Астана қаласы әкімдігінің «Медициналық колледж» МКҚК
Тарих пәнінің оқытушысы РакишеваГазизаГалымбековна
Қазақстан қайта құру кезеңінде
Сабақтың мақсаты:
- Студенттерге 1986-1991 жылдары елдің әлеуметтік-экономикалық қоғамдық-саяси жағдайы өмірі,қайта құру, 1986 жылы Желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру.
- Тарихты оқыта отырып студенттерді елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу.
- Тарихи балама жолдың болу мүмкіндігін қарастырып,қоғамның даму диалектикасына ой жүгірту.
Типі: Жаңа сабақ
Көрнекілігі: Желтоқсан оқиғасына байланысты бейнематериалдар, слайдтар, қоғам басшылары туралы мәлімет беретін буклеттер.
Әдісі: Жеке ізденушілік, жаппай тексеру, жұптық жұмыстар, интерактивті әдістер, мәселе қойып оқыту технологиясын пайдалану.
Сабақ барысы. I. Ұйымдастыру.
II. Мақсат қою. «Есіңе түсір!» 1946-1985 жылдардағы республикаға қатысты маңызды даталар (слайд).
III. Жаңа сабақ. « Ізден!» кезеңі студенттерге қойылған сауалдарға жауап іздестіруді талап етеді.
- 1. Елдің әлеуметтік-экономикалық өмірін қайта құру бағыты бойынша:
А) Кеңестер Одағының барлық республикаларында аса ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдай қалыптасуына не себепші болды?
Ә) Дағдарыстан қалай шығуға тырысты?
Б) Жеделдету бағытының солақай жақтары?
- 2. Республиканың қоғамдық-саяси жағдайына шолу:
Д.Қонаев туралы материалдар, елде орын алған өзекті мәселелер.
- 3. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғаларына байланысты арнайы деректі фильм.
А) Студенттерге тірек сөздер беріледі.
Ә) Шығу себептері, неліктен көтеріліске шықты.
Б) Маңызды өзектілігі
В) Жаңа материалды меңгергендегі тексеру кезеңі « Өзіңді тексер!»
Сөздікпен жұмыс.
Жариялылық — ақпараттардың қоғамдық таныстыруға, талқылауға, ұйымдардың мекемелердің және лауазым иелерінің қызметтерін бақылау үшін ашықтық.
Демократия — халықты биліктің қайнар көзі ретінде танитын, қоғамның мемлекеттік — саяси құрылымның формасы.
Президиум – жиналысты алқалы түрде жүргізу үшін сайланған адамдардың тобы.
Осы сияқты Пленум, Мароторий, Мәңгүрт, Ұлтшылдық, Ұлы державалық саясат т.б. терминдерге түсінік беріледі.
Тест тапсырмалармен жұмыс
- 1. 1986 ж. 17-18 желтоқсандағы оқиғалардың сипаты?
А) ұлт-азаттық Ә) саяси
Б) демократиялық В) әлеуметтік
- КОКП ОК-нің елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бағытын жарияланған Пленум болған мерзім:
А) 1985 жылы, наурыз Ә) 1987 жылы, наурыз
Б) 1989 жылы, Наурыз В) 1988 жылы,наурыз
- 3. Д.Қонаевтың Қазақстан КОКП ОК Бірінші хатшысы қызметінде болған жылдар:
А) 1958-1960 және 1963-1985
Ә) 1960-1961 және 1963-1987
Б) 1960-1962 және 1964-1986
В) 1959-1963 және 1965-1986
- 4. 1986 жылғы көтеріліске қатысқандар:
А) Горбачев, Колбин
Ә) Рысқұлбеков, Спатаев
Б) Т.Рысқұлов
В) Г.Романов
- 5. КОКП ОК 1985 ж. Қандай бағытты таңдап алды:
А) қайта құру
Ә) жеделдету бағыты
Б) егемендік алу бағыты
В) қоғамды жаңарту бағыты
Бағалау.
Үйге тапсырма: Кестені толтыру (1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы).
Себеп Сылтаулар |
Өткен күндері |
Желтоқсан оқиғасына қатысушыларға қолданылған шаралар |
«Алты алаштың арасы – Абылай»
Жүргізуші: Армысыздар бүгінгі кешке жиналған ұстаздар мен білім алушылар! Бүгінгі кешіміз қазақ халқының тағдыры талауға түскен кезде елін, жерін жаудан қорғап, азат еткен, қазақтың қазақ болып қалуында зор рөлі болған бабамыз, Алаштың айбын – ардағы Абылай ханға арналмақ. Биыл Абылай ханның туылғанына 300 жыл. Қазақ тарихында өшпес орны бар, үш жүздің басын қосқан данышпан хан, алып мемлекеттердің аузына іліктірмей елін сақтап қалған кемеңгер дипломат, жаумен айқаста жеңістің жолын таба білген көреген қолбасшы Абылай ханның мерейін асқақтатуымыз керек.
«Абылай ханға арнау»
«Балапан қаз» әні
Жүргізуші: Көрініс «Балалық шақ, Жоңғарлар салған жара».
Жас баланы жетелеген қарт кісі. Бала 12 жаста.
Бала: Ата, тұр, жүр кеттік, жау келіп қалар, мен сізді сүйейін!
Қарт: Жоқ балам, енді жүре алар емеспін. Сен тоқтама жүре бер, бірақ тыңдап ал балам! Сенің атаң – Абылай, Түркістанның билеушісі болған. Аты аңызға айналған, әкең Уәли орта жүздің сұлтаны, ал сен сол екеуінің бауыры Әбілмәмбетті іздеп тап,өзіңді жан адамға ашпа. Жауға сырыңды берме. Оның сәті келер. Қош бол балам, қош!
Бала: Жоқ ата, мен сені тастамаймын! (қартты сүйреп сахнадан шығып кетеді).
Жүргізуші: XVII ғасырдың 30-жалдары Батыс Монғолияда жоңғарлардың әскери — феодалдық мемлекеті құрылды. XVII ғасырдың 40-жылдары жоңғарлар Қазақстанға баса көктеп кірді. Қазақ халқы 100 жылдан астам уақыт жоңғарлармен күрес жүргізді. Қазақ қарсы Еділ бойындағы қалмақтарда ел тонау жорықтарын бастады. 1723 жылы басталған қазақтардың босуы «Ақтабан шұбырынды» деп аталады.
Көрініс
Бала: Асалаумағалейкум, биеке!- деп сәлем беріп, анадай жерге отырады, астына биіктеу шапанын жауып қояды.
Төле би балаға сынай қарап:
Қай баласың, аты — жөнің
Барма еді әке – шешең, аға, інің?
Адам болсаң хан текті, құста сұңқар,
Байқасам келіседі соған түрің.
Құс болсаң, ақ сұңқардың балапаны,
Адам болсаң қазақтың нағыз ханы.
Шырағым, төремісің, қарамысың,
Жөніңді аяқ бастан айтшы қане!
Бала: Атымда, жөнімде жоқ бір баламын
Дәм айдап тентіреген бишарамын.
Әке-шешем, ел жұртым, туғаным жоқ,
Атымды сіз қойсаңыз құп аламын.
Төле би: Енді, Сабалақ болсын сенің атың
Сөзі пысық, жауабын берген батыл,
Қой жайсын, байқармыз одан әрі,
Сынақтан өтіп жатса мұның затын.
Сабалақтың мойнына қоржын іліп, қолына таяқ ұстатып, шығарып салады.
Төле би: Артынан бақылаңдар баланың бұл,
Келбеті ақ сұңқарға ұқсап ол тұр.
Түбінде сыннан өтіп, білінер бұл,
Тұқымы екендігі асыл тектің.
Жүргізуші: Әбілмансұр Төле бидің қойын бағып, жылқысын қарап, түйешісі болады. 18 жасында Төле бидің Сабалақ аталған түйешісі көп қолмен қалмаққа қарсы аттанады. Бөгенбай 80 жасында қалмақтың батырымен жекпе-жекке шықпақшы болады. Әбілмансұр Бөгенбайдан рұқсат сұрап қарсы шығады. Осы шайқастан ол «Абылай» атанды.
Көрініс. Сахнада Әбілмәмбет отыр.
Әбілмәмбет: Шырағым неге шаптың Абылайлап?
Босады жүйкем қатты ағамды ойлап.
Әкең кім? Ел-жұртың кім, туғаның кім?
Жөніңді бастан аяқ айтшы жайлап.
Сабалақ: Жан аға, қазақ қалмақ ерегесі,
Мұндайда ердің қосар делебесі,
Қысылған соң аузыма түсіп кетті
Абылай – атам, мен оның немересі,
Шын атым – Әбілмансұр әкем қойған.
Өз әкем шабынды да басын жойған.
Сұрасаң, әкем аты — Уалихан ,
Дариға-ай, кез кеткен соң шығар ойдан.
Әбілмәмбет: Қарағым, анықсыңба Әбілмансұр,
Сағынып жүруші еді сүлдерім құрып,
Бір баланың қалғанын естуші едім,
Әбілмансұр екенін түріңде тұр.
Күй «Ерке сылқым»
Жүргізуші: үлкен әкемнің әруағын шақырып, жабуға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілерінің біріне айналды.
Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да тиімді пайдаланды.
Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттар мен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті.