Оқу- тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру- заман талабы
Якупова Нургул Адилханқызы,
Қостанай қаласы № 9 қазақ орта мектебінің
ІІ санатты бастауыш сынып мұғалімі.
Білім- ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің, негізгі мектептегі инновациялық жұмысты жандандыруда дер едім. Қайсыбір білім беру жүйесіндегі іс- қағаздарды алмайақ, қоғамның дамуы оқу жүйесінің дамуымен сабақтасып жататындығымен көрсетеді.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімдердің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар бар.
Сондықтан түрлі оқыту технологияларын- оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Жас ұрпаққа білім беру мен тәлім берудің сан жолы, көп қыры бар. Мына ғаламдық ғарышты даму дәуірінде, шәкірттерге ұстаздықпен берілер білім мен күн өткен сайын күрделене, жаңара түсуде.
Қоғам дамуына қарай ғылым салаларының жаңа түрлері пайда болатындығы тарихтан белгілі. Жаңа интерактивтік ғылымдардың бірі- акмеология.
Акмеология жаратылыстану, қоғамдық және гуманитарлық пәндердің түйісінде пайда болған, адамгершілікке бағытталған ғылым. Акмеология сөзін таңдасақ, ол «акме» — адамның өмірлік іс-әрекетінің формасы, «логия» — ғылым мағынасын береді. Оның теориялық- ғылыми, психологиялық негіздемелері зерттеулер барысында жасалуда. Акмеологияландыру негізгі сипаттамалары төмендегідей болып тұжырымдалған:
Қазіргі ақпараттанудың дамыған заманында әрбір адамның негізгі мақсаты болатын- дамудың шыңына жеткізу.
Адатану облысында әлі де арнайы қарастырылмаған нақты аймақтарды қамту;
Адамның өзін-өзі шығармашылықпен дамыту тәсілдерін әлеуметтік практикаға енгізу, оны енгізудің тәжірибелік және эмприкалық зерттеу технологияларын айқындау;
Педагог үшін акмеология не береді? Қалайша өте жақсы оқытушы болуға болады, мұғалімдік кәсіптің ұшар шыңына қалай жету керек, оқыту өнерін қалай меңгеруге болады деген проблемалық сұрақтарға іргелі акмеология жауап бере алады. Әрине бүгін біз осы сұрақтардың барлығына жауап беру мақсатында емес, оның бір ғана тарауы- мұғалімдік кәсіпті бағындыру шыңына жасалып жатқан талаптар, оның жолдары туралы болмақ. Жаңа ғана айтып кеткеніміздей акмеология біздің күнделікті іс- әрекетімізге кеңінен ене бастады. Сөз жоқ, оның өзіне тән принциптері, заңдары, әдіс- тәсілдері бар. Бұларды зерттеу, дамыту іс-әрекетке енгізу бағытындағы жұмыстары кең қанат жаюда.
Қазіргі жасалған ғылыми тұжырымдама бойынша, бұл бағыттағы жұмыстарға дайындау оның шеберлігін шыңдап әрбір ұстаздың қолында
Ол үшін мынадай нұсқаулықтарды басшылыққа алуымыз тиіс:
Мұғалімдерде: ғылыми- практикалық әдістермен және осы әдістердің негізіндегі өзіндік іс- әрекетінің нәтижелерін диагностикалайтын құралдармен қамтамасыз ету. Сонымен бірге осыларды өзінің практикалық іс-әрекетінде пайдалана білулеріне қол жеткізі;
Мұғалімде, мектеп пен білім беру саласының алдында тұрған басты мақсаттарды ой елегінен өткізіп отыруға үнемі соған бағыттап жұмыстарын ұйымдастырып отыруы керек;
Мұғалімнің өзіндік озық іс- тәжірибесін үнемі жүйелеп және қорытындылап отыруды, сондай-ақ іс тәжірибені қажет ететіндерге түсінікті түрде жеткізе білу технологиясын үйрету.
Мұғалімнің әрбір оқушының психологиясын терең білуіне және соған қарай әрекет жасауына қол жеткізу.
Бастауыш білім- үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған орй оқушыға белгілі бір көлемдегі білім дағдыларды меңгертумен бірге, табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта, жан-жақты дамыту бүгінгі күннің талабы.
Мұғалімдердің негізгі мақсаты: оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, шығармашылық ізденіске баулу.
Ұлы Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген сөзі еске түседі.
Ұстаз тәлім-тәрбие ісінен жалықпайтын, шығармашылығы мол, парасатты азамат болуы керек.
Қазіргі заман мұғалімі өз пәнін жетік біліп қоймай, тарихи танымы мол, педагогикалық-психологиялық тұрғыдан сауатты болуы тиіс.
Бүгінгі таңда жаңа технологияны оқып-үйрену, болашақ ұстаздың шығармашылық ойлауын, инновациялық кәсіби білім мен шеберлігін жетілдіре түседі.
Білім туралы заңға сәйкес мұғалім оқушының мемлекеттік өлшем деңгейінен төмен түсірмей білім беруі тиіс. Ол үшін оқытудың белгілі технологиясын игеріп, оны жүзеге асыра білуі керек. Мәселен Ж. А. Қараев, А.В Занков және басқа тәжірибесін игеру әрбір баланың қайталанбас тұлға екенін зерттейтін ғылым. Білім берудің әлемдік кеңістіктегі оқушының үлгерімін, ата-ана мен педагогтар қадағалап, тест арқылы қабілеттерін өлшеп, баланың ерекшелігін ескеру арқылы жүзеге асады.
«Білім мен тәрбие- егіз» — дейміз. Олай болса, сауатты білім алу үшін бірінші бала тәрбиесін қалыптастыру керек. Ол үшін не істеу керек? Мектеп табалдырығын аттаған күннен мұғалім, оқушы және ата-ана арасындағы тәртіпті қалыптастыру керек. Тәртіп болған жерде ғана оқушының алған білімі, тәрбиесі көрінеді. Оқушыларды еркін ұстап, өз ойын ашық айтқызып, ұялшақ болмай, ширақ болуға үйрете отырып, тәртіпті қалыптастыруға болады. Сабаққа дайын болмаған оқушыға қатты зекіп, сөгіс жариялап, ата-анасына жамандап, баланың беделін түсіріп алу деген өз жұмысыңды артқа тартуға әкеп соғады. Ш. А Амонашивилидің тәрбие туралы әдісінде балаға сенімді көзбен қарап, оның бойындағы жақсы қасиеттерді көріп, соны үнемі арқау етіп, сенен жақсы оқушы шығады, сен оны түсіндің, ертең жаттап келіп, жақсы баға аласың деген жылы сөздерді пайдаланып отырсақ, оқушы бойында жауапкершілік қасиет қалыптасып, өзінің оқығанына мұғалім, жан-жағындағы достарының қуанатынына оқушының көзі жетіп, өмірге деген қызығушылығы арта түседі.