Басы » Технология » Жең түрлері.

Жең түрлері.

jenҚаскелең қосалқы мектеп-интернаты

Мұғалім:Кулбаева Лаззат Тулегеновна

Пән:Технология

Сабақтың тақырыбы:Жең түрлері.

Сабақтың мақсаты:Жең түрлері туралы түсінік беру.

    Білімділік:Жең түрлерінің жасалу жолдарын түсіндіру,киім кию дағдысын толықтыру,дұрыс киінуге үйрету.

    Дамытушылық:Оқушыларды киім тігуге,эстетикалық талғамдарын,шеберлікке

баулу,ынта-қабілетін дамыту.

     Коррекциялық:Сұрақтар бойынша толық, дұрыс жауап беруін талап ету,саусақ

қимыл қозғалысын түзету.

    Тәрбиелік:Оқушыларды еңбек сүйгіштікке,ұқыптылыққа,кішіпейілдікке,бір-

біріне көмек көрсетуге,үнемшілдікке,тиянақтылыққа тәрбиелеу.

    Сабақ түрі:Аралас сабақ.

    Әдістер:Түсіндіру,сұрақ-жауап,меңгеру.

    Көрнекіліктер:Жең түрлері(сурет,дайын бұйым.)Нұсқау картасы.

    Құралдар:Ине-жіп,қайшы,қалам,сызғыш,өшіргіш,сантиметрлік таспа.

   Пәнаралық байланыс:Сурет,математика,тарих.

  Сабақ барысы:

  I.Ұйымдастыру кезеңі:

  -Оқушылармен амандасу,түгелдеу

-құралдарды тексеру

-бүгінгі күн,мезгіл

II.Өткен тақырыпты қайталау:

Тұтас пішілген көйлектің төменгі бөлігін өңдеу.

-Көйлектер қандай матадан тігіледі?

-Көйлектің неше бөлігі бар?

-Көйлектің етегіне қандай тігіс түрін жүргіздік?

-Жылулы ылғалды өңдеу дегеніміз не?

-Үтіктің түрлері қандай?

-Үтіктеудегі еңбек қауіпсіздік ережесі.

III.Сергіту сәті:Қимыл арқылы жаттығу жасау.

Орнымыздан тұрайық,

Қолымызды созайық,

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп

Белімізді жазайық,

Жоғары-төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

IV.Жаңа тақырып:

Жең түрлері.

Жең киімнің негізгі бөлігі.Дұрыс қиылып тігілген жең сыртқы түрі мен қолданылуы қолайлы болуы керек.Жеңнің ұзын және қысқа түрі бар.Ұзын жеңнің төменгі бөлігі жабық манжетті немесе түймелі болады.Қысқа жең түрлері төменгі жағы кең желпілдеп тұратын қысқа жең ,төменгі жағы  тар болып келетін қысқа жең.Жеңнің әртүрлі өңдеуге болады.Олар:

-Қайырып тігу

-Резеңкелі немесе баулы

-Түймелі манжет

-Түймесіз манжет

Жеңнің төменгі бөлігін киімнің фасонына,бұйымның қолданылуына,мата құрылысына қарай өңдейді.Мысалы:тұтас пішілген көйлекке кең ,төменгі бөлігі қайырып тігілген ұзын немесе қысқа жең салынады.Жейдеге жабық немесе түймелі төменгі бөлігі қайырып тігілген немесе торлап тігілген ұзын,қысқа жең салынады.Жаздық жұқа матадан тігілген киімдерге желпілдеп тұратын,төменгі жағы тар болып келген қысқа жең салынады.

Сөздік:

Манжет-жеңнің төменгі бөлігіне салынады

Түймелі манжет

Түймесіз манжет

V.Пысықтау.Тест сұрақтары

1)Жең киімнің қандай бөлігі?

а)тұтас

ә)негізгі

б)қосымша

2)Жеңнің қандай түрлері бар?

а)ұзын

ә)қысқа

б)ұзын және қысқа

3)Жең қандай киімдерге салынады?

а)жейде

ә)көйлек

б)иықты бұйымдарға салынады

VI.Қорытынды.

Бүгінгі сабақтан не түсіндіңдер?Жеңнің түрлерін атап көрелік.

VII.Бағалау.

VIII.Үйге тапсырма:

Жең түрлерінің суретін салу.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *