Басы » Информатика » Компьютерде жұмыс. Өткен сабақты қайталау

Компьютерде жұмыс. Өткен сабақты қайталау

barmenkulovaЖамбыл облысы Меркі ауданы № 5 Ақарал орта мектебі

Информатика пәнінің мұғалімі: Барменкулов А.Б.

 7 «А» сынып

Сабақтың тақырыбы: Компьютерде жұмыс.Өткен сабақты қайталау.

Сабақтың мақсаты: “Paint графикалық редакторы” тарауы бойынша алған білімдерін тереңдете түсу

Сабақтың міндеттері:

1.Paint программасындағы әрекеттерді тиімді пайдалана білуге үйрету

2 . Компьютерде жұмыс істей отырып, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту

3 . Топтық жұмыс арқылы тапсырманы бірлесе шешуге, топтық ережені сақтауға, өзінің және өзгенің пікірімен санасуды  үйрету

Күтілетін нәтиже :

1. Топтасып жұмыс істей білуге үйренеді

2. Өз ойын еркін жеткізе біледі

3.  Шығармашылық қабілеті дамиды.

4 . Компьютерде дұрыс жұмыс жасай біледі

Оқыту технологиясы:    ақпараттық технология,СТО

Сабақтың типі:   білім мен білікті тексеру сабағы

Сабақтың түрі:    қайталау сабағы

Сабақтың әдіс — тәсілі :  диалогтық сұрақ-жауап, компьютерде жұмыс,   РАФТ, тестік тапсырма, эссе жазу, автор орындығы.

Сабаққа қажетті  құралдар  мен  көрнекіліктер: Мультимедиялық проектор, компьютер

Пәнаралық байланыс: әдебиет

.

Сабақтың жоспары:

 

Уақыты

Сабақтыұйымдастыру формасы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1 мин Ұйымдастыру кезеңі «Амандасу» жаттығуын ұйымдастыра отырып, сыныпта психологиялық  ахуал қалыптастырады. Шеңберге тұрып, бірімен-бірі қол алысып амандасып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру
2 мин Топтасу 1,2,3 деп санату

I  топ:  “Қарындаш”

II топ:  “Өшіргіш”

III топ: “бүріккіш”

 

Саны арқылы топқа бөліну
3 мин Миға шабуыл:

 

Сұрақ-жауап

  1. Слайдтан терезе үзіндісін  көрсету арқылы:  мына суретте қай программаның терезенің үзіндісі көрсетілген?
  2. Басқа программаның терезесінен  ерекшелігі қандай?
  3. Көрсетілген құралдар суретсалу барысында қандай қызмет атқарады?
  4. PAINT графикалықредакторында неше құрал бар?

 

  1. Paint программасы

 

 

 

 

 

 

  1. Меню жолағында сурет және түс жазылған

 

  1. Аймақты белгілеу құралы

 

  1. Редакторда 16 құрал бар

 

Негізгі бөлім

3 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткен сабақты еске түсіру бойынша

Сұрақ-жауап

 

Бағытталған оқу әдісі

 

 

 

 

 

 

1.Paint графикалық редакторын іске қосу алгоритмін айтыңыз?

2. Палитраның міндеті қандай?

 

3.Үзіндіні жоюдың неше  тәсілі бар?

 

 

 

4.Тұйық контурды бояу үшін не істеу керек?

 

 

 

 

5. Графикалық редактор терезесінің элементтерін  ата.

1.Пуск           Программы          Стандартные            Paint

2.Фонның және сурет салатын түсті таңдау үшін

3.Үзіндіні жоюдың бірнеше тәсілі бар: Правка       Очистить выделение, Правка        Вырезать, Рисунок         Очистить

4.Тышқанмен Заливка батырмасын шертеміз, қажетті түсті шертеміз, тышқан нұсқағышын тұйық контур ішіне апарып шертеміз

5.Меню қатары, құралдар жиыны, жұмыс алаңы, түстер политрасы

6 мин Топтық жұмыс

 

І-топ: “Көркем Астана”

ІІ-топ: “Шуақты Шуым”

ІІІ-топ:  “Мектебім –алтын ұям”

 

Әркім берілген тақырып бойынша эссе жазады.

Топ шешімі бойынша ортадан ойы жинақы оқушы оқиды.

10 мин Компьютермен жеке жұмыс Қауіпсіздік ережесін естеріне сала отырып тапсырма береді Жазған эсселері бойынша әр оқушы Paint графикалық

редакторында сурет салады. Оқушылар бірін-бірі бағалайды.

10 мин Тест Тест тапсырмасын таратып береді Берілген тест тапсырмасын жеке орындайды және

бірін-бірі тексеріп бағалайды.

6 мин Сабақты бекіту.

РАФТәдісі

 

І-топ: “Қарындаш”

ІІ-топ: “Өшіргіш”

ІІІ-топ:  “Бүрікіш”

 

Алғашқы топқа бөлінгендегі топтың аты бойынша рөлге енеді.

Топтан бір оқушы автор орындығына отырады.

Басқалары өз қалауы бойынша орнында оқиды.

2 мин Сабақты бағалау

Бағалау критерийлері:

 

      1.Диалогтық сұрақ-жауап                   1 балл

2.Өзіндік компьютерде жұмыс істеуі 1 балл

3.Тест тапсырмасы  1 балл                     4.РАФТ әдісі бойынша                         1 балл

5.Эссе жазуы   1 балл

Топ басшы, бірін-бірі, критерийлер арқылы бағалайды
2 мин Кері байланыс парағы Стекерлер таратады Өз пікірлерін жазады

 

1 мин Үйге тапсырма:

 

Тапсырманы түсіндіру Тарау бойынша түсінігін суретпен

келтіріп эссе жазып келеді

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *