Басы » Бастауыш сыныптар » Пысықтауыш. (Тарихқа толы – Түркістан)

Пысықтауыш. (Тарихқа толы – Түркістан)

Пән мұғалімі: Ұптияр Мереке

Қазақ тілі                                                                                                   

8 сынып  (өзбек бөлімі)       

                                                                        Сабақ жоспары

  Сабақтың тақырыбы  Пысықтауыш. (Тарихқа  толы – Түркістан)
1   Сабақтың мақсаты Тұрлаусыз мүшенің бірі пысықтауыш туралы түсінік беру. Қазақстанның ежелгі қаласы Түркістан, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы білімдерін тереңдету.
3   Оқыту нәтижелері Тұрлаусыз мүшенің бірі пысықтауыш туралы түсінік алды. Қазақстанның ежелгі қаласы Түркістан, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі туралы білімдерін тереңдетті.
4   Әдіс -тәсілдер Түсіндіру,сұрақ-жауап,топқа бөлу,ынтымақтастыру,деңгейлік тапсырма,синквейн әдісі,синтаксистік талдау,БББ стратегиясы,өзін-өзі бағалау.
6   Ресустар Интерактивті тақта, кеспе қағаздары,мақал-мәтелдер, шаттық шеңбері,бағалау парағы

 

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Күтілетін нәтиже Уақыты  
1 І. Ұйымдастыру кезеңі.
Ынтымақтастық атмосферасын құру.

Топтарға бөлу.

1-топ Атамекен

2-топ Қайсар

Есімдерінің бас әрпінен басталатын сын есімдерді тіркестіріп ,бір-бірімен сәлемдесу .

Мақал-мәтелдермен бөліну.

Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.

Туған жер — тұғырың,

Туған ел — қыдырың.

Отансыз адам –

Ормансыз бұлбұл.

Отанға опасыздық еткенің,

Өз түбіңе өзің жеткенің.

Айлалы батыр алдырмас.

Батырлық айқаста танылар.

Өжет өлімнен қаймықпас.

Ақылдан асар амал жоқ,

Батылдар алмас қамал жоқ.

Ұранды елдің – ұрпағы қайсар.

 

Шаттық шеңберін құрды.

 

 

Топқа бөлінді.

 

5мин

 
2 ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

50-жаттығу.

Анықтауышты тауып,сөйлем мүшесіне талдау жасау. Анықтауыш бола алатын сөз таптарын білді.  

5мин

 
3 IV.Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту.

Жаңа сабағымызды Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағалы тұрмын:

«Біз өзіміздің белгілі тарихымыз бен өзіндік болашағымыз бар еуразиялық елміз»(Интерактивті тақтадан оқу)

— Осы сөздердің ішіндегі қай сөздер сендерге ой салады?
— Ал тарихымыз бен болашағымызды не байланыстырады?
— Қандай ежелгі қалаларды білесіңдер?
— Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымызды Түркістан қаласының тарихымен  байланыстырамыз.

  1. Тарихымыз  бен болашағымыз
  2. Тарихи  тұлғалар, ескерткіштер, ежелгі қалалар
  3. Отырар, Тараз, Түркістан

 

Жаңа сабақты

пысықтауышты

тарихпен байланыстырады

 

 

5мин

 
4 V.Мағынаны тану.

а)Жаңа сабақты түсіндіру. Пысықтауыш туралы түсінік беру.

ә) Ой қозғау: Түркістан туралы өз білетіндерін ортаға салу
Түркістан қаласы туралы қосымша мәлімет беру(слайдтар арқылы мұғалімнің түсіндіруі).
Мұғалім сөзі:— Ал, енді осы көргенімізді мәтінмен толықтырайық.
«Түркістан» мәтінімен жұмыс.(мәтінді мәнермен оқу)

б) Деңгейлік тапсырма.

в) Берілген  сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне талдау. Пысықтауыштарды мағыналық түрлеріне қарай ажырату.

1. 1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. (мезгіл, мекен)
2. Студенттер қазақша, ағылшынша сөйлейді. (қимыл — сын)
3. Жер астына ғибадатхана салынған. (мекен)
4. Түркістанға білім алайық деп келдік. (мекен, мақсат)
5. Түсіне алмағандықтан мәтінді аудару қиын екен. (себеп)

Сергіту сәті

ә) Мәтіннен пысықтауыш сөздерді табу.

б) 1-деңгей  Мына өлең жолдарының ұйқасын табу.(интерактивті тақтадан көрсетіледі)

Ол кешегі көркем қала -…
Ойрандалған орнында енді — шоқылар.
Шыңғыс ханнан шімірікпей қорғаған,
Бабаларды құдай өзі…
Бас имеген батыр қала – Отырар,
Онда ерліктің өшпейтұғын оты…
Керекті ұйқастар: олар, Отырар, қараған, қолдаған, бар

Өлең жолынан пысықтауышты табу.
2-деңгей «Бес жолды өлең»(синквейн әдісі)
1. зат есім ( Шаһар)
2. үстеу  (2сөз)
3. етістік(3 сөз)
4. сөз тіркесі(4сөз )
5. сөйлем (сөйлем ішінен пысықтауышты табу)

в) Пысықтауыштарды мағынасына қарай ажырату.

 

 

би билеп дене қимылдарын жасау.

Мәтіннен пысықтауышты тапты.

Деңгейлік тапсырманы орындау арқылы дарынды оқушы   анықталды.

Пысықтауышты мағыналық түрлеріне қарай ажырата білді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушының бойын сергітті.

 

20мин

 
5 VI.Ойтолғаныс . «INSERT»стратегиясы бойынша сабақты бекіту.

 

Білемін Білдім Білгім келеді
     

 

Алған білімін саралай алды.  

5мин

 
6 VII.Бағалау .

Өзін-өзі бағалау

Бағалау парағын толтыру.

 

Өзіне баға берді. 3мин  
7 VIII.Үйге тапсырма .

54-жаттығу. Сөйлем құрап,мағыналық түрлеріне ажырату.

Ереже жаттау.

 

Мағыналық түрлерін білді.

 

2мин  

 

[bws_related_posts]

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *