Қостанай облысы, Арқалық қаласы
Родина ауылы
Родина жалпы орта білім беретін мектебінің
Бастауыш сынып мұғалімі
Сыныптан тыс іс-шара
Бастауыш сынып оқушыларына
«Қазақстан болашағы — білімді ұрпағында» интеллектуалды ойын
Мақсаты: оқушылардың білімі мен алғырлығын анықтау мақсатында пәндер
бойынша сұрақтарға жауап алу арқылы білімді,алғыр және үздік топты анықтау.
Өтілу барысы:
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Бүгінгі «Қазақстан болашағы — білімді ұрпағында» атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер! Бүгінгі ойынымызды «Мен адамға өзіңе сен деймін! Сенің қолыңнан бәрі келеді!» деген К.Э.Циолковскийдің даналық сөзімен бастағым келіп отыр.
Ақты ақ деп, аққа жақ боп баға берер,
Әділқазы алқасы – кемеңгерлер.
Беріңіздер әділ бидей әділ баға,
Шындықты ұрпақтарың сонда көрер –дей отырып, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
Осы ойын барысында сендер осы уақытқа дейін алған білімдеріңді көрсетіп, өлеңдермен, мақал – мәтелдермен өрнектеп, өнерлеріңді ортаға саласыңдар.Білімдеріңнің артып, саналарыңның өскенін,сөз байлықтарыңның молайғанын көрсетесіздер.
Бәйгеге түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге – ойдың бәйгесі,
Кім жүйрік ойға, сол алда — деп бүгінгі ойынымызды бастайық.
1-кезең Таныстыру
/топтың атын, ұранын таныстырады, өздеріңізге жәнеқарсыластарыңызға не тілер едіңіз?/
2- кезең «Жұмбақтар әлеміне саяхат»
/Топ басшылары өздері дайындап әкелген жұмбақтарын жасырады/
3- кезең «Мақал – сөздің мәйегі»
1 – тапсырма:Орысша берілген мақалдың қазақша баламасын табу.
1-топқа
1.Доброе слово- половина блага. /Жақсы сөз – жарым ырыс./
2.Сказанная слово – вылетевшая пуля. /Айтылған сөз – атылған оқ./
3.Даже говоря в шутку – подумай. /Ойнап сөйлесеңде, ойлап сөйле./
2 – топқа
1.Начало искусства красноречие. /Өнер алды – қызыл тіл /
2.Человек без Родины, как соловей без леса. / Отансыз адам, ормансыз бұлбұл./
3.Язык острее клинка./Тіл – қылыштан да өткір./
2- тапсырма: Берілген сұрақтарға мақалмен жауап беру.
1-топқа
1.Жыланды қалай інінен шығаруға болады?
/Жылы – жылы сөйлесең,жылан іннен шығады./
2.Инемен құдық қазуға бола ма?
/ Білім инемен құдық қазғандай./
3.Тауық түс көре ме?
/Тауықтың түсіне тары кіреді./
2- топқа
1.Ең тәтті не?
/Ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті./
2.Не оттан да ыстық?
/ Отан оттан да ыстық./
3.Білгенің қанша, білмегенің қанша?
/ Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз./
4- кезең: « Шешендік сайыс»
/Бұл кезеңде өлеңнен үзінді оқылады.Оқушылар қай өлеңнен үзінді екенін және авторын тауып, өлеңді әрі қарай жалғастырады./
1.Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
/Отан туралы М. Мақатаев/
2.Үміт қып менен қарайсың,
Көңілге медеу санайсың.
Балалыққа жарасам,
Аталыққа жарайсың.
/Туған еліме С. Торайғыров/
- Ұшып келем,
Ұшып келем көгімде.
Ұшып келем,
Мөлдір аспан төрінде.
/ Ұшып келем С.Жиенбаев/
- Жарық түнде, жазық дала, жайлауда,
Шаршамаймыз атқанша таң ойнауға.
Ай астында алтыбақан тербеліп,
Үйренгенбіз толқынды жыр толғауға.
/Жарық түнде жайлауда Ә. Тәжібаев/
5- кезең «Кім жылдам?» Әріпке сөйлем құрау.
Д әріпіне Қ әріпіне
Дана, денсаулығың қалай? Қалайсыздар, мен Қарағандыдамын
Дүниетану оқулығын алдың ба? Қиналып жүріп алдым ғой.
Достарыңмен бізге келсей. Қанатта туған күніне шақырған.
Демалыста ше? Қолым тисе барармын.
6- кезең «Сиқырлы ұяшықтар»
Ұяшықтарда пәндер бойынша сұрақтар берілген. Таңдау бойынша сұрақтарға жауап беру.
10 –Әдебиет /Лирика дегеніміз не?
/Ақынның сезімін, көңіл –күйін, қуанышы мен сүйінішін, арман – аңсарын, өмірге деген көзқарасын, ішкі толғанысын, дүниетанымын сыр қып шертетін өлең./
20-логика /Ертістің ортасында не бар?
/ «Т»/
30- Дүниетану / Аюдың баласы қалай аталады?
/Қонжық/
40 –математика /50 саусақ көріну үшін неше баланың саусағы көріну керек?
/ 5 баланың/
50-Әдебиет / Белгісіздеу нәрсені белгілі нәрсеге,белгісіздеу сипатты белгілі сипатқа балап, көрнектеп,ашығырақ көрсету үшін қолданылатын бейнелі сөз қалай аталады?
/Теңеу/
60- математика / Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдік ?
/ Теңдеу/
7 – кезең «Егер де мен …» /жағдаятты талдау/
1-топқа
Егер де жаман баға алып қалсам…
2-топқа
Егер мен досымның көңілін қалдырып алсам …
8- кезең
« Тапқыр болсаң, талас жоқ»
Әр тоқа тапсырма беріледі, сол тапсырманы тез әрі дұрыс орындаған топ жұмыстарын тапсырады/
Анаграмма, сөзжұмбақ шешу.
9- кезең«Болашақта Қазақстанды қалай елестетесіңдер?»
/Салып келген суреттерін қорғау/
10 – кезең «Бірлігіміз жарасқан» Ән айту
Жүргізуші:
Қазыларорнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары әділ шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты – дей келе, ойынымызды қорытындылау үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.
Жүргізуші:
« Өткенді білетін, бүгінді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңыздар» деген тілекпен бүгінгі ойынымызды аяқтаймыз.