Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Хат жазып үйренеміз.

Хат жазып үйренеміз.

Беркинбаева Сұлушаш Жұмамұратқызы

Ақмола облысы Целиноград районы

Новоишимка ауылы №32 орта мектебінің бастауыш сынып мғалімі

Сыныбы: 3 «а» сыныбы.

Сабақтың тақырыбы: Хат жазып үйренеміз.

Құзіреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

1.Ақпараттық құзіреттілік: Оқушылардың шығармашылық қиялын жүйелеу, ойлау қабілеттерін жетілдіру. Оқушыларға өз бетімен қосымша ақпарат жинауға мүмкіндік беру.

  1. Коммуникативтік: Жинақталған ақпараттар бойынша тақырып ашда тиімді әдістер іздей отырып, оны ашу жолдарын жан-жақты қарастыру.

3.Проблеманы шешу: Сабақта алған білімдерін, ақпараттарды іріктеп  «хат жазып үйренудің» жолдарын іс-жүзінде дәлелдей білуге мүмкіндік беру.

Сабақтың түрі:аралас

Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар: сыни тұрғыдан ойлар дамыту.

Сабақтың әдісі: баяндау,сұрақ-жауап,тренинг.

Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу

Оқыту құралдары: тақта, жүрекшелер, хатқалталар.

Сабақтың өту барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі:

Бір ,екі, үш

Отырамыз  тып –тыныш,

Жалқаулықты  тастаймыз,

Сабақты  біз  бастаймыз.

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

-Оқушылардың алыстағы ағайын-туыстарына  жазған хаттарын тексеру.

(хаттарын  оқыту.)

 

 3.Өткен материялды қайталау арқылы жаңа материялды қабылдауға дайындық:

  1. -Мына барлығымыздың парталарымыздың үстінде жатқан не балалар!

М : хат.

-Кімге жаздыңдар!

М: туыстарымызға, жақындарымызға т.б.

-Олай болса, мен сіздердің хаттарыңызды тыңдағым келеді!

М: Бірнеше     оқушыларға оқытамын.

-Сіздердің жақынндарыңыз сендердің хаттарыңызды асыға күтіп отырған болар. Мен бүгінгі сабақта мұғалім емес, пошташы қызметін атқарамын. Мен  сендердің хаттарыңызды міндетті түрде жақындарыңызға жеткізуге уәде беремін.

  1. Өткен сабақты қайталау мақсатында «Кемпірқосақтың тапсырмалары» атты ойынымызды өткіземін

— Балалар, алдарыңда тұрған Кемпірқосақ түстерінің жасырған сұрақтарына жауап беріп көрейік.

4.Жаңа материалды түсіндіру.

— Бізге арналған мына хаттарда әр түрлі тапсырмалар берілген екен. Қане, бірінші тапсырманы орындап көрейік:1-жаттығуды орында.

Пошташының суретін көрсетемін.

-Көріп тұрғандарыңыз кім, балалар!

-Пошташы.

-пошташы дегеніміз кім?  (әр оқушы өз ойларын айтады. )

Өлеңді оқушыларға тізбектеп оқыту.

-Өлеңнен қандай қосымша мәлімет алдыңыздар, балалар!

Пошташының қызметі туралы әңгімелеу

-Байланыс қызметкерлерінің жұмысы туралы не білесіңдер? (хатты өз иелеріне табыстап отырады)

№1.Топпен жұмыс. Әр топқа 1-жаттығу бойынша тапсырмалар беріледі

1-топ – «Кепілхат» тобы:  Өлеңді мәнерлеп оқу

2-топ – «Жеделхат» тобы: Өлеңнің мағынасын түсіндіру

3-топ – «Сенімхат» тобы: «Пошташы» сөзіне дыбыстық талдау жасау

4-топ – «Ұсынысхат» тобы: «Пошташы, Өскеменнен, Мәскеуден» сөздерін сөз құрамына талдау

5-топ – «Қолхат» тобы: «Хат дегеніміз не?» атты эссе жазу. Хат жайлы не білесіңдер (оның қызметі, ерекшелігі жайлы) жазу тапсырмасы беріледі.

№2.2-жаттығу.Сұрақтарға  жауап  беру.

-Жазған  хатыңды  қалай  жібересің?

— Хатың  иесін қалай  тауып барады?

