Басы » Tәрбие сағаттары » «Анамызға мың алғыс» ертеңгілігі

«Анамызға мың алғыс» ертеңгілігі

 anaШығыс Қазақстан облысы                      

 Семей қаласы

Т.Аманов  атындағы   №16  жалпы  орта білім  беретін мектеп КММ

Мұғалімнің  аты – жөні Сыдықбаева   Назгүл  Оңғарқызы

Сабақтың тақырыбы: «Анамызға мың алғыс» ертеңгілігі

Өзін-өзі тану курсының мерекелік сабағы. Ата-аналардың қатысуымен өтеді.

Сабақтың мақсаты:1. Мерекелік күнге ата-аналарға құрмет көсету, концерт

қою, өздері әзірлеген сыйлықты ұсыну.

  1. Тосын жағдайларды шешу, ойлауға арналған ойындар

арқылы ой-өрісін дамыту.

  1. Ең асыл жан – ана екеніне көз жеткізу, сыйлауға,

құрметтеуге баулу.

 

Зиядат ордасы мерекелік көңіл туғызатындай безендірілген, нақыл сөздер, шар. гүлдер ілінген. Оқушылар ата-аналарымен залда отыр.

 

  1. Кіріспе сөз. Мұғалім қатысушыларды мерекелік жалынды сөздермен құттықтады. «Өзін-өзі тану» курсына шолу жасап, журналымен, мұғалім суретімен таныстырды. Бүгінгі мерекелік сабақ сол бағдарлама желісімен өтеді.

 

  1. Қоңырау суретіне әр баланың фотосы жапсырылған бейджге көңіл аударылды.
  2. Бұл не?
  3. Қалай дайындадық?
  4. Неге тағып алдық?

 

  • «Қуаныш алаңымен» жұмыс. Үлкен плакатқа оқушылар көңілді суреттерді салып бояп, аналарына арнап қуантуға салған. Олар гүл, торт, күліп тұрған күн, айлытүн,ағып жатқан өзен, әдемі көйлек, лимузин, сиқырлы таяқ, жүрек, шар т.т. Неге салғандарын әр бала қорғап айтып берді. Мысалы: Айлы түн- барлығымыздың ұйқымыз тыныш болсын.т.с.с.
  1. «Шаттық алаңына» ата-аналар шығып, балаларына қарсы тұрып, жіптің екі ұшын ұстайды. Мұғалім сөзі: Сендер аналарыңмен көрінбейтін осындай жіппен байланысқансыңдар. Жіп ұзын, қысқа, жуан, жіңішке болуы мүмкін. Алайда жіпті мықтап ұстап, үзіп алмай қайда жүрсеңде анаңмен байланысты екендеріңді ұмытпаңдар.
  2. Әр ата-ана баласымен қарама-қарсы тұрып, барлығы шеңбер жасайды. Көздерімен көздерін түйістіріп, екі қолдарымен қолдарын ұстасып көз, қол арқылы ғана мұғалім бұйрығын орындайды.
  3. Амандас
  4. Жақсы көр
  5. Рахмет айт
  6. Кешірім сұра
  7. Сау бол де

 

  1. Әр оқушы айтқысы келетін тақпағын айтады. Неше рет. нешеу айтса

да ерікті.

  • «Анаңа жол көрсет» ойыны. Көзі байланған анасын жүргізіп отырып, үрленген шарды жарулары керек. Дұрыс жолды айтып шарға дейін жеткізіп «бас» деген бұйрықпен шарды үстінен басып жар жарады.
  • Хор «Анамызға мың алғыс» әні орындалады. Қайырмасында қолдарын кеуделеріне айқастыра қойып. бастарын иеді.
  1. Оқушылар өздері әзірлеген сыйлықтарын ата-аналарына табыс етеді.
  2. Мұғалім сабақты қорытып аяқтайды. Ата-аналар сөз алады. Фотоға түседі.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *