Басы » Қазақ тілі мен әдебиеті » Ресми іс-қағаздар стилі (Презентация)

Ресми іс-қағаздар стилі (Презентация)

 №21 жалпы орта білім беретін мектеп КММ

Сабақтың  түрі:кіріктірілген сабақ

Қазақ тілі пәні мұғалімі:       Серікбаева М.Ш.

Информатика пәні мұғалімі:   Омаргазина Н.Б.

9-сынып

Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: «Ресми іс-қағаздар стилі»

Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға  ресми іс қағаздары стилі, іс қағаздарының түрлері     мен тілдік құрылымдық ерекшеліктерін  меңгерту. Іс қағаздарының үлгісін компьтерлік үлгіде толтыра білуге үйрету. Сауатты, ұқыпты жаза білуге дағдыландыру. 

Дамытушылық: оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой -өрісін дамыту,  ізденімпаздыққа баулу,  танымдық қабілетін  жетілдіру,

Тәрбиелік: оқушыларды сыйластыққа,  дұрыс мамандық таңдай білуге  тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  кіріктілірген сабақ

Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, компьютермен жұмыс, талдау, салыстыру

Пәнаралық байланыс:  әдебиет, информатика, орыс тілі, ағылшын тілі, тарих пәні.

Сабақтың барысы:

І . Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасып, сыныпты түгендейміз.  Оқушылардың  сабаққа дайындығын тексереміз.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Қыс келбеті» деген тақырыпта ойтолғау жазу;

Көркем әдебиет стилін қайталау, пысықтау;

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.

ІV.   Жаңа сабақ:

1) Іс қағаздары, оның түрлері

  1. 2. Түсіну.

І слайд.

Іс қағаздары дегеніміз — жеке адамның, ұжымның, фирмалардың, мекемелердің атқаратын қызметіне байланысты пайда болатын жазбаша (ауызша) қарым-қатынас құралы.

Іс қағаздарының түрлері:

Арыз

 

Түсінікхат

 

Бұйрыќ

 

Хаттама

 

Аныќтама

 

Өмірбаян

 

Өтініш

 

Қолхат

 

Мінездеме

 

Келісім шарт

 

Ұсыныс

 

Сенімхат

 

Куәлік

 

ІІ слайд.

Іс қағаздардың құрылымы:

 

Қатынас қағазының жіберілген мерзімі (күні, айы, жылы)

 

Қатынас қағаз жіберілген мекеменің (фирманың), мекеме басшысының аты-жөні

 

Қатынас қағазының мазмұны

 

Қатынас қағазды жіберуші жөнінде мәлімет және оның қолы.

ІІІ  слайд.

Мәтін өте жинақы құрылады

 

Іс қағаздары стилінің ерекшеліктері

 

1 Сөйлемдер, негізінен, номинативті, екі негізді болып келеді.

 

2 Сөйлемдегі сөздер базистік (негізгі) тәртіпке сай орналасады, инверсия өте сирек ұшырасады.

 

Мәтін баяндау ретінде келеді.

 

Экспрессивті сөздер қатыспайды.
  1. Қолдану.

Мінездеме жазу (компьютерді орындалады қатар отырған балалар бір-біріне) информатика пәні мұғалімі: Омаргазина Н.Б.

Кез-келген құжат белгілі бір стандарт өлшемдер арқылы жазылады. Мінездеме Ms Word TimesNewRoman қаріпімен 14 өлшемде жазылады.

Мінездеме

Мінездеме – белгілі бір ұжымнан адамды өмірбаяндық,

біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша

сипаттайтын құжат.

Құрылымы:

  • тақырыбы;
  • мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;
  • негізгі мәтін
  • қорытынды;
  • мінездемені талап етуші ұйымның аты;
  • мінездеме жазылған дата;

мінездеме берушінің қызметі, аты — жөні, қолы.

 

Семей қаласының  «№21жалпы орта білім          беретін мектептің»  9»Б»сынып оқушысы            Асқаров Арлан   Қалибекұлына.

Мінездеме

Асқаров Арлан Қалибекұлы 1990 жылы 15 ақпанда туған.1996  жылдан бастап №21 жалпы орта  білім беретін мектепте оқиды. Оқу барысында  өзін жақсы жағынан көрсете алды. Сабақты «4» пен »5»-ке оқиды. Математика пәнінен қалалық олимпиадаға, оқушылар арасында өтетін ғылыми конференцияларға  қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Өзінің терең білімін, ғылыми – зерттеу жұмысқа деген зор оқу қабілетін көрсете алды.

Асқаров А.Қ мектептің тәрбиелік іс- шараларына үнемі қатысады, сонымен қатар өз сыныбының старостасы. Жергілікті баспасөз басылымдарына шыққан мақалалары  бар.

Мінезі ашық, іскер, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өз жұмысына, сабаққа ынталы, адамдармен тез тіл табыса білетін Асқаров Арлан Қалибекұлы мұғалімдер мен сыныптастарының арасында сыйлы және олардың зор ықыласына бөленген.

 

17.12.06ж                    Мектеп директоры     қолы               Т.З.Зейнелов

                                                                                                        мөр

Сынып жетекшісі   қолы           С.Р. Қайырбаева.

Б)   Жеке оқушыға озық тапсырма беру. Тапсырманы бұрын  орындап болған оќушыларға  семантикалық карта беріледі.

«Семантикалық  карта»

Мысалдар Ауызекі сөйлеу стилі Көркем әдебиет стилі Ресми іс қағаздар стилі
1 — Бүгін сабақта кім жоқ?

— Сабақта Данияр жоқ.

— Жақсы.

+
2 Қазіргі жарық түннің тыныштығының ортасында Кеңөзек ұйқыға кеткен сұлудай болымсыз дымқыл тұманмен бусанып, тыныс алған сияқты… +
3 Мен, Сұлтанова Әлия Айханқызы, 1964 жылы 20 сәуірде Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ… +
4 Заттың  санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз
5 Қалған бағаналарды оқушылардың өздері толтырады.
6
7
  1. «Полиглот» ойынын ойнату:
Берілген сөздер Орыс  тілі Ағылшын  тілі
aрыз

куәлік

анықтама

түсінікхат

сенімхат

мінездеме

хаттама

заявление

удостоверение

справка

объяснительное письмо довереность

характеристика

протокол

statement

certificate

reference

explanation letter

power of attorney

characteristic

protocol

ІІІ. Сабақты қорытындылау.

Сендер, балалар, биыл тоғызыншы сыныптан кейін біразың оқуға барасыңдар. Өмірлеріңдегі маңыздың таңдаудың бірін жасайсыңдар. Өздеріңнің көңілдерің қалаған мамандыққа барасыңдар. Сол кезде оқу орындарына өтініш, түйіндеме сияқты іс қағаздарын толтырасыңдар.  Қен, кім қандай мамандық таңдап отыр екен, білейік.

Ресми іс қағаздарының тарихына тоқталып кету: Қазақ ресми іс қағаздарының тарихының дамуы  сонау ғасырлар қойнауына кетеді. Көне түркі жазба ескерткіштері тілінде ресми стильдің белгілері, іс қағаз тілінің элементтері кездеседі. Мәселен, көне жазба нұсқаларының тасқа қашалған мынадай сөз кездеседі: «Түркі бектері мен халық мұны естіңдер. Қандай сөздерім бар болса, соларды мәңгі тасқа қалдырдым. Оларды көріңдер,  ұғыңдар» Бұл сөздер, әринеғ түркі халқының кейінгі ұрпағына арналған. Мазмұны, құрылымы жағынан қазір біз өсиет (завещание) деп атап жүрген іс қағазына сай келеді. ХІV ғасырда жазылған хан жарлықтарын да қазіргі қазақ іс қағаздар тілімен тікелей тариха байланысы бар мұра ретінде қарастыруымыз керек. ХІV ғасырда жазылған хан жарлықтарынан бізге жеткені он шақты ғана…

  1. 5. Жинақтау

Сабақты қорытындылау мақсатында  оқушыларға сұрақтар беріліп, жауап аламын.

  1. Стильдің қанша түрі бар?
  2. Іс қағаздар стилі дегеніміз не?
  3. Ресми іс қағаздар стилінің мақсаты қандай?
  1. Іс қағаздарының қандай түрлері бар?
  2.  Іс қағаздар стилінің ерекшеліктерін ата.

Іс қағаздарының адам өміріндегі орны ерекше екендігін, өндірістегі істің, адам өміріндегі іс әрекеттердің дұрыс, дәл кезінде іске асуы құжаттар мазмұнының анық, дәл баяндалуына байланысты екендігін  айтамын. Іс қағаздары мазмұны дәл, анық жазылуы керектігін, құжаттарды жазуда мемлекет дайындаған арнаулы нұсқаулық басшылыққа алынатынын ескертеміз.

  1. 6. Бағалау.

ІЇ. Үйге тапсырма беру.

75-жаттығу;

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *