Басы » Cыныптан тыс » «Менің тұңғыш Президентім» мерекелік кеш

«Менің тұңғыш Президентім» мерекелік кеш

  jasulanШығыс Қазақстан облысы

Семей  қаласы

  «№ 42 жанында  интернаты  бар  жалпы  орта  білім  беретін  мектеп»  КММ

аға  тәлімгер   Башбаева  Бұлбұл  Беделханқызы      

Тақырыбы:  «Менің тұңғыш Президентім» мерекелік кеш

Елдос:Армысыздар, құрметті қонақтар,ата-аналар,ұстаздар және оқушылар.

Сабина: Бүгінгі «1-желтоқсан-Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай өткізгелі отырған және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының салтанатты жиынына қош келдіңіздер!

Елдос:Біздің Президентіміз –Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.
Сабина:Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін тантты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы ел үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Елдос:Қазақстан дейтін менің бар елім .
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!
Сабина: Ән « Туған ел » Әбдрахманов Рауан 7 «А» сынып оқушысы
Елдос: Ортаға «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерін  шақырайық.Президент өмірінен қысқаша әдеби монтаж.

 

Сабина:  2010 жылы 11 ақпан күні Нұр Отан Халықтық- демократиялық партиясының 13 -Съезінде Мемлекет басшысы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаев біріккен «Жас Ұлан» және  «Жас Қыран» ұйымы арқылы еліміздің жастарын біріктіру қажеттілігін атап өтті.

2011 жылдың 6-шы шілдесінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесіне орай, жастар ұйымының көшбасшылары тобының бастамасымен республикалық қоғамдық бірлестік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы құрылған болатын.

 

Елдос:Ұйымның мақсаты —  өскелен ұрпақты  Отансүйгіштікке және өз Отанының патриоты болуға,Қазақстан халқын сүюге және оның мәдениетін,дәстүрін,ұлттық құндылықтарын арттыру болып табылады

«Жас Ұланның» жоғары буын мүшелігіне 5-10 сынып оқушылары қабылданса, «Жас Қыран» кіші буын мүшелігіне 1-4 сынып оқушылары қабылданады.

 

Сабина:2011 жылы 1-қыркүйекте Астана қаласындағы №66 мектепте «Жас Ұлан» біріккен балалармен жасөспірімдер ұйымының алғашқы мүшелерін салтанатты түрде қабылдады.

Ұйымның жаңа мүшелерінің екінші толқынын  қабылдау Тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерекесі аясында 3-желтоқсан «Жастар күні» қаламыздағы Н.Ә.Назарбаев атындағы интеллектуалдық мектебінде облыс әкімі Бердібек Мәшпекұлы Сапарбаев пен қала әкімі Айбек Мұталапханұлы Кәрімовтың қатысуымен салтанатты түрде өткізілген болатын

 

Елдос: Жасөспірімдер мен балаларды «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылдауға  арналған  салтанатты жиынымыз ашық деп жарияланады.

Музыкант : КР Гимні қосылады.

 

Сабина: 2012 оқу жылында 1 желтоқсан Президент күніне орай мектебіміздің 25 оқушысы «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына қабылданса, 1  мамыр —  Халықаралық Ынтымақ күніне орай тағы да мектебіміздің ең үздік, белсенді 25 оқушысы жалпы алғанда мектеп бойынша 50 оқушысы қабылданған болатын.Осы оқу жылында 1 желтоқсан Президент күніне орай мектебіміздің тағы 20 үздік оқушысы  қабылданғалы отыр.

 

Елдос:Бүгін «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» ұйымына өткелі отырған мектебіміздің ең үздік деген 20 оқушысын салтанатты түрде қошеметпен ортаға шақырайық.!

Музыкант: Музыка қосады. 

Сабина:

«Біз»

Оқушылар:

«Жас Ұлан»

 

Елдос:

«Ұранымыз»

Оқушылар:

«Қазақстан, Нұрсұлтан, Жас Ұлан» (3 рет)

 

Сабина:

Оқушылармен таныстыру.

 

Елдос:«Жас Ұлан» ұйымына қабылданушыларға төсбелгілерді және галстуктерді табыстау рәсімі «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері, мектеп белсенділеріне беріледі.

 

Сабина: Ант қабылдау рәсімі 6 «А» сынып оқушысы Мейрамғалиев Дәулетке  беріледі.

 

Елдос: «Жас Ұлан» ұйымының әнұраны орындалсын!

Музыкант: Әнұран қосылады.

 

Сабина: Хасанова Аяулының орындауында ән «Аманат»

 

Елдос:Бүгінгі «1-желтоқсан-Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай өткізіліп отырған және «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсімі жабық деп жариялансын!

Музыкант: ҚР Гимні қосылады.

 

Сабина:: «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларды құттықтау сөз  директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жуанышев Қанат Ахметхановичкеберіледі.
Елдос:Уа, халқым, сөз қадірін білесің.
Жаңбыр жаумаса, жер жетім,
Басшысы болмаса, ел жетім.
Көсіле шабар жерім бар,
Тау көтерген елім бар.
Қол бастайтын ерім бар,
Атадан қалған сара жолым бар.
Сабина: Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінемізЕлдос: Серикова Шахризаданың орындауында  ән: «Қазақ елі»

 Сабина: Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *