Басы » Cыныптан тыс » Бастауышым – балбұлағым!

Бастауышым – балбұлағым!

bastaСанегуль Кулмрадова

Бастауышым – балбұлағым!

            

Мақсаты: 1. Оқушылардың төрт жыл бойы алған білімін, үйренген өнерлерін, жетістігін көрсету.

  1. Мәнерлеп оқуға, шешендік сөздер айтуға жаттықтыру. Адамгершілікке, ата-ананы сыйлауға, мұғалім – тәрбиешілердің еңбектерін бағалай білуге үйрету.
  2. Оқушылардың мұғалімдерге деген құрметін арттыру.

Көрнекілігі: шарлар, стенд, гүлдер.

Мұғалім:  Шырылдаған тыным таппай,

Қоңыраудың үні қандай?!

Мақсатына жете ме адам

Оқу оқып, білім алмай

Ғаламның көп тас қамалы,

Ғылымдық та асқаралы

Біз ұстаған кіп-кішкентай

«Әліппеден басталады» — деп жырлай отырып, «Тарыдай болып

кіріп» ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды айыра білуге үйренген шәкірттеріміздің бастауыш сыныпты аяқтау мерекесіне қош келдіңіздер!

 

  • Қонақтар, бастауыштан білім алып, орта буынға өткелі отырған шәкірттерімізге сөз кезегін берейік.

Қарлығаш: Көз салып қараңызшы бойымызға-,

Ортақ боп бүгінгі ойымызға.

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Бастауышпен қоштасу тойымызға.

Толқын:     Қош бол, құтты бастауыш!

Алғыстарым көп менің

Ақыл – білім, тәрбиең,

Ой-санама еккенің.

Жарқынай:Жиналыппыз сәтті күн бәрімізде,

Үлкен-кіші жасымыз, кәрімізде

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,

Гүл-гүл жайнап, бүгінгі сәніңізбен.

Шаттанамын мен бүгін, шаттанамын

Ғылым сырын түсіндім, мақтанамын

Осы сырды үйреткен бастауышым,

Түстей болып, міне артта қалдың.

Мұғалім:    Өсті міне бойларың

Өсті міне ойларың

Қуанышқа ортақпыз

Құтты болсын тойларың!

Шыңғыс:    Шашу, шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке, бұл тойда

Би билеп ән салайық.

Хор. Ән: «Болайықшы осындай».

Би:              «Твист»

Мұғалім:    Төрт жыл бойы оқыған.

Ойға білім тоқыған

Құрметті біздің балалар,

Орындалды ойыңыз

Құтты болсын тойыңыз! – деп балалар бастауыштан не үйрендік?

Толқын:     Оқуды, жазуды, есеп шығаруды, ән айтып, би билеуді.

Дильназ:    Үлкенді сыйлауды, кішіге қамқор болуды, жерімізге, елімізге

жақсылық жасауды.

Қарлығаш: Халқымыздың салт – дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрендік.

Мұғалім:    Біз нені сүйеміз?

Жарқынай: ата-ананы, халқымызды, Отанымызды, табиғатты, ел байлығын,

ұстаздарымызды, алтын – ұя мектебімізді.

Мұғалім:    Бізді болашаққа не бастайды?

Асхат:        Ұстаздардың көрсеткен жолы, ата-ананың ақылы.

Мұғалім:    Біз кім боламыз?

Бейбарыс:  Адал азамат, ақылды ару, елін сүйер ер, нағыз адам боламыз.

Мұғалім:   Жоламасын жамандық

Болсын әркез амандық

Ашық болсын көгіңіз,

Әнге толсын төріміз.

Ән:    «Алға қазақ жігіттері»

Би: «Орыс биі»

Міне шәкірттеріміздің бойлары да, ойлары да өскен. Бастауышпен қоштасар сәтте ұстаздарға деген өлең шумақтарын тыңдайық.

Бибінұр:    Арманым боп аңсаған

Мәңгілік қалдың мекен боп

Өзіңе арнап ән салам

Ардақтап сізді өтем деп

Жарқынай: Үйретіп алғаш әліппені

Мұғалім ғылымға жол салып берді

Адамның ой-арманы, мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді

Бейбарыс:  Мектеп-мектеп,төңіректеп,

Жүруші едім мен кеше

Сұраушы едім, жылаушы едім

Әпкем кітап бермесе.

Шыңғыс:    Әліппемен аштым өмір есігін

Тербетемін білім бөбек бесігін

Өмір деген ор өзенге шомылып,

Жаттап өстім ұстазымның есімін.

Толқын:     Балғын шақта келіп едім

Бал қызыққа еніп едім,

Тағдырымның билігін де,

Сеніп сізге беріп едім.

Айнұр:       Мектеп – мектеп, мектебім,

Алтын ұя мектебім!

Көңілімде көп менің,

Мектеп айтар алғысым. (бірге хормен)

Ән:             «Интернатым — мектебім»

Дильназ:    Өз аузына қаратқан

Ұстаз ойын ұғамыз

Сөйтіп әрбір сабақтан

Сәл есейіп қаламыз.

Асхат:        Есімде әлі ұстазым

Шашымнан сипап өпкенің

Аянбай бізге қысы – жазы,

Молынан мейір төккенің

Қарлығаш:          Ақылшым асыл ұстазым

Жолымды айқын нұсқадың.

Қасыма келіп қанша сен,

Қамқор боп қалам ұштадың.

Алмаз:       Жүзің жылы, құшағың кең,

Сенен түлеп ұшамын мен.

Өзің берген біліміңмен,

Биіктерге шығамын мен.

Ерлік:        Мейлі жас, мейлі кәрі бол,

Дана деп сені, пана деп сені ұғамын.

Көктемсің, нұрмен нәрі мол,

Даламсың және кенішімсің, сен мұғалім!

Вика:                   Анадай бесік тербеткен.

Түн қатып, сансыз дәптерге.

Суарып білім шәрбатпен

Дүниеден бізге анадай

Жақсылық қана тілейсің.

Бибінұр:    Жүрегімде ұстаз берген сабағы,

Өн бойыма тамырымнан тарады

Ұмытпаймын салған жолын, ақылын

Барлығы:    Мәңгі,мәңгі, мәңгі есімде қалады.

Ән:             «Ұстазым»

Мұғалім:    Мейір толы көзіңде

Кім бар сенен шыдамды

Шалыс басқан кезімде

Кешірерсің кінамды.

Ән:            Ұстазым (хормен)

Толқын:     Мұғалім данасың

Жаттап өстік сабағын.

Қанша есейіп кетсек те

Есімізде ұмытылмай қаласың.

Жарқынай:Ұстазды «Ұлы адам» деп ұғынамын, білемін.

Дәл солардай болсам деумен соғушы еді жүрегім

Байқалса бір жақсылық тал бойымнан жылт еткен

Дарыған ол ұстазымнан, еске аламын құрметпен.

Қарлығаш: Ұстазды сүйіп, қалап таңдаса

Өнегесін жас ұрпаққа арнаса

Нағыз ұстаз, міне осы дер едім

Қиыны мен қызығына қанбаса.

Дильназ:    Жалықпай үйреттің де балаларды,

Өмірге тарту еттің даналарды

Ізгілікке жол ашып көрсетумен

Қара шашың қыраулап ағарады

Мұғалім:    Мың бұрала билеген

Аруды кім сүймеген

Аққудайын қалықтап

Араб  биін билеген.

Би:              «Араб»биі

Мұғалім:    Ал, енді оқушылардың мектеп ұстаздарына, басшыларына, тәрбиешілеріне, пән мұғалімдеріне деген жылы лебіздерін тыңдайық.

Жарқынай:          Мектепті ойлап өткен айы, жыл-күні

Сондықтан да біздің мектеп өнерлі

Сайлаукүл апай – дана басшымыз

Тәртіппенен мәдениеттің символы!

Бибінұр:    Өз есімі жүректерде сақталған

Гүлнара апай талай жерде мақталған

Тілін тауып, көңілін тауып бәрінің

Бастауыштың балаларын мақтаған!

Қарлығаш:          Орыс тілін құрметпен

Көңілдерге гүл еккен

Өсіреді сананы

Саяра апайға мың алғыс!

Толқын:     Жақсы көрем апайды,

Күліп сабақ үйреткен

Жақсы көрем апайды

Ән салдырып билеткен

Жазира апайға мың алғыс!

Дильназ:    Бойымызды бұла күш

Еркін өскен ұланбыз

Оқу-білім үйреткен

Нұрболат ағай мен Қания апайға мың алғыс!

Шыңғыс:    Ән үйретіп, би билеткен

Сабақты мұқият үйреткен

Нұрбол ағайға мен Жанар апайға мың алғыс!

Жарқынай:          Бізді сәби кезімізден жетектеген

Сөзімізді ісімізбен есептеген.

Мінезі сымбатына үйлесімді

Ақжарқын апай сіз бізге ерекешесіз.

Дильназ:    Тынымсыз, кейде қаталсыз,

Бәріне сондай адалсыз

Мәртебесі үшін сыныптың

Қаталдығыңыз залалсыз.

Айткүл апай сіз әркез

Жақсы болғанымызды қалайсыз.

Шыңғыс:    Өзі жуас бойы менен аласа тым

Еркелетіп інісіндей алатұғын

Мейірімді де, қайырымды Сәуле апай

Сіз біз үшін әрқашан дара тұлға.

Толқын:     Әліппені қолға алып

Білімді алғаш бастаған

Сәнігүл апай – ұстазым

Ыстықсыз Сіз басқадан

Айнұр:       Гүлнәр апай бізге шаттық әкелді

Жетекші болып әр істе

Ұсынғаны адалдық

Үйреткені адамдық.

Асхат:        Өз анамыз – анамыз,

Тәрбиеші де анамыз.

Біз сіздердің алдында

Әрқашанда баламыз.

Ән:    «Әже»

Мұғалім:    — Мамыр айында қандай мейрамдар болады?

  • 1 мамыр –Ынтымақ күні
  • 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні
  • 9 мамыр – Жеңіс күні.

Шыңғыс:    Ойлап-ойлап тұрдым көп

Сұрау бердім білгім кеп

Қуанышты мереке –

Жеңіс күні кай күн деп.

Атамнан да сұрадым

Әкемнен де сұрадым

Анамнан да сұрадым

Ағамнан да сұрадым

Тосты бәрі құлағын

Дұрыс деді – сұрағың!

Бейбіт күннің бәрі де –

Жеңіс күні шырағым.

Мұғалім:    Оқыған пәндерімізге сипаттама берейік.

Бибінұр:    Математика сабағы

Әуелі 100-ге дейін санадық

Сонан соң ережелерді жаттадық

Сандарды қостық азайттық

Көбейттік те бөлдік

Төрт амалды игердік.

Қарлығаш:          Ана тілін оқимыз

Ерекше зор құрметпен.

Жарқынай:Қазақ тілім саялаған нұр бағым

Жан сырларым, тілегім, бар арманым

Жарқынай:          Гүл өсірсең терлеп,

Мұның бәрі еңбек.

Кесте тіксең зерлеп,

Мұның бәрі еңбек.

Қырға шықсаң өрлеп,

Мұның аты – еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек.

Мұғалім: — Бастауышта пәндерді жақсы игергендеріңді дәлелдедіңдер. Енді балалар 5- сынып жетекшісі Клара апайды ортаға шақырайық.

Би:    «Рокн-ролл»

Ән:  «Ертегілер»

 

Мұғалім:    Міне балалар сыннан да сүрінбей өттіңдер. Білім жолындағы сапарларың сәтті болсын! Ақ жол тілеймін! Қадамдарыңа гүл бітсін!

Бойларыңда от бар екен байқадым

Жүректерде шоқ бар екен байқадым

Әрқашанда осы шоқты сөндірмей

Жалындатып шарықтаңдар айтарым

Осымен бүгінгі бастауышпен қоштасып отырған балбұлақтарымыздың орта буынға өтуіне сәттілік тілей отырып, құттықтау сөз кезегін мектебіміздің директоры Сайлаукүл Секерқызына сөз береміз.

 

Мұғалім: Осымен  «Бастауышпен қоштасу» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *