Суды экономдаудың жолдары
Судыңда сұрауы бар деп бекер айтпағамыз ғой. Бірақ өкінішке орай осы сөзді ескермейтініміздің кесірінен қалтамыздан артық тиын тебен шығатынын білсекте үнемдемейміз. Не үнемдеудің жолын білмейміз. Төмендегі материал халыққты сумен қамтамасыз ету арқылы ақша жинайтын мекеме дерегіне сүйеніп жасалып отыр. Олар осылай көрсетсе ақпарат рас деп сенейік. Үнемшіл болайық, мархабат!
Тіс тазалау орта есеппен 1 минут уақыт алады
Кран ашық тұрғанда
1 минут ішінде краннан орташа 10 литр су ағады. Жанұяда 3 адам болса, 30 литр су кетеді. (Күніне 2 рет жуатын болса екі есе көп кетеді). Бір айда тіс жуу үшін 1800 литр су қажет болады.
Кран жабық болса
1 адам тіс жуу үшін 0.25 литр су , 3 адамға 0.75 литр су керек. . (Күніне 2 рет жуатын болса). Бір айда тіс жуу үшін 45 литр су қажет болады.
Бір айда 1755 литр суды эконом жасауға болады.
Су жіберетін бак
1 кнопкалы дәстүрлі нұсқасы
Бір рет қолданғанға шамамен 10 литр су кетеді. (Адам күніне 6 рет пайдаланса) 60 литр су қажет. Отбасыдағы 3 адам күніне 180 литр су қолданады. Бір айда 5400 литр су пайдаланады.
Екі кнопкалысу жіберетін бакқа ауыстырса
Бір рет қолданғанға шамамен 5-10 литр су кетеді. (Адам күніне 6 рет пайдаланса) оршата есеппен 35 литр су қажеттілігіне жаратады . Отбасыдағы 3 адам күніне 105 литр су пайдаланады.
Бір айда 3150 литр су шығындайды.
2250 литр суды эконом жасайды
Ыдыс жуған кезде
Кран ашық тұрғанда
1 минутта краннан 10 литр су ағады. Ыдысты 5 минут жуса 50 литр су шығындалды. Күніне үш уақыт ыдыс жуатын болса, айын 4500 литр су шығындалады.
Кран жабық болса
1 минутта краннан 10 литр су шығындалды. Күніне үш уақыт ыдыс жуатын болса 30 литр, айына 900 литр су шығындалады.
3600 литр суды экономдауға болады
Гигиенаны сақтау үшін
Ваннада жуыну кезінде
1 процедура үшін 150 литр су, отбасыдағы 3 адам үшін 450 литр суды шығындайсыз.
Отбасы үшін ваннада жуыну үшін 13500 литр су керек
Душта жуыну кезінде
1 процедура үшін 50 литр су, отбасыдағы 3 адам үшін 150 литр суды шығындайды.
Отбасы үшін душта жуыну үшін 4500литр су керек
9000 литр суды экономдауға болады.
Тоя жесең қой қалады, тарта жесең тай қалады деп әжем айтушы еді. Жарықтықтың заманында заман басқа еді.
[bws_related_posts]