Басы » Tәрбие сағаттары » Табиғатты аялай білейік!

Табиғатты аялай білейік!

Беркинбаева Сұлушаш Жұмамұратқызы

Ақмола облысы Целиноград районы

Новоишимка ауылы №32 орта мектебінің бастауыш сынып мғалімі

Сабақтың тақырыбы:

                                    «Табиғатты аялай білейік!»

Мақсаты: оқушыларға экологиялық факторлар туралы  білім беру, қоршаған ортаның тазалығы мен адам денсаулығының үйлестігін сәйкестендіру, табиғат-тіршілік көзі екенін, оны қорғау туралы мағлұмат беру, экологиялық, эстетикалық тәрбие қалыптастыру;

Көрнекілігі: жапырақшалар, бағалау парағы, сұрақтар мен тапсырмалар жазылған батмандар, торкөздер, қорап және бағалауға арналған парақшалар, т.б.

Сабақтың әдісі: сайыс сабақ

Сабақтың технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары («ой шақыру», «5 жолды өлең», «бағалау», «өз ойын суреттеу», «симматикалық карта»)

Сабақтың түрі: қайталау, жүйелеу.

                                                                  Барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

— Құрметті  ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі біздің «Табиғатты аялай білейік!» атты сыныптан тыс іс шарамызға қош келдіңіздер!

Топқа бөліну. (әр топтың өзіндік белгілері бойынша жасалған парақшалармен топқа бөліну.)

  1. Қызығушылықты ояту.
  2. Құстардың, жан-жануарлардың дыбыстары қойылған музыка естіліп тұрады.
  3. Көрініс көрсетіледі. (Судың, құстардың дыбыстары музыка арқылы естіліп тұрады)

                                                     Көрініс

Сахна ортасында ақ қайың бейнесіне енген қыз, қолына жоғары көтерген құс ұясы. Мұңлы музыка ойналады.

Ақ қайың сөзі: Орман едік бір кезде біз жайқалған .

Аң мен құстың әсем әні сайраған

Әні кеткен бұл өлкенің, сәні кеткен.

Аң мен құсың бас сауғалап бәрі кеткен

Жалғыз қалдым жалғыздықтың жыры көп,

Анам, әкем, бауырларым қайдасың?

Кей адамдар жауыздықпен асырып жүр айласын

Жалғыздықтың мұңы көп…

Соны айтуға адамзатқа тілім жоқ

(қолында арасы бар әкесі мен баласы келеді)

Әкесі: ағаш та қалмапты ғой!

Баласы: Әке, бар ағашты өзіміз кесіп алдық қой

Әкесі: Е, міне, жалғыз қайың қалыпты ғой, осыны алайық

Баласы: Әке, ол әлі жас қой, әлі өссінші! Обал емес пе, табиғаттың сәні ғой!

Әкесі: немене, табиғатқа жаның аши қалыпты?заманның бізге жаны ашмағанда, табиғатты ойлайды деп тұрсың ба? Көп сөйлеме, ұста араның арғы басын.

(ақ қайыңды кесіп жатқанда құс ұшып келеді)

Құс: тимеңдерші бұл ақ қайыңға, ұямды бұзбаңдаршы

Әкесі: мына құс қайтаді өзі шиқылдап, балам, таспен атып ұршы.

Баласы: Әке ол өз ұясын қоғап жүр ғой, осы ағашты кеспей ақ қояйықшы!

Әкесі: көп сөйлеме, ұста араны. Әй, сен, нәзік жүрек. Мә саған!

(Әкесі құсты таспен атып түсіреді. Құс сахнаның алдыңғы жағына етбетімен құлағандай қимыл көрсетеді. Ағашты әкесі мен баласы кесіп алып кетеді. Мұңлы музыка ойнатылады)

Құс ақырын басын көтеріп:

Ей, адамзат, ойланшы сен бір сәт қана,

Жауыздықтан күңіреніп жылап тұр ғой мына дала.

Ысырапсыз табиғаттың пайдаланып бар байлығын

Не қалады, не көреді артыңдағы ұрпағың?

Мен көрдім жас қайыңның құлағанын,

Бас ұрып, қара жерге сұрағанын.

Сарғайып, жапырағы өлімсіреп

Байғұстың кім тыңдайды жылағанын?

Табиғат: Ей, адамзат, сендер өздеріңді күшті сезінесіңдер. «Мені бағындырамын» деп ойлайсыңдар. Мен сандерге бағынбаймын. Менің өз заңдылығым бар. Естеріңе алыңдаршы, сендерді адам еткен мен едім ғой! Енді өз табиғат анаңды өздерің тұншықтырып жатсыңдар. Көліктің улы түтінімен былғадың, жануарларды қырдыңдар, өздеріңнен қалған қоқысты жинамадыңдар, жөн-жоқсыз табиғаттың байлығын шаштыңдар. Өз бастарыңа өздерің неше түрлі ауру таптыңдар. Мен кешірімдімін. Ертеңгі ұрпағыңның қамын ойла, жасыл орманда, тұнық суымды, таза ауаны ластамай, менімен тепе-теңдікте өмір сүріңдер!

  1. Тақырыпты ашу.

— Бұл сөйлеп тұрған кім деп ойлайсыңдар?

— Табиғатқа нелер жатады?

— Олай болса балалар,  бүгінгі біздің сабағымыз өзіміз өмір сүріп отырған ғаламшарымыз, оның табиғаты, ондағы адамдар әрекеті, яғни біздің табиғатқа қатысымыз туралы болмақ. Сондақтан да «Таза болса табиғат, аман болар адамзат» деп бекер айтылмаса керек.

Жаратылыс, жан ана,

Қарық қып суға, ауаға,

Топырағымен асырап,

Сәулесін құйған санаға – дей келе, бүгінгі біздің сабағымызда табиғаттың адамзатқа тарту еткен сыйын қадірлеу, бағалау тақырыптарын сабақ барысында қарастырамыз.

  • Жаңа сабақ.

Ал енді сайысымызды бастайық. Бір-бірімізге сәттілік тілейік.

(Әр топ өз топтарын таныстырып өтеді.)

  1. «Күн» тобы

Құтты болсын сыныптас,

Алға аттаған қадамың

Білім деп соқсын жүрегің,

Жолыңа бестік шашамын

  1. «Су» тобы

Жайнасын балбұл жүздерің,

Бір сыныптас достарым

Жайқалып тұрған көктемнің

Өмірің сенің гүл болсын

  1. «Ауа» тобы

Шақырып алыс арманға,

Асулар күтіп тұр алда

Өмірге ұлы самғауға

Жар бола көрсін бір Алла!

  • Ал енді балалар сайысымызды бастамас бұрын ойымызды жинақтап алайық. (Ой қозғау стратегиясы)

Мұғалім: Егерде, Күн, Су, Ауа болмаса не болар еді?

  • Иә, балалар, Күн, Су, Ауа табиғаттың адамға берген ең үлкен сыйы.

 

Сайыс

Асыл тастан, өнер жастан

Шығады деп дарынды,

Халық айтса қалт айтпайды,

Әрқаншанда нанымды,- дей келе сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.

Сайыс шарттары:

I кезең. Шығармашылық жұмыс

II кезең. «Мықты болсаң тауып көр»

III кезең.  «Шешен болсаң шешіп көр»

                   I кезең. Шығармашылық жұмыс.

Бұл кезеңде әр топқа бір парақ беріледі. Әр топ өз ойларын, табиғат көріністерін сол парақ бетіне түсіреді. Табиғаттың негізгі көріністерін өз топтарына байланыстыра отырып салулары тиіс. Әр топтан бір қорғаушы болады. Суретті салып болған соң әр топ өз туындыларының мазмұнын ашады. Ең жоғарғы ұпай – 3.

Ұпай сандарын «Бағалау парағына» белгілеу.

  • Ал, суреттерді салыстырып көрейік, мұнда ең жоғарғы ұпай 3.
  • Бағалау парағына назар аударып, топтардың ұпай санын есептейік.

 

                         II кезең. Мықты болсаң тауып көр».

              Симантикалық карта.

ағады жылытады мөлдір,түссіз көзге көрінеді      табиғатқа    жатады
Күн + + +
Су + + + +
Ауа + +

Әр топ қорапшаларына салынған ұпай парақшаларын санап, «Бағалау парағына» белгілеу

 

III кезең.  «Шешен болсаң шешіп көр»

5 жолды өлең құрастыру. Әр топ өз топ аттарына бес жолды өлең құрастырады.

Күн

Ыстық, шуақты

Жылытады, сәулеленеді, батады

Күн-табиғаттың бір бөлігі

жұлдыз

Ауа

Мөлдір, түссіз

Қозғалады, тарайды, ластанады

Ауа адам өмірінің мәні

Тіршіліктің тірегі

Су

Сұйық, түссіз

Қатады, газданады, ағады

Су-тіршіліктің негізгі көзі

Табиғаттың бөлігі

  • Қарап отырсақ, үшеуі де өмір негізі, үшеуі де өте қажет заттар екен, солай емес пе? Біз оларсыз өмір сүре аламыз ба?
  • Олай болса, балалар, біз оларды қорғауымыз керек пе?
  • Ал енді, «Бағалау парағына» назар аударайық

                Марапаттау.

Үш топ үш жапыраққа табиғатқа байланысты бір-біріне тілектерін жазып, ағашқа іледі

«Тілек шоғын» жапсырады.

  • Бұлақтай таза мөлдір бол!
  • Гүлдей жайнай бер!
  • Көңілің  көлдей шалқысын!
  • Қызғалдақтай құлпыра бер!
  • Жұлдызың жарық болсын!
  • Айың оңынан тусын!
  • Таудай талап берсін!
  • Көңілің ақ қардай болсын!
  • Жүрегің күннің шуағындай жылы болсын!
  • Жаздай жайдарлы бол!
  • Жер Анадай мейіімді бол!
  • Жауқазындай жадырай бер!
  • Көктемнің күніндей құлпыра бер!
  • Табиғаттай сыйлы бол!
  • Желдей жүйрік бол!
  • Көңілің аспандай ашық болсын!
  • Қырандай қанатты бол!
  • Бұлақтай таза бол!

Барлығы: Білместік жасаған тірілер атынан,

Кешірім сұраймыз жас ұрпақтар атынан.

Топтасайық, достасайық жас-кәріміз,

Табиғатты аялайық бәріміз!

Ендігі кезекте қонақтардың назарына әсем әуен ұсынамыз. «Батаменен ел көгерер,Жаңбырменен жер көгерер» деп халқымыз айтқандай «Жау.жау жаңбыр» әнін қабыл алыңыздар.

Келесі кезекте «Жапырақтар биін» тамашалаңыздар.

-дей отырып, бүгінгі сабағымызды  аяқтаймыз. Назар аударғандарыңызға рахмет!

Бүгінгі  сабақтан  алған әсерімізді,  көңіл- күйімізді  қонақтарға  сыйлайық !

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *