Басы » Физика » Бiрқалыпты және бiрқалыпты емес қозғалыстар.Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері

Бiрқалыпты және бiрқалыпты емес қозғалыстар.Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері

Досанова Гаухар

Сабақтың тақырыбы:§17,18 Бiрқалыпты және бiрқалыпты емес қозғалыстар.Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Бірқалыпты және бірқалыпсыз қозғалыс ұғымдарын
айналадағы мысалдар арқылы түсіндіре отырып, олардың
айырмашылықтары мен ұқсастықтарын білуге, жылдамдық
және оның бірліктерін үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта
отырып, қозғалыс туралы білімдерді жетілдіру.
Тәрбиелілік: Күнделікті тұрмыспен байланыстыру, еңбекпен ұштастыру.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың әдісі: Сто, топпен , жеке,түсіндіру, сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс.
Құрал-жабдықтар мен дидактикалық материалдар:
Презентация, тірек бетшелері, слайд, сөзжұмбақ, сағат, шарик т.б.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Қызығушылығын ояту.Ұшқыр ойдан ұтымды жауап
ІІІ. Мағынаны тану.Жаңа сабақты түсіндіру
ІV. Сабақты пысықтау
V. Ой толғаныс
VІ.Сергіту.
VІІ. Сабақты қорыту,Үйге тапсырма беру
І.Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Қызығушылығын ояту;Ұшқыр ойдан ұтымды жауап
Еске түсіру стратегиясы.
1. Механикалық қозғалыс деп нені айтамыз?
2. Орын ауыстыру деп нені атайды?
3. Футболшы ойын кезінде 12 км жүгірді. Осы қашықтық орын ауыстыру ұзындығы ма, әлде жүрілген жол ма?
4. Мектеп пен үйдің арасы 200м. Мектепке барып, үйге қайта келгенде барлығы қанша жол ? Орын ауыстыру ұзындығы?
ІІІ. Мағынаны тану;Жаңа сабақты түсіндіру
Мысалдар арқылы оқушылардың жаңа тақырыпты өздері тыңдап түсінуіне жағдай туғызу.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар-Алуан түрлі қозғалыстардың арасында дененің кез келген тең уақыт аралықтарында бірдей орын ауыстыратын қозғалысы да кездеседі.
Дене тең уақыт аралығында ұзындығы бірдей жол жүрсе,ондай қозғалыс бірқалыпты қозғалыс деп аталады.
Мысалы, поезд темір жолдың ұзын тегіс бөлігінде бірқалыпты қозғалады; Бұл кезде доңғалактар рельстердің түйіскен жеріне соғылғанда шығатын дыбыс та бірдей уақыт аралықтарында естіледі. Бірқалыпты қозғалыстың мысалдарына жаңбыр тамшысының, парашюті ашылғаннан кейінгі парашютшінің козғалысын жатқызуға болады.
Алайда бірқалыпты қозғалыс табиғатта өте сирек кездеседі..
Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалысты бірқалыпты емес қозғалыс деп атайды.
Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстарды бақылау үшін мынадай тәжірибе жасауға болады. кішкентай арбашаның үстіне тамызғыш орнатылған. Тамызғыштан 20 м/с жылдамдықпен бірқалыпты өзара тең уақыт аралығы өткен сайын су тамшылап тұрады. Арбаша қозғалғанда қағаз бетіне тамған тамшылардың ара қашықтыктары бірдей. Демек, арбаша бірдей уақыт аралығында ұзындықтары бірдей жол жүреді, яғни бірқалыпты козғалады. Тамызғыштың шүмегін кеңірек ашып, тамшы жиі таматындай етіп, тәжірибені қайталайық. Бұл жағдайда да тамшылар бірдей кашықтықтарға түседі. Демек, өзара тең аз уақыт аралығында да арбаша ұзындығы бірдей жол жүреді, яғни ол бірқалыпты қозғалады.
Енді тәжірибе арқылы арбашаның бірқалыпты емес қозғалысын бакылайык. Бұл жағдайда бірдей уақыт аралығында тамған тамшылардың іздерінен арбашаның козғалысы бірқалыпты болмайтыны байқалады. Тамшылар бірдей уакыт аралығында тамады, бірақ арбаша қозғалғанда ол тамшылар іздерінің ара кашықтықтары бірдей емес. Демек, Бұл жағдайда арбаша бірқалыпты емес козғалады. Осы козғалыстардың салыстырмалы көрінісі.
Эксперименттік тапсырма: науа ,шар ,тұрғы,сағат
Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері — Қозғалыстағы алуан түрлі денелердің бірдей уакыт ішіндегі орын ауыстырулары түрліше болуы мүмкін. Бұл жағдайда біз автомобиль жаяу адамға қарағанда, радиодабыл жасанды Жер серігіне қарағанда тезірек қозғалады дейміз. Әр түрлі козғалыстар арасындағы айырмашылықты сипаттау үшін қозғалыс жылдамдығы деп аталатын жаңа физикалық шама енгізіледі

S-қашықтық (км,м,дм,см,),V — жылдамдық (км/сағ, м/сағ, м/с), t — уақыт (сағ, мин,с,ғасыр, жыл, тәулік )

72км/сағ= 72000м =10 м/с
3600с
ІV. Сабақты бекіту
№1 Үйден шыққан оқушы мектепке дейін 0.3км жолды 1 минутта жүреді. Оқушының қозғалысын бір қалыпты деп ұйғарып, жылдамдығын анықтау керек.
№2Автомашина 200 метр жолды 36км/сағ жылдамдықпен жүріп өтті. Осы жолды жүруге кеткен уақытты анықтаңыз.
№3Велосипедші стадионды айнала 20м/с жылдамдықпен қозғалды. 1 сағат ішінде велосипедші қанша жол жүреді?
V. Ой толғаныс стратегиясы Топпен жұмыс
Физикалық шаманың аты Белгіленуі СИ жүйесінде өлшем бірлігі Формуласы
Жылдамдық
Жол
Уақыт
VІ. Тақырып бойынша түйінді сөздерді тап.
Жолдың формуласы, материя, дене, Коперник, жылдамдық, уақыттың формуласы, бірқалыпты қозғалыс, температура,зат,тығыздық формуласы, масса,векторлық шама,м/с,сағат,бірқалты емес қозғалыс.
Сергіту сәті Жұмбақ жасыру.
1.Арқаным бар тым ұзын,
Кесіп бірақ ала алмайсың бір үзім. (Жол)
2.Бір алаша төселген,
Екі ауылды жалғайды.
Өмірінде еш адам,
Оны жинай алмайды. (Жол)
VІІ. Қорытынды Рефлексия
Бүгін біздер таныстық жылдамдықпен
Материя байланысты қозғалыспен
Жолменен айыра біл,орын ауыстыруды
Бәрінен де бағалай біл уақытты !
Үйге тапсырма беру
§17.Бiрқалыпты және бiрқалыпты емес қозғалыстар.
§ 18. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.
5 жаттығу (1;4)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *