар табынып бір өзіңе

Сенен алып тұрғандай бар тынысын.Сайысымыздың 1-кезеңі «Сәлем –сөздің анасы» кезеңіне кезек берелік.

1-жүргізуші: Экология –бүкіл адамзат баласының  шалыс басқан іс-әрекеттеріне келешекте шек қоятын,оның тыныс-тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылым саласы.

Экология өмірдің,

Соғып тұрған жүрегі.

Ей,табиғат,балаңмын

Денсаулығы ғаламның,

Амандығы адамның.

2-жүргізуші:Табиғат пен Жер-Ананың сүйе білу,оны аялау адамның азаматтық борышы.

Қасиетті,қайырымды Жер-Ананың

Мейірінен өмірге нәр аламын.

Аялы алақанмен аялау да

Азаматтық борышы әр адамның.Олай болса сайысымыздың 2-кезеңі экологияға, табиғатқа байланысты 2топтың көріністерін тамашалайық.

 

Көрініс: «Аңшы мен бала»

-Құс аулауға шығамысың?

-Шығамын.

-Атқаныңды жығамысың?

-Жығамын.

-Міне,мылтық атамысың?

-Атамын.

-Сен атып қайт,мен демалып отырамын….

-Құсың қайда қарағым-ау?

-Атпадым.

-Таппадың ба тоғайдан құс?

-Таппадым.

-Көп еді ғой көлде құс?

-Көп екен.

-Е,неге атпадың?

-Қимадым.Туған жердің құстарын да сыйладым.

 

Көрініс: «Қырқылған ағаш»

Әкесі:Әй,Нұрмұхамбет,жүр орманға барып ағаш кесіп әкелейік.

Әкесі:Ұста ана араның бір шетін,арлайық ағашты,неғып тұрсың?

Бала:Әке,ағашты кеспейікші,тиіспейікші,а?

Әкесі:Ей,сен не айтып тұрсың?Үйде отын жоқ қой?(Ағашты кескелі жатқана,құс ұшып келеді)

Құс:Ей,адамдар,неткен қатал едіңдер?Не жазды саған мына орман байлығы?Саған Алла сана берген жқ па еді?неге кесесің ағашты,орманның керегі жоқ па?

Әкесі:Өй,не дейді мына құс?(Құсты таспен ұрып жібереді)

Бала:-Әке,адам да табиғат перзенті.Сондықтан туған еліміздің,жеріміздің табиғатын,байлықтарын қорғау –баршамыздың парызымыз,міндетіміз.(әкесі мен баласы үйіне қайтады)

 

1-жүргізуші: Жер бетінде  ала шұбар дақтар көп.Адамзат баласының көз алдында таусылып,құрып бара жатқан Арал.Алпысыншы жылдары кемерінен аса шалқыған қайран теңіз жыл сайын тартыла-тартыла құрдымға айналды.Ауру-сырқау көбейді.

2-жүргізуші: Қаламаймын бұл келбетін Аралдың,

Қаламаймын жоқ болғанын маралдың

Қаламаймын шағаланың безгенін

Қаламаймын Аралымның өлгенін

1-жүргізуші: Табиғаттың құшағы кең қуатты,

Көргенім жоқ оған теңдес қуатты

Күйіп,пісіп табиғат та кейде  бір

Адамдарша күңіренетін сияқты.Ендігі кезекті 3-кезең «Жалғасын тап» кезеңіне берсек.

 

 2-жүргізуші:Елбасымыз Н. Назарбаев 2030 жылға дейінгі бағдарламасында «Тазалық —саулық негізі, саулық — байлық негізі» деп, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу мәселесіне айрықша мән берді. Табиғатты қорғау жөнінде Қазақстан Республикасы Ата Заңының 38- бабында Қазақстан Республикасы азаматтарына табиғатты сақ тау және табиғат байлықтарын қорғауға міндеттілігі айтылған.

   1-жүргізуші:Бүгінгі таңда экологиялық дағдарыс жекелеген ел көлемінен асып, бүкіл әлемдік мәселеге айналуда.Экологиялық тазалық — еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін өсімдік пен жануарларға да ауадай қажет.

          2-жүргізуші:Табиғатты қорғау үшін бәріміз
Күресейік,бір-бір ағаш егейік,
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,
Таза ауа үшін терімізді төгейік!Енді табиғатты болашақта қалай көркейтеміз деген мақсатта «Болашақтағы табиғат» тақырыбына сурет саламыз.

 

    2-жүргізуші:Табиғаттың көркін ажарландырып,жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су.Халқымыз ежелден-ақ суды қастерлеп, «сулы жер-нулы жер», «Су-табиғаттың анасы», «Су біткен жерде өмір де бітеді», «Судың да сұрауы бар» деп суды ерекше бағалаған.Енді залда отырған табиғат жанашырларымен бірге балық аулауға барайық.(Балық аулау ойыны арқылы көрермендерге сұрақтарға жауап алынады)

 

 

2-жүргізуші:Сезеді бұны тек оқушылар,

Білім нәрін санасына тоқушылар.

Қайыспас қабырғасы басқа жанның

Құлпырып көркейте бер табиғатты.

Қорғаушысы тек сендер,оқушылар!Енді барлық сынып оқушылары табиғатты қорғау үшін ант қабылдайық.

 

Хормен:Табиғатты қорғауға,

Өсімдікті жұлмауға,

Құстарды атпауға,

Білім ордасын аялап,Мектеп мүлкін қорғауға,

Тазалықты сүюге

Санамызға түюге ант етеміз!ант етеміз!ант етеміз!

   2-жүргізуші:Батыр болған бабамнан,

Ел қорғауды үйренгем.

Ару болған анмнан,

Ар қорғауды үйренгем.

Туып өскен ұям деп,

Жер қорғауды үйренгем.

 

1-жүргізуші:Кең далам,асқар тауым,айдын көлім,

Сен-кием,сен-тұмарым,сенсің-демім.

Тәу етіп топырағыңа бас иемін,

Жасай бер,жаса мәңгі,қазақ елі, деп бүгінгі кешімізді аяқтаймыз.Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп –көп рахмет.

Ән.хор: «Атамекен»

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *