Ел тірегі –тіл
Мақсаты: Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын, ұлттық қарым – қатынасын нығайтуға тәрбиелеу. Қазақтың сал –дәстүрін сыйлауға, өнер қайраткерлерін құрметтеуге, өнерін түсініп тыңдауға , қазақ халқына үлкен қошеметпен қарауға , халықтар достастығын, ұлтаралық қарым-қатынасты сақтауға тәрбиелеу. Қазақстанға деген патриоттық сезімін ояту, оны одан әрі дамытуға баулу.
Көрнекілігі: сахнаның көркемділігі, техникалық құралдар, тіл туралы нақыл сөздер, қабырға газеттері, ҚР –ның ұлттық рәміздері.
Барысы
Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұлағатты ұстазда, оқушылар! Бүгінгі «Ел тірегі -тіл» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! Сіздер білесіздер, кең байтақ еліміз Қазақстанда 130 дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине , бұл деген қазақ халқымызың ұлылығынан , қазақ атам айтқан «Кең болсаң, кем болмайсың» дегендей халқымыздың кеңдігінен , бірлігінен, кеңпейілдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.
Қазақ осы айтатұғын елге сыр:
О, ағайын, халық емес ол, кесір.
Қазақ осы аңғал –саңғал жабусыз,
Қазақ осы ағыл –тегіл көл-көсір.
Қазақ осы дала дейтін , күн дейтін.
Қазақ осы «Өнер алды -тіл» дейтін.
Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін –деп Қадыр Мырза Әли ағамыз айтқандай ұлы қазақ даласында басқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астына татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны сіздер мен біздерге мәлім.
Ендігі кезекті 6-сынып оқушысы Сүлейменова Дилназға «Туған жер» әнімен.
1-жүргізуші: Адамзат дүниеге келе сала ана тілінде сөйлеп, ана тілінде ән салады. Ана тілі- біздің ар –ождан , адамгершілігіміздің айнасы. Ана тілімен бақытты, ана тілімен аңсады.
Келесі кезекті 9-сыныптың оқушыларына береміз.
1-жүргізуші: Жарысқан жыл құсымен үнді тілім,
Жарасқан дала, малмен сырлы тілім.
Жиһанкез желмаялы Асан қайғы
Жер – жерге баға берген сынды тілім.
Ән: «Қазақ осы»
1-жүргізуші:Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,
Жырлатқан елдік, ерлік азаттығын.
Жұлдызды құдіреттің туы болған,
Жауынгер ана тілім – қазақ тілім
Ендігі кезекті 10-сынып оқушыларына береміз
1-жүргізуші:Бұл жанды тіл – менің азат тілім,
Жадымда талмай самғар қанат тілім.
Жыр-қуат, сөзі – ана уызындай,
Жасай бер, Ана тілім- туған тілім!
9-сынып қыздарының орындауында «Қазақ» биі
1-жүргізуші: -Әрине, адамның бірі бірдей емес, түсінігі төмен, білгімі таяз кейбір мәңгүрт жандар болатыны рас, ондайлар жайлы қырғыз ақыны Сарноғаев былай деген:
Ана тілін білмеген-
Ақылы жоқ желікбас.
Ана тілін сүймеген-
Халқын сүйіп жарытпас.
Келесі кезекті 11-сынып оқушыларына берейік.
1-жүргізуші:Ал, балалар, енді «Жалғасын тап» ойының ойнайық. Ойынның шарты бойынша мақал-мәтелдің, қанатты сөздердің жалғасын табу керек.
- Тіл – адам ойының…(айнасы)
- Аңдамай сойлеген…(ауырмай өледі)
- Ойнап сөйлесең де …(ойлап сөйле)
- Тисе терекке, тимесе …(бұтаққа)
- Айтылған сөз атылған… (оқпен тең)
- Бал тамған тілден …(у да тамар)
- Көп сөз-… (бос сөз)
- Көп сөз – күміс, аз сөз-…(алтын)
- Жасыңда қылжың болсаң, өскенде …(мылжың боласын)
- Таза сөйлеу – биік … (мәдениеттілік)