Қарағанды қаласы
«Дарын» мектеп-интернаты
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақ тақырыбы: Ұлы жібек жолының тармақтары.
Мақсаты: Білімділік: Оқушыларды Ұлы Жібек жолының Қазақстандағы тармақтарымен және сiлемдерiмен таныстыру, Оңтүстiк Қазақстанның Батысқа Шығатын, Жетісудың Шығысқа шығатын басты қақпа ретiндегi маңызын түсiндiру.
Дамытушылық: Оқиғаларға қатысты тарихи танымын қалыптастыра отырып, ойлау, талдау, қорытынды жасау қабiлеттерiн дамыту. Өзiндiк жұмыстар жасай бiлуге дағдыландыру;
Барлық салада Отанының iлгерi дамуы үшiн үлес қосуға, ұлтжандылыққа, адамгершiлiкке тәрбиелеу.
Әдісі: Интерактивті, сұрақ – жауап
Көрнекілігі: Слайд – суреттер, интерактивті тақта
Барысы:
І. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу. Сабаққа ынтасын қалыптастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Жібек жолы қайдан басталады?
2. Жібек сатуда Қытай мемлекетімен бәсекеге түскен ел?
3. ҰлыЖібек жолымен алғашқы сауда байланысы қашан жасалған?
4. Жібек жолының Жапониядағы сілемі?
5. Жібек жол арқылы таралған діндер?
ІІІ. Жаңа сабақ
Жоспар:
1. Жетісу — Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы.
2. Оңтүстік Қазақстан — Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі.
3. Қазақстандағы Қазақстан — Жібек жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы.
Оқушыларды топқа бөлу.
1-Ұлы тобы, 2-Жібек тобы, 3-Жолаушылар тобы.
Жоспар бойынша әр тақырыпты топтарға бөліп беру және оқып шығу үшін 5 минут уақыт беру. Уақыт өткеннен кейін әр топқа парақша үлестіріп оқып шыққандарын парақшаға Ұлы Жібек жолының тармақтарын осы парақшаға салып шығу.
1-топ. Жетісу — Ұлы Жібек жолының Шығысқа шығатын басты қақпасы.
2-топ. Оңтүстік Қазақстан — Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі.
3-топ. Қазақстандағы Қазақстан — Жібек жолының әлеуметтік-экономикалық маңызы.
Әр топтар өз жұмыстарын қорғап шығады.
Қай топ бірінші болып сөзжұмбақтын жауабын шешіп шығады. Сол топ бағаланады.
«Тарихи домино»ойыны
Қай топ бірінші болып осы сөздерден сөйлем құрастырып шығады сол топ бағаланады.
Дұрыс жауабы:Жібек жолы халықтар арасындағы сауданың дамуына ғана зор үлесін қосып қойған жоқ, ол Шығыс пен Батыс елдерінің арасындағы халықаралық дипломатиялық қарым- қатынастың дамуына да өзінің үлкен пайдасын тигізген
«Көш керуен» ойыны. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Картамен жұмыс:
Қазақстан арқылы өтетін Ұлы Жібек жолы.
Жібек Жолы географиясы Еуропадан басталып Мысыр, Сомалия, Арабия түбегі, Иран, Ауғанстан, Орталық Азия, Пәкістан, Үндістан, Бангладеш және Вьетнам елдері арқылы, ақыры Қытай келіп жетеді. Жер бетіндегі жолдары қызыл, ал теңіз беті жолдары көк түспен көрсетілген.
І ғасырдағы Жібек Жолы, Қытайдан Жерорта теңізіне дейін.
Жаңа тақырыпты бекіту сұрағы:
Оқушылар (Иә) немесе (Жоқ) деп жауап береді
1. Жолдың аты азық-түлік саудасына байланысты шыққан (Жоқ)
2 .Ұлы сөзінің қосылуы Шығыс елдері мен Батыс елдерін байланыстырушы жол. (Иә)
3. Жібек матасы Қытайда 1350ж. өндіріле бастады. (Жоқ)
4. Жібек матасының айырбасқа түскен уақыты: б. з. б. V-II ғасыр аралығы (Иә)
5. VІІ ғ. Жібек матасы бүкіл Еуразияға әйгілі болды. (Жоқ)
6. Жетісу жері-Батысқа шығатын қақпа (жоқ)
7. Жетісу жері арқылы француз елшісі саяхатшы Рубрук монғолия, Мөңке ханға барып қайтты. (Иә)
8. Оңтүстік Қазақстан –Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын қақпасы. (Иә)
9. Тараз қаласы саудагерлер бас қосатын қала (жоқ)
10 .Батыс елдеріне алғаш керуендер б. з. б. ІІ ғ. Ортасында жолға шықты (иә)
Бағалау:
Үйге тапсырма: Жібек жолының маңызы тақырыбына ой толғау жазу