Қазалы ауданы
Ақтан батыр ауылы
№190 орта мектеп жанынан ашылған «Мерей»шағын орталығының тәрбиешісі
Салтанат Мадияр
Тақырыбы: «Сәбилерге арналған тоқаштар»
Білім беру саласы: Шығармашылық
Ашық оқу іс – әрекеті: Мүсіндеу
Тақырыбы: «Сәбилерге арналған тоқаштар»
Мақсаты: Балалардың шығармашылық ойын дамыту,саусақ буындарын тұзды қамырмен жұмыс жасау арқылы жаттықтыру. Адамгершілікке,ұқыптылыққа , нанды қастерлеуге,еңбекқорлыққа тәрбиелеу, есте сақтау қабілетін дамыту.
Іс –әрекет
кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс -әрекеті | Балалардың іс — әрекеті |
Мотивациялық –
оятушылық |
Шаттық шеңбері.
Сәлеметсіздер ме, балалар! Біз бір – бірімізге жылы тілек тілейік. Аспанымыз ашық болсын, Күніміз жарық болсын. Деніміз сау болсын! Еліміз тыныш болсын! |
Балалар тілекті қайталайды |
Ұйымдастырушылық – ізденушілік. |
БүгінгіОқу іс –әрекетіміз: Мүсіндеу деп аталады.
Тақырыбымыз: «Сәбилерге арналған тоқаштар». Балалар менің қолымда не тұр? Бұның аты қалай аталады? Балалар нан қамырдан жасалады. Қамырдан тағы не жасауға болады ? Жарайсыңдар,балалар! Нан ең үлкен ас саналады. Нан туралы көптеген мақал – мәтелдер бар. Соның бірін біз жаттап алайық: Ас атасы –нан. Нан туралы қазақтың тыйым сөздері бар.(Сурет көрсету арқылы түсіндіру.) Тыйым салған сөздер: *Балалар нанды басуға болмайды. *Лақтыруға болмайды. *Бір қолмен нанды үзуге болмайды *Нанды тәтті, ащы деп айыруға болмайды Бұл сөздерді балалар әркез есте сақтауымыз керек. Сыйқырлы сәт: Балалар тыңдаршы біздің есікті біреу қағып тұрған сияқты. Бұл кім болды екен? Бауырсақ топқа кіреді. – Сәлеметсіздер ме,балалар! Мен бауырсақпын. Балалар сендер мені жеп көрдіңдер ме? Бауырсақтың дәмі қандай,пішіні қандай,түсі қандай болады? Бауырсақты кім пісіреді балалар? Тәрбиеші балаларға ұнды көрсетіп түсіндіреді. Ұнның түсі қандай болады балалар екен? Жарайсыңдар , балалар! Қамырдан тәтті – тәтті тоқаштар жасалады.
|
Бауырсақ Бауырсақ
Нан,бауырсақ,тәтті тоқаштар т.б
Мақалды қайталайды
Балалар тыңдап отырады
Бауырсақпен амандасады. Ия Тәтті, дөңгелек,сары
Аспазшы, аналарымыз пісіреді. |
Сергіту сәті | Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар. Теріп алып қастерлеп, Торғайларға тастаңдар. Балалар сергіп қалдыңдар ма? Жарайсыңдар балалар! Ал енді балалар біз тоқаштарды мына алдымыздағы қамырларды алақанға салып,уқалау әдісі арқылы жасаймыз. Қәне, балалар біздің жасаған тоқаштарымыз өзімізге ұнады ма? Енді бұл тоқашты пісіру үшін аспазшы апайға апарып берейік. |
Балалар сергіп қалады
Ия
Тәрбиешінің қимылын балалар қайталайды
Ия |
Рефлексивті түзету | Дидақтикалық ойын: Кім тоқашты көп жинайды? Мақсаты: ойын арқылы балаларды бір –бірімен тез тіл табысуға үйрету, әдепті болуға баулу.
Шарты: дастарханда тұрған тоқаштарды балалар кедергілерден өту арқылы өз тәрелкегеріне жинау. |
Ойын ойнайды |
Қорытындылау | Аспазшы: балалар мінекей сендердің дәмді тоқаштарың дайын болды.
Балалар аспазшы апайға не деу керек? Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді? Бүгінгі қамырдан жасалған тоқаштарың өздеріңе ұнады ма? Бауырсақ қандай болады екен? Түсі,пішіні қандай? Балалар үйге барғанда ата –аналарымызбен бірге тоқаштарды ермексаздан жасап көрейік! |
Рахмет!
Бауырсақ
Ия
Сары, дөңгелек, тәтті.
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар нан жайлы тақпақты, мақалды, тыйым сөздерді біледі
Үйренді: Тұзды қамырдан тоқашты мүсіндеуді үйренді.
Үйренеді: Нан жайлы мәлімет ала отырып, балалар нанды қастерлеуді, әдепті болуды үйренеді.