Жамбыл облысы
Жуалы ауданы №24 Тұрар Рысқұлов атындағы орта мектебі
Физика пәнінің мұғалімі: Бейсенова Акмарал Ажимуханқызы
Тақырыбы: Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
Мақсаты: Әрбір оқушының физика пәніне деген қызығушылығын арттыру, шығармашылық қабылетін дамыту, өз бетінше және топпен жұмыс жасай білуге үйрету
Шапшаңдыққа, ұқыптылыққа , зеректілікке тәрбиелеу
Сабақ түрі: сайыс сабақ
Барысы: Ұйымдастыру (топқа бөлу) Әрб ір топ өз ұрандарын, аттарын қорғайды.
Топтың аттары: «Атомдар» «Молекулалар»
Көрнекілігі: Интерактивті тақта ,ортақ бағалау парағы, фишкалар,конкурс тапсырмалары, жауап үлгілері
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Сайыс кзеңдері:
І .Таныстыру:
ІІ. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы
ІІІ. «Кім жылдам?» тәжірибе жасау
ІV. «Ойлан, тап!»
«Кім жүйрік?» физикалық жұмбақтар шешу.
VІ. Көрермендер көзайымы
Сайыс барысы: І .Таныстыру: Әрб ір топ өз ұрандарын, аттарын қорғайды.
Жүргізуші: Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгені бір көріңіз.
ІІ. «Бәйге» сұрақ-жауап сайысы
1.Табиғат туралы ғылым (физика)
2.10-6 дәрежесі қалай аталады. (микро)
3.Фюзис грек тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді
4.Бар жоғын білмейміз, Онсыз өмір сүрмейміз. (ауа)
Заттың үш күйін ата (қатты, сұйық, газ)
Молекулалары белгілі тәртіппен орналасқан зат күйі (қатты)
Табиғи жарық көзіне не жатады? (Күн)
Аспан денелерін зерттейтін ғылым? (Астрономия)
Жердің серігі (Ай)
12.Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы
Күннің көзі жылына неше рет шығады? (365 күн)
Кемпірқосақта неше түс бар? (7)
Елеуішпен су әкелуге болады ма? (Болады. Қар мен мұз күйінде)
Қандай ыдысқа су құйылмайды (су толы ыдысқа)
Көлемі және массасы бойынша бұл планета Жерден аз ғана кіші. (Шолпан)
Дененің жүріп өткен арақашықтығы (жол)
19.Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр (уақыт)
20.Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ ішінде не қалады? (Ауа қалады)
Жүргізуші:
Ойла-ойла тереңнен,
Жақсы емес көп бөгелген.
Заңдылықты білмесең,
Өте алмайсың көпірден.
ІІІ. «Кім жылдам?» тәжірибе жасау
1-тәжірибе: Ыдыс ішінде су бар. Ыдыс түбінде тиын жатыр. Қақпақ, сіріңке, қағаз, пинцет, стақан сияқты құралдардың қайсысын пайдаланып, қолды су қылмай, тиынды қалай алуға болады? (пробка ішіне қағаз салып оны өртеу керек те, үстінен стаканмен жабу керек.)
2-тәжірибе: Суы бар стакан , мұз кесектері, жіп , тұз. Осы заттарды пайдаланып мұзды стаканнан алу керек. Жауабы: тұздың әсерінен мұз ериді де жіп мұзға кіріп лезде салқындап жабысып қалады. (кристалдану, балқу!
Жүргізуші:
Сынның да сыны бар ғой сыналатын,
Әр түрлі білім сырын ұға алатын.
Жылдамдық керек мұнда әрі өткірлік,
Сыналып әр секундпен жүре алатын.
ІV. «Ойлан, тап!» Мына төмендегі сөйлемді « Адам» , «Доп», «СУ». деген сөздердің қасына тез әрі жылдам орналастыру керек.Бұл сөйлемдерді араластырып қою керек
а) Көзі қырағы, жанған жарықты алыстан көреді
б) Жүрегіңнің қуаты 2.2 Вт
в) Ғұмырында 40 тонна тамақ жейді
г) жердегі ең ақылды кім?
д)Зерттеу жұмыстарына құрал ретінде қолданылады
е) Іші ауаға толы
ж) Спортшы осы денемен дос
з)Шар тәріздес и)Адам организмінде бар зат
к) Заттың үш күйінің біреуі л)Үш күйде де бола алады м) Жерде онсыз өмір жоқ
Жүргізуші:
Физиканың елінде
Физиканың тілінде
Жұмбақ шешіп ауысып,
Шабыт тасып шалқысып,
Көңілді күй жасайық.
«Кім жүйрік?» физикалық жұмбақтар шешу.
1.Тереземе ақ моншақ ұрып жатыр,
Тиген бетте түк қалмай сынып жатыр. (Жаңбыр)
Қара атым қалтырауық,
Қабырғасы жалтырауық. (Көл суы)
Айнымайды шыныдан,
Қорқады тек жылыдан. (Мұз)
4.Жіпке ілдім мен өзім
Кіп-кішкентай Күн көзін (Электр шамы)
5.Шыр-шыр етеді, құлағыңнан өтеді (телефон)
6.Ешбір тіреусіз күмбез, Ешбір сүйеусіз күмбез.
Ешкім көтере алмайтын күмбез, Ешкім төңкере алмайтынкүмбез (аспан)
Жүргізуші:
Өмірдің мағынасын керек білу.
Өмірің болсын десең сенің сәнді,
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол білімі асқан, өнері асқан,
Өзіңе сүйсіндірер барлық жанды.
Сүйкімді, ақылды бол, иман жүзді,
Ғылымды үйрене біл, небір түрлі.
VІ. Көрермендер көзайымы (бейне камерадан көрермендер сұрақ қояды)
Ол сұрақтарды мектептің жоғары сынып оқушылары қояды.
Самұрық құс самғады.
Көктен өтіп,
Айға жетіп,
Жеңілдеді салмағы. (Космос кемесі)
Жүйрік өзі тұлпардан,
Ұшқыр өзі сұңқардан.
Күні-түні жүйткиді,
Кең далада бір тарлан. (Жел)
Дарияның ортасында екі жайын,
Бірі кетсе бірі дайын. (Күн мен Ай)
Бір емен, жеті терек, алты қайың,
Бұтағы толып жатыр дайым-дайым,
Ішінде шынар текер, үш қарағай,
Өңгесін айта беріп не қылайын. (Шолпан, Жетіқарақшы, Үркер, Үш таразы)
Қорытынды: