Басы » Tәрбие сағаттары » Ел басы жолы –саражол

Ел басы жолы –саражол

Астана қаласы әкімдігінің «Медициналық колледж»  МКҚК    
Тарих пәнінің оқытушысы  РакишеваГазизаГалымбековна
Тақырыбы:    Ел басы жолы –саражол
Сабақтың барысы:
1.Кіріспе
а) Ту кіргізіледі, әнұран орындалады
2.Колледж директорының құттықтау сөзі
3.Видеоролик
4.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің сайлануы
а) Жүргізушінің тәуелсіздік туралы сөзі
ә)Халық сайлауы. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің сайлауы
б)Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жанұясы туралы қысқаша мәлімет
в)Көрініс
5.Тәуелсіздіктің қарқынды дамуы
а)Тәуелсіздікті айшықтайтын негізгі белгілері
ә)Қазақстанның даму стратгиясы
б)Студенттердің Елбасымыз жайлы арнау өлеңдері
в) «Жаңа Астана-ежелгі қазақ жерінің төрі!»
6.Қорытынды
Ту шығарылады
Мақсаты мен міндеті:
Мақсаты:Қазақ халқының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы,туып өскен, оқып білім алған,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге,ержүректілікке,азаматтыққа,патриоттық сезімге тәрбиелеу; студенттер жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту.
Міндеті: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың халқымыз үшін жасалып жатқан ісіне қолдау көрсету,қарқындап дамып келе жатқан еліміздің жарқын болашағына сеніммен қарау, студенттердің ұлттық болмысын қалыптастырып, ұлтжандылық қасиетін арттыру.Елбасымыздың өнегелі өмірінен үлгі алу, отансүйгіштікке баулу.
Сабақтың түрі:әдеби-музыкалық сахналастырылған сабақ
Күтілетін нәтиже:
1.Студенттердің жеке шығармашылық ізденістеріне жол ашады.
2.Студент бойындағы ұлттық болмысты қалыптастырады.
3.Отансүйгіштік, ұлтжандылық,ізгілік қасиеттерін қалыптастырады.
4.Ойлау мен сөйлеу мәдениетін ұштастырып, дамытады.
5.Танымдық білімін арттырады.
Көрнекілігі: Презентация,мемлекеттік ту, «Елбасымыздың төл туындылары» атты көрме,Н.Ә.Назарбаевтың «Ел көшін бастау маған сын»балалық шағы мен жастық шағы туралы көрме.
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде әкелінсін!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
1-жүргізуші: Алаулаған алабынан нұр тамып,
Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.
Көк байрағың желбірейді төріңде,
Әнұраның тұр көгіңде шырқалып.
2-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен студенттер осы кешке қатысушы достар,қадірменді қонақтар!
1991 жылғы 1 желтоқсан Қазақстан жұрты тарихтың сынына түсті.Халқымыз абыроймен шықты сол сыннан.Сайлауға келуімен де,лайықты ерге дауыс беруімен де даналығын,даралығын, кеңдігін,кемеңгерлңгңн көрсетті.Елдіктің ерлігін танытты.Содан бергі жиырма жылдан астам уақыт ішінде Қазақстан халқы Елдің бағына туған Ердің төңірегіне топтасып, екі тізгін, бір шылбырды беріп, азаматым,ардағым деп сеніп Елбасына еріп келеді, Тәуелсіздіктің ризығын теріп келеді,келешегінің кемел боларының кепілін көріп келеді.
Бүгінгі 1 Желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы жолы-сара жол» атты салтанатты іс-шарамызды ашық деп жариялаймыз!Салтанатты іс-шарамыздың бет пердесін ашу үшін құттықтау сөз кезегін колледж директоры Ақбала Нүрсейітқызына береміз.
1-жүргізуші: Берекеміздің бастауы болған бұл күн-біздің өз таңдауымызды өзіміз жасауымызды, өз тағдырымызды өзіміз шешуімізді бастап берген күн.
Бұл күн – тарихымызда тұңғыш рет бүкіл халық болып Президент сайлаған күніміз.
Бұл күн –елдіктің жолындағы ең алғашқы қадамымызды алғаш жасаған күніміз.Біздің ұлы күніміз. Мереке құтты болсын!
Видеоролик көрсету.
1-жүргізуші:   Тәуелсіз елім туыңды биік ұстадың ,
Көтерді халқың уақыттың ұлы қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа
Жасай бер ,жаса Тәуелсіз Қазақстаным!
2-жүргізуші: Осы тәуелсіз еркіндікте өмір сүруге біз қалай жеттік, кімдер арқылы жеттік,иә, тарих бетіне үңілсек,ол өте ұзақ жылдар бойы ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша аянбай күресіп,елім, жерім, ұрпағым деп ,бабаларым тыныш бейбіт өмір сүрсін деп бізге тәуелсіз мемлекетті сыйлады.Біз,әрине, оған қуанамыз,шүкіршілік етеміз.Осындай көп ұлтты мемлекетімізді басқару Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевқа бұйырған екен.
1-жүргізуші:Ақ тілеумен күткен еді бұл қазақ
Елдің жүгін көтеретін Нар ұлын!
Нұр күндей боп шықты есімі шырқауға
Ел-басымыз, Ер-қосшымыз — қорғаған
Айналды ол нағыз әділ- Сұлтанға!
Жер жаһанның түпкіріне салынды із.
Біз қазақпыз-Ұлтпыз! Елміз! Халықпыз!
Егеменбіз! Еріктіміз! Азатпыз!
Елдігімен, Теңдігімен ғажаппыз!
Өз еркіне қолы жетіп бүгінде,
Сенімменен сөйлеп тұрған қазақпыз!
2-жүргізуші: Тұңғыш Президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы.Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келді.
Енді «Үш қоңыр» жайлауында туылған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың дүниеге келген шағынан қысқаша көрініс.
Елбасымыздың сөзіне жазылған  «Үшқоңыр» әні.
Сөзі:Н.Ә.Назарбаевтікі
Әні:А.Қоразбаевтікі.
1-жүргізуші: «Құдай қазаққа қырын қарамаған, пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үстін толтырып кен берген,мейірбан ақ көңіл,адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген»,-дейді Елбасымыз.
2-жүргізуші: Үлкен өмірге қадам басқан Нұрсұлтан 1960 жылы- Днепродзержинск техникалық училищесін,1967 жылы — Қарағанды металлургия комбинатына қарасты жоғары техникалық оқу орнын, 1976 жылы-Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген.Экономика ғылымының докторы,академик. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау  қаласындағы Қарағанды комбинатында қатардағы жұмысшы болып бастап,домна пешінің аға газдаушылығына дейінгі жолдан өтті. Жоғары мемлекеттік және партиялық қызметтерді 1979 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы болып сайланған кезден атқар бастады.
1-жүргізуші: Мың бұралып билеген
Аяғы жерге тимеген
Қуаныш сыйлап көңілге
Гүлдер тобы билеген — дей келе, салтанатты мерекені «Гүлдер» бишілер тобы жалғастырады.
1-жүргізуші: 2012 жылы барша халық,барлық қазақстандықтар алғаш рет «Тұңғыш Президент күнін» атап өтті.1 желтоқсан -Қазақстанның жаңа жылнамасындағы тарихи күн.Тап осы күнді еліміз «Тұңғыш Президент күні»ретінде атап өтуі заңды.Осы күні, 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп,Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның Президенті болып сайланды.Сайлауға қатысқандардың 98-78%-ы оны жақтап, дауыс берді.Президент болып тағайындалған күннен бастап ол Қазақстанның дағдарыстан шығуына сара жол сала білді.Елбасының салиқалы саясатының арқасында аз уақыт ішінде әлемге танылуы толассыз,тынымсыз еңбекпен келгені белгілі.Сондықтан да Елбасы жолы -сара жол.
2-жүргізуші:Әр сөздің астарында осы арада
Ағайын ой жіберіп жете қара
Тәуелсіз Қазақстан тарихында
Тұлғасы Елбасының жеке дара!
Өмірдің судай ағып өзегімен
Келеді президенттер кезегімен.
Елбасы-Назарбаев егіз ұғым,
Жасайды мәңгі бірге өз елімен.
Ауыр күнді артымызға тастауы-
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
«Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай
Бір керемет жасады-ау,кісілік!
1-жүргізуші: Атадан туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіне келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі – деп жыраулар поэзиясында алтын әріптермен жазылғаны сияқты, атадан ұл туылып, ата жолын қуып, елдің ауыр жүгін арқалаған Елбасымыз:
«Ел көшін бастау – маған сын,
Мені қостау-елге сын» ,-деген еді.
Топ студенттерінің орындауында «Елім менің» әнін қабыл алыңыздар.
Сөзі:Н.Ә.Назарбаевтікі
Әні: Б.Тілеухановтікі
2-жүргізуші: Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан-жақты дамыған тұлға,сондай-ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Оған дәлел жаңа ғана өздеріңіз тыңдаған «Елім менің», «Үш Қоңыр» әндерін біз мақтанышпен айтамыз.
1-жүргізуші: Бүгінде Елбасымыз Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыруға,азаматтардың әл-ауқатының өсуіне және ел қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған ұзақ және қысқа мерзімде бағдарламалар жобасы жасалынды.Осы бағдарламалардың нәтижелеріне құлақ асып,мамандық иелерінің көзқарастарын тыңдайық.
1.Студент2.Мұғалім3.Дәрігер
4.Ана5.Құрылысшы6.Қарт ата
1-жүргізуші: «Менің атам да анам да – қазақ.Қазақпын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ.Намыстанбаймын да.Қайта маған тіл, діл, өмір,тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын.Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың ұлы болу мүмкін бе? Мүмкін емес» , — дейді Елбасымыз.
Домбыра үніне ұйымаған, жусанды даланың иісін аңсамаған қазақты қазақ деп айтудың өзі қиындау.
Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қазақ – домбыра – дегендей топ студенттерінің орындауында «Жастар» күйін қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Елбасы-туған халқы, туған жерін, даласын жанындай сүйетін адам.Мұны сөзімен де, ісімен де, шығармашылығымен де дәлелдеп келеді.Елбасының жан шуағы атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңдеріне тоқталып өтейік:
Студент: Тәуелсізбін бар ма мұң?
Тәләйлі болсын талғамың,
Өркені өссін қазақтың,
Осы менің арманым!
Күн тұрғанда тұратын,
Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана,
Осы менің мұратым!
О,Ақорда, Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр,
Баянды болсын Азаттық,
Осы менің мақсатым!
Халқым менің тірегім,
Құрбан жаным,жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы – менің тілегім.
Студент Байназарова Арайлымның сөзіне жазылған «Тарихта қалар Елбасы»:
Қазақ елі…..
Тарихы терең Алаштың ғажап жері
Бостандықтың босағасын аттасам деп,
Талай қазақ жау қолынан азап жеді.
Талай қазақ құрбан болды ел үшін
Жанды қиды ұрпақ үшін, жер үшін
Орындалып бабалардың арманы
Көрудеміз бостандықтың жемісін.
Бабамның қызыл тілі қылыш тілген
Жалғыз Аллах жүрекке иман кіріктірген
Көк туды берік ұстап Назарбаев
Көп ұлтты бір қазанға біріктірген!
Бар өмірін халыққа деп арнаған
22жыл ел басқарған бар ма адам?
Қайтпас қайсар барысқа ұқсап өрлеген
Назарбаевты Аллахтың өзі қолдаған
Тіл тигізбес жүрегі таза арлы адам
Әр қадамын тек ел үшін арнаған
Әлем таныды Елбасы мен қазақты
Көк аспанда қыран құсы самғаған
Күресер қазақ ұяты менен ары үшін
Көтерер рухты алдыртпас қайсар намысын
Елімнің ұлы тарихын тіккен Нұрсұлтан
Қазақтың туған, Алаштың туған бағы үшін!
1-жүргізуші:Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі.Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар.Соңғы жиырма жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткерлер,президенттер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері.
2-жүргізуші: Иә, дұрыс айтасың әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күнне күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес? Юнеско-ның шешімі бойынша  Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы»  атағы беріліп, медальмен марапатталды. Астана — мемлекетіміздің биік мәртебесі! Жоғарғы Дәрежесі! Бақ берекесі!
Асан қайғы, Бөгенбай, Қорқыт өскен — Астана!
Кенесары, Наурызбай жортып тосқан — Астана!
Есіл, Нұра екі өзен нәрін тосқан — Астана!
Ақан, Ғазиз, Біржан сал ән қосқан — Астана!
Барша қазақ жұртының бел ордасы — Астана!
Күллі әлемге танылып, мақтан болған — Астана!
Үлкені мен кішінің жыры болған — Астана!
Арнау өлең айтылар ақыныңның шаттана!
1-жүргізуші: Елбасымыздың сөзімен айтқанда: «Жаңа Астана — ежелгі қазақ жерінің төрі!» . Көркейген Ел Ордамыз жайлы ән тыңдасақ.
2-жүргізуші: Төле би:
Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Атадан қалған сара жолым бар — деген екен.
«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз».
2-жүргізуші: Осымен 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне орай өткізілген Елбасы жолы — сара жол атты іс-шара өз мәресіне жетті. Бүгінгі күннен мазмұнды да, мағыналы тәлім алып, Тәуелсіз еліміздің рухын көтерер азамат болыңыздар деген тілекпен мерекелік кешімізді жабық деп жариялаймыз.
1-жүргізуші:  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы салтанатты түрде шығарылсын!
1-жүргізуші: Сіз — әке барша қазақ бәрімізге,
Жас сәби үлкен — кіші кәрімізге.
Сіз — басшы, халқың — қосшы бола бергей
Жарасып келе жатыр әніміз де сәніміз де, — дей келе «Жаса Қазақстан» әнімен бүгінгі іс-шарамызды аяқтаймыз.
[bws_related_posts]

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *