Сабақтың тақырыбы: “Қазақтың тарихи әндері”. 4-сынып Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларды халық өміріндегі елеуді оқиғаларға байланысты тарихи әндермен таныстыру.
Оқушыларға халқымыздың тарихынан,мәдениетінен, өнерінен құнды деректер беру. Баланың дүниетанымын кеңейту.
- Дамытушылық: Музыка арқылы оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Білімге өнерге құштарлығын дамыту.
- Тәрбиелік мәні: Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Отанды қорғауға, батылдыққа, ержүректікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың әдісі: Репродуктивті, түсіндірмелі көрнекілік , сұрақ- жауап, және Робин Роунд стратегиалары.
Жұмыс түрі: топтық, практикалық
Көрнекіліктер: баян,үнтаспа,скрипка кілті,интерактивті тақта,бейнетаспа,теледидар.
Пән аралық байланыс: әдебиет,тарих,өнер,өмір.
Сабақ жоспары: І.Ұйымдастыру кезеңі
1.Оқушылардың назарын сабаққа аудару
2.Психологиялық дайындау
2.Дауыс жаттығуы
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1.Революциялық әндер
- «Революция сарбаздары» әнін жатқа сұрау
3.Тыңдаған музыкаларына түсінік беру
ІІІ.Өткен тақырыпты қорытындылау.
Сұрақ-жауап әдісі:
1.Революциялық әндер дегеніміз не?
2.Қандай революциялық әндерді білесіңдер?
3.Қандай революциялық әндерді тыңдадыңдар?
4.Үйренген әніміз нені бейнелейді?
Интерактивтік тақтадан ревалюциялық әндердің тізімі және тыңдалған музыкалар көрсетіледі
IY.Жаңа сабақ: Қазақтың тарихи әндері
(интерактивті тақтадан күн тізбегін және жаңа тақырыпты көрсетіп қоямын)
а) Қазақтың тарихи әндері.(түсіндіремін)
б) “Елім- ай” халық әні — тыңдау.(слайд көрсетемін)
в) “Желтоқсан желі” Ә. Тінәлиев — тыңдау. (Бейнебаян көрсетемін)
Y.Жаңа сабақты бекіту
1.Робин Роунд стратегиясын пайдаланамын яғни сиқырлы скрипка кілті арқылы сынып оқушыларын түгел қатыстыру арқылы жаңа тақырыпты қалай меңгергенін анықтаймын.
1.Тарихи ән дегеніміз не?
2.Тарихи әндерді ата.
3.Қандай музыка тыңдадық?
- «Елім-ай» әні қандай ән?
- «Желтоқсан желі» қалай шықты?
“Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны” –шығу тарихымен таныстырамын
“Елім-ай”халық әні –үйрену
Дәптермен жұмыс.
Интерактивтік тақтадан көрсетіліп қойылған жаңа тақырып туралы мәліметтерді көшіру.
1.Күн тізбесі
2.Тақырып
3.Тарихи әндер
4.Ереже
- Қорытындылау
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны»-орындау
Халық өміріндегі елеулі оқиғаларға,тарихи әлеуметтік жағдайларға байланысты туған шығармаларды тарихи әндер дейміз.
YII. Үйге тапсырма. 1.Қазақтың басқа қандай тарихи әндерін білесіңдер (өз бетінше іздену)
- «Елім-ай» әнін жаттау
YIII.Бағалау
Сабақ барысы: Сынып оқушыларымен амандасу рәсімін жасаймын. Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын, дайындығын қадағалаймын. Жаңа тақырыппен таныстырамын. Өтілетін жаңа сабақтың мақсаты: Қазақ халқының тарихы оқиғаларына байланысты шыққан әндермен танысамыз. Үйге берілген тапсырма “Революциялық әндер” тақырыбы бойынша оқушылардан сабақ сұраймын. Тақырыппен байланыстыра отырып, дауыс жаттығуын жасаймын.
М. Маңғытаевтың “Революция сарбаздары” әнін орындау.
Жаңа сабақ: “Тарихи әндер”.
Халық өміріндегі елеулі оқиғаларға, тарихи — әлеуметтік жағдайларға байланысты туған шығармаларды тарихи әндер дейді.
Мұндай кең тараған әндердің бірі — “Елім-ай” әні. Қазақ тарихында “Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама” деп аталатын жоңғар — қалмақ шапқыншылығы кезінде болған оқиға желісінен туған “Елім- ай” әні халық есінде ұмытылмай, тарихи ән болып қалған. Жоңғар — қалмақ шапқыншылығы бейбіт өмір сүріп отырған қазақ елін, 1723-1728 жылдары өз жерінен қуып, бостырып жіберді. Қазақ халқының басына түскен ауыр кезең “Елім- ай” деген тарихи қайғылы әнде өз ізін қалдырды.
1986 жылдың 16 желтоқсаны Қазақ халқы үшін қасіретті әрі қасиетті қос күні Алматы және Қазақстанның басқа қалаларында 17 мен18 күндері қазақ жастары бейбіт шеруге шықты. Беймәлім ортақол жетекші Г.В. Колбиннің Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы болып сайланды. Келіспеушілік білдірді. Мәскеудің екі жүзділігіне, Кеңес империасының зорлықшыл тасқамалына тай салмай қарсы шықты. Бейбіт қарусыз жастар: темір таяқпен, күрекпен, адам аулайтын иттермен қаруланған, өрт сөндіру машиналары және бронетранспортерлермен жарақаттанған әскерге қалай төтеп берсін. Империя дертімен уланған жазалаушылар мен Алматыдаға шовинистермен құрылған жасақшылар өрімдей жігіттер мен қыздарды аса қаталдықпен басып жаншыды. Аналарға қол көтеріп, қазақ қыздарын шашынан сүйреп, итке талатты.
Осы оқиғаға байланысты “Желтоқсан желі”, “Қасқалдақ” әндері дүниеге келді.
“Желтоқсан желі” – әнін тыңдатамын. (слайт көрсетіледі)
“Елім- ай” әнін тыңдатамын.
Сабақты қорытындылауға “Робин Роунд” әдісін пайдаланамын.
“Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны”- орындау.
Сабақ барысында жауап берген оқушылырдың жауаптарын бағалаймын.
Сабақты аяқтап қоштасу рәсімін жасау.