Басы » Математика » Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

Ондық бөлшектерге амалдар қолдану

   Атырау облысы, Индер ауданы

Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп

Математика пән мұғалімі: З. Хисметова

Тақырыбы: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: 1) Ондық бөлшектерге амалдар қолдануды  үйрету;

2)Оқушылардың әр топ бойынша бағалау әрекеттерін ұйымдастыру. Дамытушылық: 1) Әр түрлі әдістер негізінде танымдық қызығушылығын;

2) Ондық бөлшекке амалдар қолдану шеберлігін дамыту .

Тәрбиелілік:   Шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлға тәрбиелеу, қазақтың  ат

спортын дәріптеу арқылы  ұқыптылыққа, байсалдылыққа және  белсенділікке         тәрбиелеу.

Сабақ түрі : алған білімді нақтылау, қорытындылау сабағы.

Сабақ көрнекілігі : жылқы суреті ,тірек-схема, дөңгелектер, ватман, үлестірмелер, тест

тапсырмалары, есептер жазылған топшамалар, бағалау парағы, стикерлер,

смайликтер салынған плакат, видео-роликтер.

Әдіс-тәсілдер: кубизм, топтастыру, кластер әдісі, сұрақ-жауап, өз бетімен жұмыс, жекелеме оқушымен жұмыс, практикалық, рефлексия.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі:

  • Оқушылармен амандасу;
  • Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалау;
  • Оқу-құралдарын түгелдеу.
  • Жылқылардың суретін бөлшектерге бөліп, сол бойынша оқушылады топтастыру.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру:

1)  Үй тапсырмасында кластер әдісі қолданылады, яғни әр  топ ондық бөлшектерге қолданылатын амалдарды өздерінің ойларымен бейнелеп шығады.

2)  Кубизм бойынша ережелерге шолу жасалады.

 

ІІІ. «Жамбы ату сайысы» қатесін табу (Жылқының үстінде отырып садақ ату)

Тақтада жазылған ондық бөлшектерге қолданылған амалдардың ішінде үтірлер не қалып қойған, не дұрыс қойылмаған соны анықтау керек. Дұрыс жауабын тапқан оқушы стикерден алып отырады.

Жамбы ату – қазақ халқында мергендік сынның бір түрі. Атпен шауып келе жатып, екпінді бәсеңдетпей құрулы бақан үстіндегі нысананы атып түсіруі керек.

№1237

  • 1,6+2,4:0,4=1,6+6=7,6
  • 0,25*10-2,4*0,5=2,5-1,2=1,3
  • 2,3+0,7:0,1=2,3+7=9,3
  • 3,23:10+0,04=0,323+0,04=0,363
  • 0,48:1,2*5-1,82=0,4*5-1,82=0,18
  • 8,6-2,5:0,5+1,4=8,6-5+1,4=5
  • 9,1+11,5:5-5,6=9,1+2,3-5,6=5,8
  • 53,4:8,9*0,3+0,2=6*0,3+0,2=2

 

ІV. «Аударыспақ ойыны» бұл кезеңде топтарға тапсырмалар беріледі, ал топ оқушылары кезекпе-кезек есептерді орындайды. (Бұл жерде барлық оқушылар қатынасады.  Ұпайлар саны: бірінші аяқтаған оқушы – 3 ұпай, екінші аяқтаған оқушы – 1 ұпай, соңғы аяқтаған оқушы – 1 ұпай еншілейді, ұпай саны стикерде жазулы тұрады.)

Аударыспақ – салт аттылардың бірін – бірі ер үстінен аударып алу сайысы. Қайрат күші мол, батыл да төзімді, шапшаң қимылдап, ат құлағында ойнай білетін нағыз ер жігіттің қатысатын ойыны.

 

 

 

№1238

І топ есептері:

  • 2,8:0,7 -0,63=3,37
  • 8,4-6:0,75=0,4
  • 6,25*0,2+0,8:0,64=1,25+1,25=2,5

 

ІІ топ есептері

  • 38-15*0,6:0,25=38-36=2
  • (0,17-0,09)*4,5=0,36
  • 12,42:2,7+0,3*1,8=4,6+0,54=5,14

 

ІІІ топ есептері
1) 1,75:25+0,91*1,9=0,07+1,729=1,799

2) 1,6*0,5: (0,16*1,25) =0,8:0,128=6,25

3) 6,4+73,5*2=6,4+147=153,4

 

  1. «Топ бәйге» сайысы. Әр топқа 1 есептен беріледі және топ мүшелері бірлесе орындайды. Берілетін уақыт – 1 немесе 1 мин 30 сек.

Топ бәйге –аттың бабын қажет ете бермейтін атшабыс түрі. Жарысқа белгіленген қашықтықта орташа деңгейде (10-15 шақырым арасында) және аты бар ниет білдірушілердің барлығыда қатыса береді, топ бәйгеге балалар да, ересектерде қатыса береді.

№ 1241

Тікбұрышты параллелепипед пішінді ағаш білеушенің ұзындығы 5,5 дм, ені 2,6 дм, биіктігі 1,2 дм. Ағаштың 1 дм3 –інің массасы 0,5 кг. Өлшемдері берілген ағаш білеушенің массасын табыңдар.

 

Шешуі: V= 5,5*2,6*1,2= 17,16 (дм3)

17,16:0,5=34,32 (кг)

Жауабы: ағаш білеушенің массасы 34,32  кг

 

№1242

Автотурист бірінші күні 120 км жол жүрді. Бұл оның екінші күні жүрген жолының 0,8-індей. Автотурист екі күнде неше километр жол жүрді?

 

Шешуі: 120:0,8=150 (км)

120+150= 270 (км)

Жауабы: автотурист екі күнде 270 км жол жүрді.

 

№1245

Маусым айындағы күндердің 0,2-сі жауынды, 0,5-і ашық, қалған 9 күн бұлтты болды. Маусым айында неше күн бар?

 

Шешуі: 0,2+0,5=0,7

1-0,7=0,3

9:0,3=30 (күн)

Жауабы: маусым айында 30 күн бар.

 

VІ. «Теңге ілу ойыны»  тест тапсырмаларын шешу.  Тест 5 тапсырмадан тұрады, 1 дұрыс жауап 1 стикер. Тақтада барлығы берілген уақытта орындап болған соң, оқушылар өздерінің жұмыстарын тақтадағы жауап бойынша тексереді.

Теңге ілу – бозбалалар ойнайтын қазақтың ұлттық ат спорты. Желіп келе жатқан аттың үстінде отырып, желісін баяулатпастан төменге тез иіліп сол және оң жағынан орамалмен оралған теңгені көтеріп, артына тастап отыруы керек. Әрбір сәтсіз талпыныстың артына айыптық уақыт белгіленеді. Теңгені көп ілген салт атты жеңімпаз атанады. Теңге ілу алаңының ұзындығы 120 метр. Теңгені іліп алуға дейінгі ұзындық 30 метр. Теңге саны бесеу болуы керек. Теңгелердің арақашықтығы 10 метрден. Теңге ілушілер теңгені орнынан іліп лақтыруы керек. Жарысқа бекітілген ережеге сай спортшының уақыты, ілген теңгесінің санына бөліп қорытындысы шығарылады.

Тест жұмысы (Екі нұсқа 5 сұрақтан)

 

І нұсқа

  1. Өрнектің мәнін тап:

5,26+а, мұндағы а = 108,074.

А) 1133,34         Ә) 1,13334;          Б) 113,334         В) 113,1

 

  1. 2. Теңдеуді шеш: 12 – х =3,07.

А) 15,07;            Ә) 8,93              Б) 15,7       В) 9,07

 

  1. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып, есепте:

 

 

 

А) 17,75;         Ә) 17,225;          Б) 26,475;           В) 17,7875.

 

  1. 4. Теңдеуді шеш: 2х+3х= 10,5

 

А) 0,21;        Ә) 2,1;          Б) 20,1;            В) 21.

 

  1. 5. Формула бойынша есепте:

S=v×t, мұндағы v=3,7 км/сағ, t=0,1сағ.

А) 30,7 км;      Ә) 37 км;        Б) 3,7 км;          В) 0,37 км

 

ІІ нұсқа

  1. 1. Өрнектің мәтін тап:

 

0,74+а,  мұндағы а =18,063.

 

А) 18,137;         Ә) 188,03;            Б) 19,37;           В) 18,803

 

  1. 2. Теңдеуді шеш: 18-у=4,15

 

А) 13,85;           Ә) 14,15;            Б) 22,15;           В) 13,95.

 

  1. 3. Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып, есепте:

.

А) 24,645;         Ә) 15,52;            Б) 0,555;             В) 9,305

 

  1. 4. Теңдеуді шеш:

7х – 3х =5,6.

А) 0,14;          Ә) 1,4;          Б) 10,4;             В) 14.

  1. 5. Формула бойынша есепте:

S=a×b, мұндағы a=2,5 м, b=0,4м.

 

А) 1м2;          Ә) 10 м2;           Б) 0,1м2;             В) 100м2.

 

Дұрыс жауаптары:

І нұсқа

  1. Б
  2. Ә
  3. А

4.Ә

5.В

ІІ нұсқа

  1. В
  2. А
  3. Б
  4. Ә
  5. А

 

VІІ. Бекіту сұрақтары:

  1. Ондық бөлшектерді қалай қосамыз?
  2. Ондық бөлшектерді қалай азайтамыз?
  3. Ондық бөлшектерді кбейтуді қалай орныдаймыз? Ондық бөлшекті дәрежелеуді қалай орындаймыз?
  4. Ондық бөлшекті бөлу ережесі қалай?

VІІІ. Үй тапсырмасы

  • 6.1-6.4 № 1246,1249,1250

ІХ. Бағалау. Оқушыларды  жинаған стикерлерінің саны бойынша бағалау.

Х. Рефлексия. Бүгінгі өткен сабақ бойынша оушылар өздерінің алған әсерлерін смайликтерді  жапсыру арқылы білдіреді.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *