Алматы облысы,Ақсу ауданы,Көкөзек ауылы «Қуат Терібаев атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пән мұғалімі
Нұрсұлтанов Болат Нұрмұханұлы
Тақырыбы: Математиктер
Мақсаты:
“Қазақстан 51-ші Халықаралық Олимпиаданы қарсы алуда” атты аудандық Олимпиадаға оқушы дайындай отырып, математикалық ой-өрісін дамыту, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интелектуалды сайыс сабақ
Көрнекіліктер: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сайысқа қатысушы оқушылардың сайысқа деген ынтасын арттыру.
2.Сайыстың бөлімдерімен таныстырып өту.
І бөлім — «Бәйге»
ІІ бөлім — «Тіл – өнері»
ІІІ бөлім — «Дода»
ІV бөлім – «Жорға»
І бөлім бәйге
І — топ
- Геометрия сөзі грекшеден аударғанда қандай ұғымды білдіреді?
- Алгебра сөзі қандай сөзден шыққан?
- Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар?
- Үшбұрыштың төбесі мен қарсы жатқан қабырғасының ортасын қосатын кесінді.
- Шеңбердің ең үлкен хордасы
- Қай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?
- Тік бұрыш неше градусқа тең?
- Екі нүкте арқылы неше түзу жүргізуге болады?
- Қандай өрнекті әріпті өрнек деп атайды?
ІІ – топ
- 2 ғасырда неше жыл бар?
- Бір нүктеден шығып, екі сәуледен құралатын геометриялық фигура.
- Кез – келген екі нүкте арқылы нені жүргізуге болады?
- Қандай түзулердің ортақ нүктесі жоқ?
- Бұрышты өлшейтін құрал.
- Кез-келген барлық санға қалдықсыз бөлінетін сан?
- Координаталық жазықтықта неше ширек бар?
- Геометриялық жазықтықтағы денені зерттейтін бөлімі.
- Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы
ІІ – бөлім «Тіл — өнері»
І — топ
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш, линейка, a ruler )
Түйеқұс таразыда бір аяғымен тұрғанда 12 кг. Тартады. Ал егер екі аяғымен тұрса, қанша тартады? (он екі, двенадцать, tweive)
Өзі сөйлей білмейді, салған ізі сөйлейді (қалам, ручка, pen )
ІІ — топ
Ел құлағы нешеу? (елу, пятьдесят, Fivty )
Отыз тістен шыққан сөз – неше рулы елге тарайды?
(отыз, тридцать, soty )
Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама (кітап, книга, book )
ІІІ – бөлім. Дода (топ мүшелеріне берілетін сұрақ)
Қазақтың байырғы есептері 10
Үш ағайынды кісінің жастарының қосындысы 44-ке тең. Үш жылдан кейін олардың жастарының қосындысы нешеге тең? (53)
Қазақтың байырғы есептері 20
Дөңгелекті үш түзу арқылы ең көп дегенде неше бөлікке бөлуге болатынын табыңыз. (7)
Қазақтың байырғы есептері 30
Еркін әкесі 36-ға келгенде туған болатын. Қазір оның жасы әкесінің жасынан 5 есе кіші. Еркінннің әкесі қазір нешеде екенін анықтаңыз (45)
Қазақтың байырғы есептері 40
Рене Декарт математика саласына нені енгізген?
(функция ұғымымен координаталар жүйесін енгізген)
Ақбота есептері 10
Жұмадан кейін 19- тәуліктен соң аптаның қай күні сәйкес келетінін анықтаңыз. (сәрсебі)
Ақбота есептері 20
Піл баласынан 480 кг – ға артық, яғни пілдің салмағы баласының салмағынан 5 есе ауыр. Пілдің салмағы қандай? (600)
Ақбота есептері 30
Баспалдықтың екеуін бірден аттағанда, біреуден аттағаннан гөрі 10 адым кем болды. Сонда неше басқыш болғанын анықтаңыз. (20)
Ақбота есептері 40
Суретте көрсетілген фигура бірдей кубиктерден құралған. Осы фигураны кубқа толтыру үшін ең аз дегенде неше кубик қажет ? (109)
Кеңгуру есептері 10
Мына бөлшектердің қайсысы үлкен? ()
Кеңгуру есептері 20
Таразыны қандай жүк теңестіреді? (20)
Кеңгуру есептері 30
Екі таңбалы натурал санмен оған кері тәртіппен жазылған екітаңбалы санның квадраттарының айырмасы 495-кетең. Осы сандардың қосындысын табыңыз. (55)
Кеңгуру есептері 40
Екі санның қосындысы 21, ал олардың көбейтіндісі 90. осы сандарды табыңыз. (6 мен15)
Викториналық сұрақтар 10
Суретте қанша үшбұрыш бар екенін анықтаңыз (44)
Викториналық сұрақтар 20
Ай Жер мен күннің арасынан өткенде қандай құбылыс байқалады? (Тұтылу)
Викториналық сұрақ 30
Квадрат түбір дегеніміз не?
Викториналық сұрақтар 40
Пифагор қандай заңдылықтың иесі?
ІV – бөлім. Жорға
І – топ
Шеңбер бойындағы кез – келген нүктені центрмен қосатын кесінді.
(радиус)
Ортақ бөлгіші 1-ге тең сан. ( өзара жай сан)
Алымы бөлімінен үлкен бөлшек (бұрыс бөлшек)
Нәрселерді санағанда қолданылатын сан. (натурал сан)
369 саны 3-ке бөліне ме? (Иә)
Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы неге тең? (1)
Дәлелденбейтін тұжырым не деп аталады? (аксиома)
Бағытталған кесінді. (вектор)
Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады?
(Шеңбер)
ОХ осі қалай аталады? (абсцисса)
ІІ – топ
Шеңбер бойындағы екі нүктені қосатын және центр арқылы өтетін кесінді.
(Диаметр)
Көбейтіндісі 1-ге тең бөлшектер қандай сандар деп аталады? (Өзара кері)
640 саны 5-ке бөліне ме? (иә)
Алымы бөлімінен кіші бөлшек. (Дұрыс бөлшек)
Натурал сандар нешеден басталады? (1-ден)
Дәлелденетін тұжырым не деп аталады? (теорема)
Жазыңқы бұрыш шамасы нешеге тең? (180 градус)
Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы нешеге тең не пи-дің мәні нешеге тең? (3,14)
Биссектрисалары өзара перпендикуляр болатын төртбұрыш. (Шаршы, ромб)
ОУ осі қалай аталады? (ордината)
Қорытынды.
Әділқазы алқалары саралап қай топ жеңімпаз атанған атап өтеді.