-Оқушылар мен сіздердің хаттарыңызды сөмкеме салып жатқанымда кейбіреуіңіздің  хатқалтаның сыртын дұрыс толтырмағандарыңызды байқадым. Сондықтан да балалар мен сіздерге хатқалтаның сыртын сауатты толтыруға үйретемін.

хатқалтаның сол жақ бөлігіне кімге жаздың, сол кісінің толық мекен-жайы жазылады.Ал, оң жақ бөлігіне өздеріңіздің толық мекен жайларыңызды жазуларыңыз қажет. (үлгіден көрсету)

  • Қазір оқушылар хатқалтаның оң жағын өзіміз жазып көрелік.

                   050012

 Алматы қаласы

Исаев көшесі, 28-үй, 8-пәтер.

Нұрболатов Ілиястан .

  • Ал енді сол жақ бөлігін толтырайық:

489040

Алматы облысы

Панфилов ауданы

Қоңырөлең ауылы

Жамбыл көшесі, 20-үй

Әбдібеков Берікке

-Енді екінші хаттағы тапсырманы орындайық:  Әр балаға жеке хат қапшықтары таратылады, сол қапшықтың сыртын толтыру тапсырылады.

— Балалар, мына алдарыңда тұрған хат қалталарды, мен түсіндірген үлгі бойынша толтырыңдар, қане, қай топ сауатты, көркем, дұрыс, қатесіз толтырады екен?!

Топтан ең сауатты әрі әдемі жазылған хатты ортаға салады.

№3.

  • Енді хатта жазылған келесі тапсырманы оқиық: (3-жаттығу)
  • Сурет бойынша Жанардың жазған хатының иесіне жету ретін анықтап, дәптерлеріңе жазыңдар.
  1. Жанар хат жазады.
  2. Пошта жәшігіне әкеліп салады
  3. Пошта көлігі, тікұшақ, үшақ, пойызбен Қазпоштаға алып кетеді.
  4. Қазпоштаға әкелінеді.
  5. Пошашы хат иесіне жеткізеді
  6. Хат иесіне жетіп, оны оқиды.

  Дәптерге жазып болған соң, бұл реттің түсінікті болуы үшін көрініс көрсету.

Кейіпкерлері:Жанар, 1 жүргізуші, 1 қазпошта қызметкері, 1 хат иесі және мен-пошташы.

Көрініс:

Жанар хат жазады. Оны хатқалтаға салады. Хатты апарып пошта жәшігіне салады. Пошта жәшігінен жүргізушілер «Қазпоштаға» белгілі бір көлік түрімен жеткізеді. «Қазпошта» қызметкерлері мекен-жайды анықтап, пошташыға береді. Пошташы көрсетілген мекен-жай бойынша иесіне жеткізеді. Иесі, яғни Жанардың әскердегі ағасы – Бауыржан, хатты оқиды.

 

  • Хатта тағы қандай тапсырмалар жазылған екен:

№4.  Сергіту сәті.

Көшеменен  келе жатыр пошташы

Қолында бар өте ауыр сумкасы

Қане достар бәріміз көмектесейік

Ап-ауыр сумкасын көтерісейік.

 

Рахмет,балалар өте жақсы балалар екенсіңдер!

-Көмектеріңізге көп рахмет!

№5.

 

  • Келесі тапсырманы оқиық: «Хаттар иесін табу» ойыны.

Әр топқа арналған хаттар үстел үстінде жатады. Осы хаттардан топ басшылары өз топтарына арналған хаттарды тауып алуы керек.

№6.–Енді, бізге арналған хаттардың ең соңғысын ашып көрейік:

Шығармашылық  тапсырма  беріпті.

Пошташы  жаңбырдың  астында  қалып, сөмкесіндегі  хаттардың  кейбірінің  басын  су шайып  кетіпті. Сен хаттардың  басында  не  туралы  айтылғанын   түсіне  аласың  ба? Үйде  хаттың  біреуін  толықтырып  жазып  келу.

 

5.Жаңа материялды бекіту.

— Сонымен , бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар?

— Хат бізге не үшін керек екен?

6.Қорытынды.

-Оқушыларды бағалап. Әр бағларына пікір айтамын.

7.Үйге тапсырма.

-Үйде    60-бет.   4-жаттығуды  орындап   келіңдер.

Осымен  сабағымыз  аяқталды , Хош  сау  болыңыздар!

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *