Жаңақала аудандық №3 «Бөбек» балалар бақшасы
Білім беру салалары: «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекеті: Қоршаған ортамен таныстыру
Тәрбиеші: Рыскалиева К.Х
Тақырыбы: « Бағдаршам»
Мақсаты:
Білімділік: Балаларға бағдаршамның түсі туралы және қызметі туралы түсінік беру.
Дамытушылық:Ғажайып сәтке қоянды пайдалана отырып бағдаршамға деген қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік:. Жолдан өткен кезде жан – жағына қарап дұрыс жүре білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Бағдаршам, жол белгілері.
Әдіс – тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ — жауап
Блингвалды компанент: жол – дорога, жаяу жүргіншілер жолы – пешеход , белгі — знак.
Іс – әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс — әрекеті | Балалардың іс — әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы | Балалар қазір жылдың қай мезгілі?Балалар күздің ерекшелігін айтайықшы?
Теректің жапырақтарының түсі қандай? |
Күз айы.
Салқын,жаңбырлы.
Сары. |
Іздену — ұйымдастырушы | Балалар сендерге мен жұмбақ жасырайын сол жұмбақтың шешуін табайық. Үш көзі бар қаз-қатар,
Кезек-кезек ашады. Үшеуінен байқасам, Үш түсті нұр шашады. Дұрыс айтасыңдар. Бағдаршам дегеніміз не?Оның қызметі қандай? Адамдар жолдан бағдаршамға қарап өтеді.Жол қиылысындағы бағдаршамның жанып,ауысып тұратын үш түсті көзі бар. Бірінші қызыл көзі жанғанда «тоқтап» тұр деген белгі. Сары түс жанғанда дайындал деген белгі береді. Ал жасыл жанғанда жолдан өтуге болады. Түстерін,белгілерін қайталап айтайықшы.
Ал балалар біреу есік қағатын сияқты қарайықшы. -тук-тук(есік қағып қоян кіреді) -Қоян саған не болды? -Мен жолдан өтіп бара жатқанда мені машина қағып кетті. -Сен бағдаршамның қандай түсі жанғанда өттің? Қызыл түсі жанғанда өттім. Балалар қоян дұрыс істегенбе? Ал қандай түс жанғанда өту керек. Балалар біздер қоянға жолдан өтуге көмектесемізбе? Ендеше қоянды жолдан қол ұстасып өткізіп жіберейік. Жолдан өткенде бағдаршамға бағынумыз қажет. Егер бағдаршам жоқ болса жолдың тәртібін реттеп тұратын жол сақшысына бағыну керек.Ең бастысы көшені келіп өтер кезде мұқият болу керек. Жолдан өткенде әуелі оңға,содан кейін солға қарау керек.Қоян балалармен қоштасып кетеді. Балалар қандай жұмбақтар,тақпақтар,санамақтар білесіңдер?
Өте жақсы. Ал енді балалар екі орталыққа бөлінейік. Бірінші орталықта бағдаршам туралы тақпақ жаттаймыз. Шығармашылық орталықта бағдаршамды жапсырамыз.
Сергіту сәті. Қызыл түс жанса Түп-түзу тұр, Сары көзі жанғанда Қол шапалақтаймыз Жасыл көзі жанғанда билейміз.
Орталықтарға ауысып отырамыз.
Балалар кім бағдаршам құрастырады екен. Ойын: «Дұрыс-бұрыс» Шарты: Балалар дұрыс жауапқа қолдарын шапалақтайды, Ойынды 1-2 рет кайталауға болады -көшеден өткенде солға- оңға қараймын. -көшенің ортасында, жолда доп ойнаймын — көшенің ортасында ойнамаймын — келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп шығуға болмайды -жол ережесін сақтаймын — бағдаршамның сары көзі жанғанда дайындаламын -жасыл көзі жанғанда жүремін |
Бағдаршам
Көліктерге кедергі жасамау үшін адамдар көшеде жүру тәртібін сақтау керек екен.
Қызыл Сары Жасыл
Жоқ дұрыс емес Жасыл түс жанғанда өту керек.
Жұмбақ Бір көзім кідір дейді. Бір көзім жүгір дейді Бір көзім абайла-дейді Қарап ал маңайға дейді
Тақпақ Қызыл көзін ашқанда Сының сүйем баспа алға, Сары көзін ашқанда,қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда,жүре бергін жасқанба.
Санамақ Бір дегенім-білім, Екі дегенім-елім. Үш дегенім-үміт жүрейікші әрқашан күліп.
Балалар дұрыс жауапқа қол шапалақтайды.
Дұрыс емес жауапқа орындарынан тұрып қолдарын айқастайды. |
Рефлексивті коррекциялаушы | — Балалар бүгін біз жол ережесі, бағдаршам туралы өз білгендерімізді айтайық.. — Сендер бағдаршамды көшеде көрдіңдер ме? — Бағдаршам қай жерде тұрады. — Бағдаршамның неше көзі бар? — Көздерінің түсі — пішіні қандай? Бүгінгі оқу іс – әрекеті ұнадыма?Бүгін барлығың тәртіпті жолаушы болдыңдар сендерге көп – көп рахмет! |
Ия Жол жиегінде Үш көзі бар Қызыл, сары, жасыл Ия |
Оқу іс – әрекетінен күтілетін нәтиже
Баланың білуі:Балалар бағдаршамның қызметі мен түстерін айыра біледі.
Баланың меңгеруі:Жол ережесімен және жол белгілерін меңгерді.
Баланың жасай алуы:Өздеріне берілген тапсырманы ұқыпты орындай алады.Сұрақтарға жауап бере алады.