Басы » Кембридж бағдарламасы » Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау

Алматы қаласы, Алмалы ауданы, 46 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі, Әдістемелік бірлестік жетекшісі, сертификатталған І деңгей мұғалімі-Сакиева Сағыныш Жанатқызы

Коучинг-сессияныңтақырыбы:

Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау

 

Коучинг-сессияның тақырыбы Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау Уақыт
Ұйымдастыру кезеңі  
Жалпы мақсаттары  Мұғалімдерге нәтижеге қол жеткізу үшін оқушының уәжін көтермелеу  мақсатында  бағалау оның түрлері, бағалаудың жүргізілуі. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалаудың әдіс тәсілдерімен  таныстыру, оны практикада қолдануға баулу.  
Күтілетін нәтиже Мұғалімдер формативті және жиынтық бaғалаудың айырмашылығын біледі, критериалды бағалауды сабақтарында қолдана аладыТапсырмаларды орындау барысында коуч пен мұғалімдердің  бағалау түрлерін, бағалау критерийлерін, өзін- өзі бағалау және өзара бағалау әдістемесін меңгереді.  
Түйінді идеалар Формативті бағалау – оқыту үшін, ынталандырушы бағалау. Бағалау бұрынғы тәжірибеміздегі сияқты оқыту мен оқудан кейінгі болатын үдеріс емес, оның ажырамас бөлігі екендігін меңгерткім келді.  Ізденіс жұмыстары арқылы оқушылардың оқуға деген қызығушылығы артады,танымдық қабілеттері дамиды. Тәжірибелеріне енгізе отырып, оқушыны емес, оқушының жұмысын бағалау, жұмыс жоспарын құрған кезде кері байланыстың тиімділігін ескере отырып,  оқу сапасын  арттырады.  
Сілтеме және көрнекіліктер Нұсқаулық, постер, түрлі-түсті маркерлер, үлестірме  ресурстар қағаздар, интерактивті тақта, слайд-презентация, стикерлер  
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Тәсілі:Жұптық, топтық, ұжымдық жұмыс. Әдісі: АКТ, СТО, диалог  
Топқа бөлу Геометриялық кескіндер арқылы бөліну (үшбұрыш, төртбұрыш)
Тапсырмалар
  1. Миға шабуыл жүргізу
  2. Бағалауды қалай түсінесіздер?
  3. Біз не үшін бағалаймыз?
  4. Біз нені бағалаймыз?

Пікірталас.

  1. Бағалау сөзіне анықтама беру (презентация көрсету)
  2. Сұрақ қою арқылы өз пікірлерін сұрау. (параққа пікірлерін ауызша, жазбаша  білдіреді, коучинг соңында соңғы сұраққа жауап береді, салыстырады, постер қорғау кезінде қолданады).
Не білемін? Нені білгім келеді? Не білдім?
  1. «Оқыту үшін бағалау» туралы бейнежазба көрсету, ой-пікірлерін сұрау.
  2. Оқыту үшін бағалау мен оқу үшін бағалауға үлес қосқан ағылшын ғалымдармен таныстыру. Хэтти, Джон Алан Клинтон, Шульман Ли.
  3. Бағалау туралы презентация

мен таныстыру.

  1. «ҚАРА ЖӘШІК» ІШІНДЕГІ ЖҰМЫС, сабақтағы оқыту үшін бағалау тапсырмасын тарату. Мазмұнын айту.
  2. ӘРТҮРЛІ БЕС ЕЛДЕГІ МІНСІЗ ОҚУШЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫМЕН танысу және Қазақстандық мінсіз оқушының моделін жасау.
  3. «Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау бойынша нұсқаулық» презентациясымен таныстыру.
  4. Өзін өзі бағалау және өзара бағалау бойынша ресурс таратып, жұмыс жасау (түсініктерін айту).
  5. Қағазға гүлдің суретін салу, өздерін бағалау, сосын бір-бірінің суретін бағалау (өзара, өзін өзі бағалау жүргізіледі).
  1 ұпай  2 ұпай 3 ұпай
Суреттің қағазда орналасуы Қағаздың үштен бір бөлігін қамтиды Қағаздың жартысын қамтиды Сурет қағазды толық қамтиды
Түстері 1 түс қолданылады 2-3түс қолданылады 3-тен көп түс қолданылады

Өзін өзі, өзара бағалау жүргізілді.

  1. Өзін өзі және өзін өзі реттеуге қолданылатын

ресурспен таныстыру. Пікір алмасу.

  1. Оқыту үшін бағалау құралдарымен таныстыру. Презентация көрсету.
  2. Бағалау туралы «Синквейн» (Бес тармақты сөйлем)

Бағалау туралы синквейн жазу.

  1. Бір зат есім (тақырыбы)
  2. Екі сын есім (тақырып бойынша 2 сөзбен)
  3. Үш етістік (тақырып бойынша қимыл әрекет)
  4. Тақырыпқа байланысты, төрт сөзден тұратын сөз тіркесі.
  5. Тақырып бойынша, бір сөзден тұратын синоним

Синквейн тақырыбы: «Табыс»

Табыс

Жақсы және жоғары

Жету, еңбектену және иелену

Жоғары жетістік, арман және мақсатқа жету.

  1. Дайанна Хесстің «Бағалаудың алты қағидасы» таныстыру. Ресурс тарату. Пікірталаста топ мүшелері тартысқа түседі.
  2. ОҮБ және ОҮБ –ға постер қорғау.
1 минут 

 

 

 

3 минут

1 минут

 

 

 

 

 

 

4 минут

 

5 минут

 

 

5 минут

 

5 минут

 

 

3 минут

 

 

4 минут

 

3 минут

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

 

3 минут

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

8 минут

Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілімен аяқтау. 2 минут
Қорытынды У. Уорд «Жай мұғалім-хабарлайды, жақсы мұғалім-түсіндіреді, керемет мұғалім-көресетеді, ұлы мұғалім-шабыттандырады» дегендей оқушыларымыздың оқуға деген ынтасын көтеріп, шабыттандыруға шақырамын! 1 минут

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *