Даниярова Бейбіткүн Қаржауқызы
Алматы қаласы
М. Базарбаев атындағы №138 гимназиясының ағылшын тілі пәнінің жоғары санатты, сертификатталған 1-деңгей мұғалімі
Өзгеріс не үшін керек ?
“Болашақта өмір сүретіндер –
бүгінгі мектеп оқушылары,
мұғалім оларды қалай
тәрбиелесе, Қазақстан сол
деңгейде болады, сондықтан
ұстазға жүктелетін міндет
ауыр”
Н.Ә. Назарбаев
Қазіргі таңдағы еліміздегі өзгерістер тұрақты дамудың жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы оның жедел ақпараттануы, қарқындылығы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. ҚР-да білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсаты: экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қаблеттілігін арттыру деп атап көрсетілген.[4]
Осы мақсатқа жету жолында көптеген істер атқарылып жатыр. Біз тыңдаушы болып отырған деңгейлі бағдарламаның құрылуы да осының айғағы.Біз, мұғалімдер білім беру саласына өзгерістер қажет екенін білеміз.Бірақ нақты қандай өзгерістер қажет? Алдымен өзге елдердің реформаларын зерделеп көрейін.
Әлемде білім сапасы жөнінен алдыңғы қатарда тұрған елдер бұл денгейге қалай жетті? Мысалы Оңтүстік Корей елі. Оңтүстік Корей елінің білім беру жүйесі 12 жылдық екен. Корей елінде орта мектептердің жоғары сыныптары екі бағытта оқытылады, яғни, жалпы білім беретін және кәсіби білім беретін мектептер. Екі бағытта да білім беретін мектептер де бар, бірақ саны өте аз екен. Ол елде мектепке дейінгі білім беру алты жастан басталады, бастауыш білім беру – алты жыл; орта білім – үш жыл; жоғары орта білім – үш жыл; жоғары білім – төрт жыл. Балабақшалар — жеке меншік және мемлекеттік болып бөлінеді, бірақ балабақшаға барлық баланың баруы міндетті емес. Балабақшаларда балаларды жан-жақты дамытуға, денсаулығының зор болуына және эмоционалдық дамуға негізгі мән беріледі. Сәбилерді өздеріне деген сенімділікке тәрбиелеу басты қағидат саналады, олар ән айтуға, сурет салуға және санауға машықтанады.
Мектептері де жеке меншік және мемлекеттік болып бөлінеді. Мемлекеттік мектептерінде негізгі пәндер — корей тілі, математика, қоғам тану, этика, өнер, музыка және ағылшын тілі болып саналады. Ал жеке- меншік мектептерінде басқа пәндермен қатар қосымша пәндер де оқытылады. Мектеп бағдарламасы: “көп мұғалім – аз оқушы” принципіне негізделеді. Корей тілінде мектеп “ чунхаке” деп аталады, аударғанда – орта мектеп деген мағына береді.
Бұл ел әлемде PISA зерттеуі бойынша көшбастап тұрғанына тұрса да, 2000 жылы реформа қабылдапты, оның бірінші қадамы мұғалімдер үшін жасалған екен. Олар үшін оқу бағдарламалары, әдістемелік бағдарламалар және оқушыларды оқуға үйрету үшін семинарлар ұйымдастырылады екен. Мұғалімге сабаққа дайындалуға қолайлы болуы үшін интернет ресурстар жасақталған.
Екінші қадамы ата-аналар үшін жасалыпты. Яғни, ата-аналарға арналған ресурстар жасақталып, жалпыға ортақ, қарапайым және түсінікті тілмен жазылыпты. Олар: баламен бірге бүкіл отбасы отырып жасайтын арнайы жаттығулар, кітаптар және бірлесе жауап қарастыратын материалдар, кеңес беретін әдебиеттер.
Үшінші қадам оқушылар үшін жасалыпты. Яғни, қосымша оқып үйренгісі келетін оқушыларға мектепте қосымша сабақтар ұйымдастырылған. Мұндай сабақтарды мемлекет қаржыландырғандықтан, жағдайы төмен отбасынан шыққан балалар да қатысуға мүмкіндік алған. Ал, мектептер қаржының белгілі бір бөлігін қасымша сабақтар ұйымдастыруға, кітаптар сатып алуға және кеңесшілер шақыруға бөледі екен.Осы реформаның негізгі мақсаты жастарды XXI ғасыр көшбасшылары етіп тәрбиелеу болыпты.
Барлық оқушылар базалық деңгейге қол жеткізген жеткізбегенін бақылау үшін Корей үкіметі 1998 жылы арнайы NAEA бағдарламасын жасаған. Қазіргі таңда бұл бағдарлама негізінде 6-шы, 9-шы және 10-шы сынып — корей тілінен, қоғам-тану, математика, жаратылыстану және ағылшын тілінен білім деңгейін зерттейді, яғни бұл емтихан емес, ұлттық зерттеу. Бұл — оқушылардың білім сапасын оқушыны қатыстырмай зерттеу арқылы мектептерге қандай қосымша сабақтар мен мектеп бағдарламасына қандай өзгерістер қажет екендігін ғана қарастырады. Осындай сәтті реформа жүргізудің арқасында Корей елі 9 жылда білім сапасын көтеруге қол жеткізіпті.
Қазіргі таңда Корей елі білім деңгейі жөнінен екінші орында, яғни білім оқушыға бағытталғандықтың жемісін көріп отыр. Сондай-ақ, айта кететін нәрсе бұл елде үйде білім алу 2010 жылдан бері заңдастырылған. 2015 жылдан бастап, 3 жастан 17 жасқа дейінгі балаларды білім деңгейіне қарай бір сыныпта оқыту қолға алынбақшы екен.[ Korean Herald Реформы в области образования в Южной Корее
www.Edutainme.ru// Практика Реформ: Корея.]
Бұл елдің реформаны сатылай жүргізу және балабақшаларда сәбилерді сенімділікке тәрбиелеу әдістері маған қатты ұнады. Ата-ананың баласы үшін уақытын бөліп жан-жақты дамуына жағдай жасауы да елдің әлеуметтік экономикалық әлеуетін айғақтағандай. Сондай-ақ, бұл елдің Ата заңында өмір бойы үздіксіз білім алу жазылған екен.
Маған ұнаған тағы бір тұсы әр мектеп өз мүддесіне қарай білім стандарттарына өзгеріс енгізіп, әр мектеп өздері кітапты таңдап ала алатындығы және оқытудың мақсаты оқушылардың пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Оқытудың тиімді жолдарын меңгеру топпен ынтымақтастықта бірлесе жұмыс істеуге, мәселені сын тұрғысынан ойлап шешуге, қабілеттілік әлеуетін іске асыруға мүмкіндік беретіндігі.
Жaпoн елінде білім беру саласында 1984 жылы XXI ғaсырғa арнaлғaн хaлыққa бiлiм бeру рeфoрмaсының aлғaшқы дaйындығы бaстaлыпты. Жaпондықтaр oны “рeфoрмa эпoхaсының бaстaлуы” дeп сипaттaған жәнe жекeлeгeн жaқтaры ғaнa eмeс білім бeру жүйeсінің нeгізі рeформaлaнуы тиiс дeп eсeптеген.
Жaңa рeфoрмaның нeгізгі міндеттeрі:
-Әpбіp aдaмғa үздікcіз білiм бeру жүйeсін қaлыптaстыру.
-Балaлaрдың білiм aлу кeзeңіндe oқытудың құрaмы мeн әдісiн қaйтa жaсaу.
-Кoмпьютeрлeндіpу мeн aқпaрaттaндырудың жоғaрғы дeңгeйінe сәйкeс тәрбиелeу жәнe білім бeрудің құрaмы мeн әдісінің құрылымын қайта жасау.
Ал 1991жылы сәуірде Білімге жауапты орталық кеңесті қайта құрып, оның алдына XXI ғасыр білімін дамытудың негізгі мақсаттарын қарастыруды тапсырған екен.Сонда кеңес 3 бағытта қайта құруды ұсыныпты.
- Болашақ жапондық білім жүйесінде отбасы- мектеп- қоғам бірлесе жұмыс жасау;
- Білімнің әркімнің қажеттілігіне қарай берілуі;
- Қоғамдағы өзгерістерге, ғылым мен техниканың дамуына сәйкес болуы.
Білім бeру жүйeсіндeгі жaпoн eлінің нeгізгі сaяси көзқaрaстaры әpтүрлі қoғaмдық жәнe мeмлeкeттік структурaлaрдa қызмeт eтe aлaтын шығaрмaшыл, ерeкше oйлай aлатын, жaндүниeсі бaй тұлғaны қaлыптaстыру бoлып тaбылaды. Жaпон елінде мектепкe дeйінгі білім бeруге үлкeн көңіл бөлінгeн. Себeбі психолoгтаpдың дәлелдeуі бойыншa адaм 7 жaсқа дeйін бүкіл өміp бoйы aлaтын білімінің 70% — ын, aл oдaн кeйін 30% -ын ғaнa aлады екeн. Бaлалық шaқта бaланың өзгe aдамдармен сөйлeсy мәнeрі қaлыптaсaды, aл, ұжым құндылықтaрына нeгізделген жaпон қоғaмы үшін бұл мaңызды сипaтқа иe eкендігі дaусыз. Мeктепке дeйінгі білім жaнұяда бaсталады. Өзгe aдамдармен қaрым – қaтынас жaсауды бaлалар aта – aналарын бaқылау aрқылы үйрeнеді, дегeнмен тәжірибe жүзіндe тoптық қaтынaсқa үйрeну бaлaбaқшaларда, мeктeптерде жүзeге асaды eкeн. Жапон мектебінде мұғалім мәртебесі биік.Мұның негізінде конфуцияндық тәрбие жатыр.Жапон мұғалімі тек білім беруші ғана емес, тәрбиелеуші, жасөспірімдердің өмір жолындағы алғашқы қадамдарын жасауға көмектесуші. Ал, жaпoн тәрбиeшілері балaларды қaрым – қaтынасқа үйретe отыpып, олaрды жекeлеген кішкeне топтaрға бөлeді. Бұл мeктeпке дeйінгі тәрбиeнің нeгізгі айырмaшылығы бoлып тaбылады. Бұл тoптaрдың өз үстeлдeрі, жәнe бaлалaрдың тoп бoлып aқылдaсып, яғни тoптың әpбіp мүшeсінің oйын ескeріп тaңдаған aттары болaды. Топтaр бaлалардың бeйімділігінe қaрaй eмес, олaрдың әрeкеттері тиімді болaтындaй құрылaды. Бaлaлaр сұхбaттaсушыны тыңдaу, өз oйын жеткізe aлу жәнe құрдaстaрының ойлaрымен сaнaсу сияқты қaсиеттерді бойынa сіңірeді. Жaпон бaлaлары бaстaуыш мeктепте дe, ортa мeктепте дe тoп бoлып білім aлуды жaлғaстырaды. Мeніңшe бұл жүйe оқушылaрдың денcaулығын сaқтaуғa көмектeсeді. Бaрлық білім бepу жүйелeрі тығыз бaйлaнысты жәнe бір мaқсатқa – өсіп кeлe жaтқан ұрпaққa дaмығaн жaпон қоғaмының ұлттық мәдeни құндылықтaрын бeру мaқсатында жұмылдырылғaн. Сонымен қатар, көптеген зерттеулер нәтижесінде 2002 жылдан бастап мектептерде 5 күндік оқу енгізіліп, оқушылардың оқу жүктемелері азайтылған.
Сoндай-ақ 15 жaсар жaпон бaлаларының мaтематикaлық білімі 15 жaсар aмерикaлық бaлалaр білімінeн 2 eсe көп болaды eкен. Жапoндықтaр индyстриялық қоғaмның тaлaбымен жұмыс жaсaйды. Бaла білімін тeст, емтихaн aрқылы тeксереді.Атa-анaлар мұғaлімдер жaлдап балалaрын мектeптен тыc yақытта дa оқытaды, кeректі мaмандыққа бaулиды. Жaпония әлeуметтік-экoномикалық және зияткeрлік прогрeсі ерекше дaмыған ел. Ал oсы жeтістіктерінің басты себептерінің бірі білім беру саласындaғы жeтістігі. Жaпон елінде мұғaлімдер бірге жұмыс істеу үшін шағын топтарғa бірігеді, бірігіп сабaқты өткізу әдістері тaлданады, жoспарлау жүзеге aсырылады. Сабaқ зeрттеліп, рeфлексия жaсалады. Бұл үдeріс бірнeше рeт қaйталанады дa oқытудың жaңа тәcілі әзірлeнеді. Бірнeше мұғaлім біpігіп жасaп және бірнeше рeт сынaқтан өткізгендіктeн жаңа тәсіл сапaлы болады екен. http://referat.resurs.kz/ref/sistema-obrazovaniya-v-yaponii/
Мұның дәлелі Лессон стади әдісі екенін білеміз. Жапон балалары сабақта қалай керемет әлеуметтенген, өз ойларын ашық айтып пікір таласқа түсе алады және мұғалімдерімен оқушылары арасында сыйластық қарым- қатынас орнаған. Балалар сабақта өте еркін. Видеороликтен көргенде резеңке тәпішкелері маған қызық көрінді. Мүмкін, ол да оқушыны қарапайымдылыққа тәрбиелеп, басты назарды білімге аудару шығар. Жапон елінің «LS» тәсілін көптеген елдер қолдануда. Бұл тәсілдің құрамдас бөлігі рефлексия тек мұғалімге ғана емес, оқушыға да көп пайдасы бар. Әр сабақ жүйелі тиімді жоспарланғаннан соң оқушы да білімді жүйелі түрде алады және де топта жұмыс жасаған инклюзивті оқушының өзі құрдастарының арасында өз ойын еркін айтады, тіпті кейде өз ойын басқа баладан ұтымды айтуы да мүмкін. Топ мұғалімдері жауапкершілікті бірге бөлісіп, зерттеу барысында жинақтаған білімін педагог қауыммен кеңінен бөлісетіндігі өте тиімді деп ойлаймын.
А.Құсайыновтың “Әлемдегі және Қазақстандағы білім берудің сапасы” атты монографиясында атап көрсетілгендей білім беру индексі бойынша Финляндия бірінші орында тұр. Бұл елде реформа 1980 жылдарда басталыпты және білім беруді мемлекет толықтай өзі көтереді екен. Дамуы кешеуілдеген, дене кемістігі бар балалардың да барлық балалармен бірге оқытылуы жолға койылған. Оқушылардың 96 % 9-шы сыныптан кейін гимназияларға, кәсіби училищелерге оқуға түседі. Кітапханалары өте бай, білім беретін фильмдер тек қана фин тілінде жасалған, дубляжсыз. Мектептерінде ұстаздардың 45 % ер адамдар. Ата-аналар мектеп өміріне белсенді түрде араласады. Мектепте сабақ беруге магистр дәрежесі бар мұғалімдер ғана жіберіледі. ЖО бітірген жастардың 10 % ғана мұғалім бола алады. Мұғалімдері күніне 4 сағат жұмыс жасап, аптасына 2 сағат өз білімін көтерумен шұғылданады.
Оқытуды жетілдіру үшін мұғалім сыныптағы сабақ берудің түбегейлі әдістерін табуға тиіс. Жекелеген мұғалімдер өз жұмысындағы кемшіліктерді түсінуі және озат әдістемелерді түсініп меңгеруі және өз жұмысын жетілдіруге деген қызығушылығы болуы керек. Жаңа реформаларда оқыту сапасын арттыру үшін төмендегі төрт тәсіл іске асырылады екен:
- Білім берудің ерте кезеңінде практикалық дағдылар қалыптастыру;
- Мектептегі тәлімгерлікті ұйымдастыру;
- Жетекші тәлімгерлерді дамыту;
- Мұғалімдер бір-бірінен үйрену үшін жағдай жасау.
Финляндияда жеке оқушылардың сабақ үлгеріміне жедел араласу арқылы сәтсіздіктер мен күйзелістердің алды алынады. Яғни, мектептерде тең мүмкіндіктер қағидатына сәйкес сабақ сапасының тұрақтылығы артады. Мектепте оқушылардың қалай оқып үйренуіне, ойлау қабілетінің дамуына назар аударылады. Мұғалімдердің рөлі білім беру емес, оқушыға білімді қалай алуды үйрету болып табылады. Жетістікке жеткен мектеп көшбасшысының көрсетуі бойынша жетістікке жетулерінің басты үш себебі бар екен. Олар:
- оқыту әдістері мен есеп берушіліктің тұрақтылығы;
- оқушылардың жеке қажеттіліктерін жете түсінуді басшылыққа алу;
- сабақтарды бірлесіп жоспарлау.
Бірлесіп жоспарлау үшін мұғалімдер жиналып,оқушылар үлгерімінің көрсеткіштерін зерттейді, және оқушылардың қажеттіліктеріне жауап беретіндей жаңа сабақ жоспарын жасайды. Бұл мұғалімдер тобына коучерлер көмек береді. http://da.fi/718.html
Менің ойымша, біздің мектепте де осы тәжірибені енгізу сабақ сапасын арттырудың бір жолы болып табылады. Ынтымақтаса оқыту әдісі біздің мектептерде де қолға алуға болатын инновациялық әдіс. Себебі мұнда ақпараттар көзі көп болады да, таңдау мүмкіндігі көбейеді. Мұғалімдер оқушының білімі мен дағдысын дамытуы, оқуын барынша даралауы, қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән беруі және оны тұлға ретінде дамытуда икемділік танытуы тиіс. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 1деңгей, 6 бет ).
Фин елінің дарынды оқушыларға ерекше көңіл бөлетіні ұнады. Әлемде білім сапасы жөнінен бірінші орында тұрған мемлекеттің басқа елдерде жүргізіліп жатқан реформаларға кері жүретіндігі қызық, бірақ нәтижесін беріп тұр. Мектепке бала тек 7 жаста барады, алғашқы 6 жылда білім еш бағаланбайды, тек қана 17 жаста тест тапсырады екен, бірақ ЖЖО-ға түсуге емтихан тапсырмайды. 40 жыл бұрын жасалған реформа нәтижесі осы таңда да көрініп тұр. Оның негізі орталықтанған даму моделіне қарсы жұмыс жасауда екен.
Бүгінгі таңда Австралияның білім беру жүйесінде мемлекеттік білім беру мекемелерімен қатар жеке меншік және діни мектептер қызмет етеді. Мемлекеттегі жалпы он мыңнан аса мектептің 71 % мемлекеттік мектептер құраса, қалғаны жеке меншік мектептер болып келеді екен. Элиталы мектептердің жылдық төлем ақысы – 25 000 доллар және баланы үйде оқытуға болады екен, үйде оқытуға арналған бағдарламаны жасақтайтын арнайы мекеме жұмыс істейді, сол мекемеге бала тіркелуі тиіс, ол мекеме үйде оқытуды бақылайды екен.
Орта білім беру 12 жылға есептелген. Мектептерде ағылшын тілі, математика, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдары, өнер пәндері өтіледі. 10 -12 сыныпта оқушылар таңдаған мамандығына сай 5 пәнді оқиды екен.
Ерекшелігі – жоғары сатыны оқушы бір жылда немесе жеті жылда бітіруі мүмкін. Мемлекеттік мектептерде бастауыш, орта, жоғары мектептің өз ғимараты, әкімшілігі бар. Жеке меншік мектептерде керісінше барлық оқушылар бір ғимаратта оқиды екен.
Австралия PISA халықаралық салыстырмалы зерттеулері бойынша 2006 жылы 9 орынды иемденген. Себебі, мұғалімдер бастауыш сыныптан бастап әрбір сабақты өмірмен байланыстырып өтеді екен. Оқушылар бастауыш сыныптан эссе жазып, кез-келген құбылысқа, оқиғаға өзіндік пікір білдіре алады. Сонымен қатар елде инклюзивтік білім беру жоғары денгейге қойылған екен. Инклюзивтік білім беру өткен ғасырдың 70 – жылдардың аяғында басталған екен. Даму мүмкіндігі шектеулі балалар мен дені сау балаларды қосы оқытқанда басты назар олардың білім алуына емес, әлеуметтенуіне беріледі екен. http:// Образование в Австралии.
Қазіргі кезде біздің елде де қоғамның талабына сәйкес келетін ұрпақ қандай болуы керек? — деген сұрақтың жауабы тынымсыз ізделіп, шет елдерде жүргізілген реформаларға талдаулар жасалынып жатыр. Нәтижесінде анықталғаны оқытудың сындарлы теориясын пайдаланатын елдер көп жетістіктерге жетіп отырыпты. ХХІ ғасырда экономиканың дамуы үшін ең негізгі фактор мемлекеттің қазба байлығының мөлшері, мемлекеттің географиялық ыңғайлы орналасуы және т.б. мәселелер емес, экономиканың алға басуының негізі – адам, оның денсаулығы, білімі, кәсіптік деңгейі, икемділігі деп ойлаймын. Мемлекет мәдениетінің айнасы-мектеп. Шын мәнісінде еліміздің әлеуметтік, мәдени, саяси, психологиялық жай-күйі халықтың білім жүйесінен, оның деңгейінен, ағартушылық іс-әрекетінен анық аңғарылады.
Мұғалім әр оқушының күшті және әлсіз жақтарын дәл бағалай алуға, қай пәнге бейімі барын біліп, оның білім алуына көмек көрсетуге лайықты педагогикалық әдістерді таңдай білуге және оқушымен қарым-қатынаста тиімді әрі мақсатқа лайықты тәсілді қолдануға қабілетті болуы тиіс. Осындай қабілеттерге ие болуы үшін мұғалімдерді кәсіби даярлауды өзгерту керек, өйткені біз білімге негізделген қоғамда өмір сүреміз. Мен осы курсқа келгеніме өте қуаныштымын, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі болғандықтан Кембридж, Оксфорд, Макмиллан баспаларының кітаптарымен жұмыс жасап жүрмін, бірақ-та, сабақ өту барысында оқушы қатесін бірден түзеуге ұмтылатынмын, курс барысында бұл ойымнан өзгердім.
Қазіргі таңда білім сапасы бойынша көш бастап тұрған елдердің білім беру жүйесінде жүргізген реформаларын талдай отырып, өз елімнің білім беру жүйесіне қалай ендіруге болады және несімен тиімді дейтін болсам, әрине,оқытуды оқушылардың түрлі қажеттіліктеріне бейімдеу, яғни білімнің қолжетімділігін, сыни ойлау стратегиясын қолдана отырып шығармашылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, XXI ғасыр көшбасшыларын дайындауды мақсат етіп, сындарлы оқыту теориясын басшылыққа алып білім беруді енгізу тиімді деп ойлаймын.
Ал өз мектебіме қалай ендірер едім? Әрине, көшбасшылық жасай отырып, коучинг, тәлімгерлік үдерісі және желілік қоғамдастық арқылы дер едім.
-Қандай өзгерістер ендіремін?
Финляндия, Оңтүстік Корей, Жапон, Австралия елдерінің реформаларының ұтымды тұстарын ұлттық дәстүрімізді,құндылықтарымызды сақтай отырып, толығырақ айтсам:
- Оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту;
- Ұстаздардың өз бетімен кәсіби біліктілігін арттыруы;
- Ақпараттық технологияларды пайдалану;
- Топтық, жұптық диалогтық оқыту;
- Әрбір адамға өмір бойы әсер ететін, үздіксіз білім беру жүйесін қалыптастыру;
- Бастауыш сыныптан бастап эссе жазуды ендірер едім.
Ойымды қорыта келе, енді мен мектебімнің нақты жағдайын зерттеп және оған қандай өзгерістер ендіретінімді жоспарлауым керек . Алдымызда үлкен міндеттер тұрғанын түсінемін, ынтымақтаса жұмыс жасасақ тәжірибемізді жариялау кезеңіне де оңай жетеміз деген ойдамын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Назарбаев Н. Ә. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –
Қазақстан дамуының басты бағыты./ Қазақстан халқына
жолдау.-Егемен Қазақстан, 27 қаңтар 2012 жыл.
2.Құсайынов А.Қ. Әлемдегі және Қазақстандағы білім
берудің сапасы.-Алматы,2013.-196 б.
3.Мұғалімге арналған нұсқаулық. Бірінші деңгей. Екінші
басылым.
- ҚР білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. — Астана 2010 жыл.
- Интернет материалдары:
http://referat.resurs.kz/ref/sistema-obrazovaniya-v-yaponii/
Korean Herald Реформы в области образования в Южной Корее
www.Edutainme.ru// Практика Реформ: Корея
http:// Образование в Австралии